Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Медициналық әдеп. Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары



бет15/20
Дата11.11.2022
өлшемі90,84 Kb.
#157751
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
сАБАҚ ЖОСПАРЫ ПСИХОЛОГИЯ

6. Сабақ бойынша рефлексия
Білім алушы қойылған сұраққа жауап береді және өзі келесі білім алушыға сұрақ қояды.
Тапсырмалар орындалған соң білім тапсырмасын береді.
Пәндік терминологияны жаттап алу.
7. Үй тапсырмасы:Сабаққа түсінік айту.Сабаққа қатысты 5 сұрақ дайындау.
Оқытушы: Юсупова Наима
ПБ төрайымы : Балғабай А.С.

«Жанжал» (лат. confliktus) сөзі тараптардың, пікірлердің, күштердің қақтығысын білдіреді. Қақтығыстарға өміріміздегі әртүрлі қиындықтар себеп болуы мүмкін. Мысалы материалдық ресурстарға; құндылықтар мен маңызды өмірлік ұстанымдарға; билік өкілеттіліктерге (басымдық мәселелері); әлеуметтік құрылымдағы мәртебелі-рөлдік ерекшеліктерге (соның ішінде эмоционалды-психологиялық айырмашылықтарға) және т. б. қатысты жанжалдар. Жанжалдар адам өмірінің барлық саласын, әлеуметтік қарым-қатынастың, әрекеттестіктің барлық жиынтығын қамтиды. Жанжал негізінен әлеуметтік әрекеттестіктің бір түрі, оның субъектілері мен мүшелері жеке тұлғалар, үлкен және шағын әлеуметтік топтар мен ұйымдар болып табылады. Алайда, жанжалды әрекеттестік тараптардың тайталасын, яғни бір-біріне қарсы әрекеттерді білдіреді. Жанжалдың негізін субъективтік-объективтік қарама-қайшылықтар құрайды, бірақ бұл екі құбылысты теңдестірудің қажеті жоқ. Жанжалдың негізін үйлеспейтін қызығушылықтар, сұраныстар мен құндылықтар себеп болатын қарама-қайшылықтар құрайтындығын естен шығармаған жөн, олар, әдеттегідей, тараптардың ашық тартысына, шынайы тайталасқа айналады. Тайталас барынша қарқынды немесе аса қарқынды емес болуы мүмкін. Қақтығыстар формасы – күштеу немесе күштеусіз – көптеген факторларға байланысты, соның ішінде жанжалды күштеусіз шешудің шынайы жағдайы мен мүмкіндіктерінің болуына, және тайталасушы субъектілердің қандай мақсатты көздейтініне байланысты.
Жанжал – бұл ашық тайталас, екі немесе одан көп субъектілердің және әлеуметтік әрекеттестік мүшелерінің қақтығысы, оған үйлеспейтін сұраныстар, қызығушылықтар мен құндылықтар себепкер болады. Сондай-ақ психологияда жанжал «қарама-қарсы бағытталған, бір-бірімен үйлеспейтін беталыстардың, санадағы жеке эпизодтың, жеке тұлғалалардың немесе жағымсыз эмоционалды алаңдаушылықтары ортақ адамдар тобының тұлғааралық әрекеттестігіндегі немесе тұлғааралық қарым-қатынасындағы қақтығыс» деп түсініледі. Адамдар жанжал туралы ойлағанда олар оны көбіне агрессиямен, қауіппен, даумен, жауласумен, соғыспен және т. с. с. байланыстырады. Сонымен қатар ол достар мен одақтастар табуға көмектеседі және жаулар мен қаскөйлерді анықтауға да көмектеседі. Институтта Жанжалтану орталығы жұмыс істей
Жанжал сөзсіз проблема болып табылады және барлық қатынастарда, сондай-ақ өз ішімізде туындайды. Жалпы, жанжал - бұл өзгерістің немесе ілгерілеушіліктің белгісі, бұл сізге де, басқаларға да бір-бірін түсінуге және оңай сөйлесуге мүмкіндік береді, ол сізге де, басқаға да бола алады. Қақтығыстарды шешу оңай болмаса да, проблемалармен алмасуды, талқылауды және шешімдерді табуды жеңілдетуіңіз маңызды, өйткені қақтығыстар күнделікті өмірдің бір бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет