Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Медициналық әдеп. Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары



бет13/20
Дата11.11.2022
өлшемі90,84 Kb.
#157751
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
сАБАҚ ЖОСПАРЫ ПСИХОЛОГИЯ

6. Сабақ бойынша рефлексия
Білім алушы қойылған сұраққа жауап береді және өзі келесі білім алушыға сұрақ қояды.
Тапсырмалар орындалған соң білім тапсырмасын береді.
Пәндік терминологияны жаттап алу.
7. Үй тапсырмасы:Сабаққа түсінік айту.Сабаққа қатысты 5 сұрақ дайындау.
Оқытушы: Юсупова Наима
ПБ төрайымы : Балғабай А.С.

Балалар дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделіпроблемалардың бірі. Өйткені мектепте оқитын шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеп, мән-мағынасына толық түсініп алуы қажет.Жеткіншек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардыңжанқасиеттерінекүрделіәсерінтигізетініндәлелдеген.


Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметке кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып оларға дәл және тиімді көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан әр психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы келгенінше толық қамтуға тырысуы керек.
Өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызы сыналатын кезең. Бұл кезеңді бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жас кезеңнің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, ЛГС.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де, көбінесе күтпеген жерден даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы да мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы — оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Олар:
1) ересектіктіңдамуынтежейтінжайлар:балалардыңкөбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
2) ересектендіретін жайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, компьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11 —13 жаста, ер балаларда 13 —15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің: акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі — жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқақисайыпкетугебейімтұрады.Денетүзілісініңнеғұрлым көбірек бұзылуы 11 —15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20—21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады). Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайыпкетуімүмкін,ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұныңкейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыданкеліпәр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілерқалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс- істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, қолапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—7 жастан 13—14-ке дейінгі шақ -көптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуыменсипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертиреоздың дамуы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмысқа өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы— қалыпты құбылыс.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет