Топтық жұмыс
«IDEAL» әдісімен талдау.
Бұл - әдісті алудағы мақсатым, проблемалық жағдаяттарды дұрыс түсініп шешуге қолайлы тәсіл.(Мәселеге бағытталған оқыту)
I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау
D- проблеманы сипаттау
E- проблеманы шешу жолдарын анықтау
A-проблеманы шешу үшін әрекет жасау
L-қорытынды жасау,атқарылған жұмысқа рефлекция
I топ
Тіктөртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын тұрақты деп алып, оның екінші қабырғасының ұзындығы мен ауданына сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.
II топ
Бірдей жол жүріп өткен кездегі жылдамдық пен уақытқа сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.
III топ
Еңбек өнімділігін тұрақты деп алып, жұмыс уақыты мен орындалған жұмыс көлеміне сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.
IV топ
Тауардың бағасы тұрақты болғанда, оның құны мен мөлшеріне сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.
Дескриптор: білім алушы
- пропорцияның қасиетін қолданады;
-қатынастың теңдігі бойынша пропорция құрады;
ҚБ «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
|