Сабақ жоспарлары №1 Пәні : әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем



бет4/9
Дата19.12.2016
өлшемі1,81 Mb.
#4241
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

Адам және айналадағы дүние. Қоршаған орта және қазіргі тұрғын үй. (ӨҚН)

Айналадағы дүниелер:

*табиғат заттары

*табиғат құбылыстары

*адам


*адам қолымен жасалған дүниелер

ТАБИҒАТ ТІЛАШАРЫ


Жел

Аспан

Гүл

Ғарыш

Су

Дән

Ауа

Найзағай

Орман



ЕРЕЖЕЛЕР:
*Өзін-өзі ұстау ережесі: таңғы жаттығу жасап, мектептен кешікпеу

*Күн тәртібі: білім алуға, ата-анаға көмектесуге, ойынға және қыдыруға

уақытты жеткізе мөлшерлеу.



*қауіпсіздік ережесі: өрттен сақ бол!

судан сақ бол!



*жол жүру ережесі:көше қиылысында бағдаршамға қарау

*Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:

Сурет бойынша әңгімелеу

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС: 7-бет

Адам айналадағы дүниені қалай танып біледі?







КІТАП + НАН+ ЕСІК+ ҚАРЫНДАШ+

ЖАНУАРЛАР+ ТАУ+
*БАҚЫЛАУ КҮНДЕЛІГІ:

№4—Көлікпен жүруге тыйым салынған

№5---жер асты өткелі

№3---Жаяу жүргінші жүруге тыйым салынған

№2---велосипед жолымен қиылысы

№1--- Жаяу жүргінші өткелі


*КҮН ТӘРТІБІ

Сағ7.00


Сағ 7.35

Сағ 8.00

Сағ 13.00

Сағ 17.00

Сағ 18.00

Сағ 20.00

Сағ 21.00-22.00

Сағ 22.00

*КҮЗ айлары: қыркүйек, қазан, қараша
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Адам және айналадағы дүние (оқу)

Бақылау күнделігі 7-бет (№2-5 тапсырма)

3 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ 97 -102 жат

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру; Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Түрі: Қайталау, пысықтау сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Біз үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз.

Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрай келіпті. Қазір күз мезгілі ғой. Ағаштардың жапырақтары мектеп ауласына түсіп жатыр. Сол жапырақтарды жинауға атамызға көмектесіп жіберейік. Сендер менің мына берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, маған көмектесесіңдер», - дейді.

Сөзжұмбақ

• Қоқыс жинайтын құрал.

• Ас ішетін құрал.

• Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.

• Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.

• Сүттен жасалатын тағам.

Сөз соңына –ы,-і дыбыстарының тиістісін қосып оқы.

Қалақ- қалағы, қасық- қасығы, қорық- қорығы, қабық- қабығы, қаймақ- қаймағы.


ІІІ.Жаңа сабақ

• Балалар, қазір қай мезгіл?

• Күз

• Күзде ауа райы қандай болады?



• Суық.

• Қыстың күні аяғымызға не киеміз?

• Етік.

• Етігімізді кім жөндейді?



• Етікші.

Оқулықпен жұмыс. 97 – жаттығу.







98-жаттығу (қарамен жазылған сөздерге назар аудару)

Құшағы-құшақ, бағы-бақ

**ЕРЕЖЕ


Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы, атақ-атағы

99-жаттығу (сөздерге ы, і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндіру)

Сабақ-сабағы, орақ-орағы, ұршық-ұршығы, жолақ-жолағы, парақ-парағы

100-жаттығу (қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла. )

Қонақ, бұтақ, жарық

Біз мереке күні әжемнің қонағы болдық. Ағаштардың бұтағы қоғыр түске айналды. Күннің жарығы қысқарды.

101-жаттығу (мақалды көшіріп жазып, қ дыбысының ғ дыбысына айналу себебін дәлелдеу)
Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Аяғым-аяқ, таяғым-таяқ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау
Бағалау

4 Пәні: қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң 129 – 134 жат

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру;

2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;

3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де шығады,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық,

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!



