Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,71 Mb.
#34606
  1   2   3   4
Физика пәнінен сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

2 тарау

Механикалық қозғалыс

Мектеп

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні




Мұғалімнің аты­­­­-жөні

Ержан Гүлмира Әбдіханқызы

Сынып

7 А, Ә, Б, В

Қатысқандар




Қатыспағандар




Сабақтың тақырыбы

Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

7.2.1.2 механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру

7.2.1.3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;




Сабақтың мақсаты

Барлығы: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың негізгі мағынасын біледі.

Көпшілігі: Бірқалыпты бірқалыпсыз қозғалыстарды саралап ажыратады және есептер шығаруда қолданады

Кейбіреуі: Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийі

Әр тапсырманың орындалуы бойынша дискрипторлары арқылы жиынтық балды бағаға айналдыру

44-35 - «5»

34-29 – «4»

28-23 – «3»

21-15 – «2»

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік терминология және анықтама:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

механикалық қозғалыс

Механическое движение

Mechanical movement

материялық нүкте

Материальная точка

Material point

қозғалыс траекториясы

траектория

trajectory

жол, орын ауыстыру

Путь, перемещение

Path, displacement

қозғалыстың салыстырмалылығы

Относительность движения

Relativity of motion

санақ жүйесі

система отсчета

Reference system

жылдамдық

Скорость

Speed

бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс

Равномерное движения

Uniform movement

бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс

Неравномерное движения

Uneven movement

Анықтамалар

  1. Механикалық қозғалыс – дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі

  2. Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтамыз

  3. Қозғалыс траекториясы – дененің өозғалыс кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі

  4. Жол – дене жүріп өткен траектория ұзындығы

  5. Орын ауыстыру – дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын бағытталған кенсінді

  6. Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз

  7. Жылдамдық – дененің берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруы

  8. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс – дене кез келген тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе

  9. Бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс – дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе

Құндылықтарға баулу:

Оқушыларды ойлау жұмысына ынталандыра отырып белсенді іс әрекетке жұмылдыру, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас дағдылары арқылы өздігінен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі- терминдер, математика SI жүйесі, биология, география

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, оры ауыстыру сөздерінің физикалық мағынасын түсіндіре алады және сипаттай алады


САБАҚ БАРЫСЫ


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

13 минут


Жеке жұмыс

Білу


  • Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Сабақ мақсатын айқындау

  • БББ кестесі

1. Білімді өз бетінше өзектендіру: Бірнеше минут бойында əрбір оқушы тірек сөздер немесе қысқаша сөз тіркестері арқылы берілген тақырыпқа байланысты бар білгендерін кестенің Білемін бағанына толтырып жазады (жеке жұмыс).


Білемін

Білгім келеді

Білдім








Қолданылатын ұғымдар мен тірек сөздер:

А.

Б.



Дереккөздер:

А.

Б.





  • Үй тапсырмасын пысықтау ТЕСТ 7 минут

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан соң дәптерлерін ауыстыра отырып бірін бірі тексереді

Тақтаға жауаптары слайдта көрсетіледі

Тест жауаптары(1б, 2б, 3б, 4а, 5б, 6ә, 7ә, 8а, 9ә, 10а)
Сынып оқушыларына видео ролик (бейне материал) көрсете отырып не байқадаңыздар олардағы ортақ қасиеті не? Айырмашылығы не?

Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады 3 минут

Слайд

Плакат маркер

Тест тапсырмасы

Таратпа материалдар





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет