Интербелсенді әдістер дегеніміз -жеке тұлғаның өз мүмкіндіктерін ашуға, қызығушылығын оятуға, бір- бірімен еркін пікірлесе алатын орта қалыптастыруға. Ортада басқаларға қарап өз бетінше білім алуға құлшынысын арттырады деп өз бетімізше анықтама береміз.
Интербелсенді әдістерді сабақта қолдана отырып...
Ынтымақтасқан орта құрылады;
Оқушылардың пікірі назарға алынады;
Сөйлеу тілі дамиды;
Қиялдау мен шығармашылығы артады;
Өз пікірін білдіру еркіндігі жоғары болады;
Өзара сыйластық дағдылары дамиды. Т.б
Ал, осы аталған нәтижеге жету үшін өтілетін сабаққа тақырыбын ашатын интербелсенді әдістердің түрлерін ұтымды таңдау қажеттігін ескердік. Іздене келе, интербелсенді әдістердің көптігіне көз жеткіздік. Алайда оларды бір сабақта қолдану мүмкін емес.
Интербелсенді әдістердің біз қарастырған түрлерін ұсынсақ...
Біз әлі таныс емес қаншама әдістер бар. Оларды да қарастырып алдағы уақытта танысып, өз білім қоржынымызға жинақтайтын боламыз. Сондықтан бүгінгі сабақ жоспарында бірлесе шеше, ақылдаса отырып, мына әдістер оқушылардың сабақты тез және ұтымды түсінулеріне, қызығушылықтарын арттыруына көмектесетініне әсері бар дегендерге тоқталдық.
Сабақтың нәтижеге жетуі мұғалімнің басты мақсаты
Сабақтың тақырыбы:
Мәдіхат Төрежанов «Қолғабыс»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге жетелеу; 2. Әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, интербелсенді әдістерді қолданып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; 3. Ұлттық сезімдерін ояту, ерінбей еңбектенуге, болашақтың білімді азаматтары болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
Біздің түсінгеніміз әрбір сабақ нәтижеге бағытталса ғана ол сабақ жанды сабақ болып табылады.
Тақырыпты түсінеді.
Сабақта пікір алысуға ,бір-бірінен үйренуге жетелейді.
Өз пікірін дәлелдейді ,тұжырым жасап басқалармен келіседі немесе келіспейді .
Өз беттерінше шығармашылық жұмыс орындап белсенділік танытады .
Оқушылар өздерін еркін ұстайды және бір- бірімен ой бөліседі.
Бір –бірін тыңдай отырып білімін толықтырады, қатені жібермеуге, жақсыны дамытуға үйренеді.
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Уақыты
Ұйымдастыру
Ұйымдастыру (сабақ психологиялық даярлықтан басталса, оқушы зейіні де сабаққа тұрақталады)
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев)
- Балалар бұл өлең жолдарымен ақын бізге не айтқысы келді?(Оқушыларды сабақ басталмастан, сөйлесімге шақырамыз. Пікірлерін тыңдаймыз)
Топқа бөлу
Нөмірленген асықтарды алып оқушылар топтарға бөлінеді.
Топтың ережесі бекітіледі.
Өзінің ана тілін қастерлеу, қадірлеу сезімдері оянады. Ана тілі пәнінің басталғанын сезінеді.
Оқушылар топқа бөлініп, мүшелерін тағайындап, топ ережесін құрады. Топқа бөлінеді, бір –біріне сеніммен қарайды
Ә) Мәтінді әр топтан бір – бір оқушыға тізбектей оқыту
Б) Мәтіннен түсініксіз сөздерді түртіп алу
В) Сөздік жұмысын жүргізу
Бидайық- көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік.
Тоқым қағу - Бұл-ақ ниетпен,адал көңілмен атқарылатын міндет: ұл өсірген қазақ бұдан аттап өткен емес Мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие.Өз бетімен бір жұмысты бітіргелі,не көмектескелі кетіп барады. Былайша айтқанда, тоқым қағу-баланы еңбекке баулудың,қазақша тәрбиенің басы.
Диалог әдісі арқылы көрген мағлұматтарын талдап, түсініктерін айтады. Зерттеушілік әңгіме қалыптасады
өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын талдайды. Мәтіннің негізгі ойын түсінеді
8 мин.
Қолдану
Топтарға тапсырмалар ретін беру:
І топ: ТВ Шоу арқылы авторды таныстыру. Автор туралы ғаламтордан ізденгенін мағлұмат беру. «ТВ Шоу»әдісі арқылы қорғалады (Студия қонақтары және бағдарламаның жүргізушісі) ІІ топ: Әңгіменің негізгі ойын, мазмұнын айту. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы қорғалады. ( Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.) ІІІ топ: Тірек сөздерді пайдаланып жұптасып, ойланып шағын эссе жазу: Ата, көмек, сыйлау, тыңдау. «Жұптасып –ойлан- бөліс» әдісі арқылы қорғалады. (Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі. Топ бірлесе ақылдаса ең ұтымды сөйлем құрған сыныптасының ойын жазады. Бәрі ортақ бір эссе құрастырады. Бұл жерде оқушылар бір бірімен білім алмасады. Бірінен бірі үйренуге тамаша мүмкіндік.)
Оқушылар интербелсенді әдістер арқылы тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік алады.Өз пікірін ұтымды жеткізе білуді үйренеді.
2 мин.
Талдау
Топтық тапсырмаларды қорғау
Әр топтың еңбегін қолдарымен жақсы, өте жақсы, орташа деген белгі көрсету арқылы бағалайды.
- Өздеріңнің алғаш рет қандай үлкен іс атқарып, көмектескендеріңді әңгімелеп беріңідер (ортақ талдап біреуін ұсыну)
Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің пікірін ашық айтуға үйренеді. Мәтіннен түсінгендерін ортаға салады, топпен жұмыс жасау дағдысы артады. Бір –бірін қолдайды.