ІІ.Жаңа сабақ Дауыссыз н мен ң 129 – 134 жат

Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.

Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң«Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық.Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт.

Он - оң тон - тоң

Шын - шың мен - мең

Күн - күң сен - сең



Ой тұжырымдамасы:

«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.

«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.

«Н»- тіл ұшы дыбысы

«Ң» - тіл арты дыбысы

Көркем жазу./Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./

1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/

2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/

3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.

Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/

4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/

КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН

Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз.

Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн


Ойын: «Жасырынған сөз» Берілген сөздердің кез - келген буынын алып, жаңа сөз құра.

Қайың

Сараң

Шаңғы Қа - раң - ғы
129-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,

Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -

Ң - нан сөз жоқ басталған -

Ң - үлестен бос қалған.


  1. - жаттығу.н, ң дыбыстарды салыстыру

Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз.

Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар.



Өз бетінше жұмыс: Ң дыбысты сөздер жаз.

Не?


. ң /аң/

.. ң /соң/

... ң /қолаң/

.... ң /сараң/

Не істеді?

... /шаңдатты/

... /бұлаңдады/

... / жеңді/

... / тоңды/

Қандай?


Те... біл

Бойша...


Қы... ыр

Күре...


Сергіту сәті. Маң - маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан. (түйе)



Ң дыбысты сөзді ата.

Топтастыру: ТҮЙЕ



Суреттегі заттардың атауын төмендегі сөздермен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастыр.

ҚОЯН - орғыды

ҚОҢЫРАУ - Соғылды

ЖАЙЫН - жүзді

ДӨҢГЕЛЕК - дөңгеледі
Жеке жұмыс: Қате жазылған сөзді ата.

Жәңдік, бәтеңке, үңгір шанғышы кең терең

131-жаттығу (нг, ңғ, ңг әріптерінің тиістісін қойып жазу)
ІІІ. Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не білдік?

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбында әңгіме жазу
5 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты жазуға, сөйлем түрлерін бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.

Еңбекке, мейірімді болуға, көмектесе білуге, бір-бірін сыйлай білуге баулу.

Сабақ түрі: саяхат сабақ


Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, сызба,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ертегілер еліне саяхат жасаймыз. «ҮЙШІК» ертегісі

194-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау


ІІІ. Жаңа сабақ Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.
А)Бақаның тапсырмасы: 195-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы, лепті сөйлемді табу)

-Домалақ үй,

Өзі сондай ұнады.

Кімдер салған,

Кімдер мұнда тұрады?

-Біз салғанбыз,

Біз тұрамыз, балалар!-

Деп шуылдап

Жауап берді аралар.
Сұраулы сөйлем....

Лепті сөйлем...
Тышқанның тапсырмасы: 196-жаттығу (жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.)
-Мың мін бойында кімнің?

-Жалқаудың бойында мін мың!


Қоянның тапсырмасы:
СЕРГІТУ СӘТІ «ҚОЯН»

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Түлкінің тапсырмасы:

197-жаттығу

Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер айту

....


.....
Қасқырдың тапсырмасы: ЖЕКЕ ЖҰМЫС:
198-жаттығу (сұраулы сөйлем жазу)

Үйді құрылысшы салады. Үйді кім салады?

Керіктің мойны ұзын. Керіктің мойны қандай?

Дәрігер ауруды емдейді. Ауруды кім емдейді?


АЮға көмектесу
БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДЕН СӨЙЛЕМ ҚҰРА

Тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.




  1. Көп, өнерлі, сыныпта, оқушылар

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.

  1. Төлі, сиырдың, не

Сиырдың төлі не?

  1. Жасасын, Қазақстан, достығы, халқының

Қазақстан халқының достығы жасасын!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІН БЕЙНЕЛЕЙТІН СУРЕТТЕР МЕН СОЛАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЙЛЕМДЕРДІ БІР-БІРІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРУ.



Алақай, мен жеңімпаз болдым!

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет