Өзіңнің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?
5. Бейнежазба
«Кім бірінші кешірім сұрайды?»
Ұзақтығы: 2:23 мин.
Бұл бейнежазбада ағайындылар неге ренжіді?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, жауапкершілік ағайындылардың арасында маңызды рөл атқарады. Себебі, ағайындылар бірін-біріне адал болса, сен айналаңа сенімді болып өмір сүруге құлшынысын артады.Сондықтан сендерге адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуды ұсынамын.
https://www.youtube.com/watch?v=AIgPbXWAXaU
6. Сергіту сәті
https://cloud.mail.ru/public/3DYg/sQhq7b3Rf
7. Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма
Суреттерге қараңдар.Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер.
2-тапсырма
Үлкендердің көмегімен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тәртіп, парыз туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.
«Тәртіпсіз ел болмайды,
Тәртіпке бас иген ел-құл болмайды»
Б.Момышұлы
8. Қорытынды
Өз бойларындағы құндылықтармен адами қасиеттеріңді іс жүзінде көрсете алуға мүмкіндік аласыңдар. Тәртіп пен парыз деген тақырыпты түсіндіңдер деп ойлаймын. Адал,тәртіпті адам қандай болу керек екенін ұғынған боларсыңдар.Жауапкершілігі мол адамның бойындағы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіріп алуларыңа тілектеспін. Келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар!