Сабақ жоспары Сыныбы 10-сынып



Дата25.08.2017
өлшемі33,29 Kb.
#27837
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сыныбы

10-сынып

Пән аты

Қазақ әдебиеті

Өтілу мерзімі




Тақырыбы

Шортанбай – айтыскер ақын

Мақсаты

Білімділік: Ақынның айтыскерлігі жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік пікірлерін еркін айтуға үйрету

Тәрбиелік: Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, сыныптық жұмыс, «Сандар сөйлейді» Зерттеушілік әңгіме.

«Ойлан, тап» Семантикалық карта. Еркін жазу.

7 модульдің қолданылуы

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”,СТО АКТ, «Талантты және дарынды балаларды оқыту», ОүБжәне ОБ

Негізгі дереккөздер, ресурстар, жұмыс құралдары

Интербелсенді тақта, оқулық, кесте

Оқу нәтижелері

Ақынның айтыскерлігі жөнінде мағлұматты меңгере отырып, тақырыбы мен идеясын түсінеді, өзіндік пікірлерін еркін айтуға бағытталады. Сыни көзқарасы дамиды.

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды ахуал қалыптастыру. «Мұрын, құлақ» ойсергек

Топқа бөлу: Түсті қаламсаптар арқылы 3 топқа бөлу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Білім


«Сандар сөйлейді»

Шортанбай Қанайұлының өмірі шығармашылығына байланысты даталар жазылған кестені толтырады, интерактивті тақтадағы кестедемен салыстыра отырып, дұрыс, терісін тексереді. Бағалау бағамдары бойынша өздерін бағалайды.

Түсіну


«Шортанбай мен Шөже» айтысы, «Шортанбай мен Орынбай» айтысы туралы оқулықтан оқып, топта талқылайды.(Слайд, мұғалім түсіндірмесі)

Қолдану

Зерттеушілік әңгіме. Шортанбай өлеңдеріндегі афоризмдерді теріп жазу.

Ойлан тап. «Зар заман ақындары» сөзжұмбақ шешу.


Талдау

Кестені толтыру. «Шортанбай поэзиясынан алар тағылым»

Өлеңнен үзінді

Нені ғибрат етеді?

Бүгінгі күнде бұл мәселе маңызды ма?












Жинақтау

Сұрақ-жауап.

  1. Құспек төренің шақыруымен келген айтыс ақыны кім?

  2. Шортанбайдың адамгершілігін мойындаған ірі айтыс ақыны кім?

  3. Шортанбайдың Шөжемен айтысы барысында көтерген мәселесі қандай?

Еркін жазу. Шортанбай туралы білімдерін топтастырады, қорғайды.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау. Смайликтер.


Рефлексия

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

Үйге тапсырма беру

Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығы туралы оқу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет