ІV. Сынып жұмысы. (10мин)
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.
ах2 + вх + с = 0
1. Не белгілі?
а, в, с – нақты сандар
2. Не істеу керек?
Кв.теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек.
3. Қалай жасау керек?
Дискриминант d=b2-4аc
D<0 түбірі жоқ
D=0 бір түбірі бар x1=-b/2a
d>0 екі түбірі бар х1=?, х2=?
,
|
program kvtendeu;
var a,b,c:integer;
x1,x2,d:real;
label 10;
begin
write('Кв.тенд.коэф. енгіз a,b,c ');
read(a,b,c);
d:=sqr(b)-(4*a*c);
if d<0 then begin writeln('түбірі жок ');goto 10;end;
if d=0 then begin writeln('Бір түбірі бар: ',-b/(2*a));goto 10;end
else writeln('Екі түбірі бар: ',-b+sqr(d)/(2*a),' ',-b-sqr(d)/(2*a));
10: end.
|
V. Бағалау және үйге тапсырма (3мин) §3.5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)
9-cынып
Сабактың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы тарауын қайталау
Сабактың түрі: «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны.
Сабактың максаты: оқушылардың алған білімдерін бекіту.
Ойынның шарты:
Құрал-жабдығы:
Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған жетондар.
Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген шеңберлер.
Сандар жазылған төртбүрыштар.
Сары («3» бағасы), жасыл («4»бағасы), көк («5»бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты көк түсті фишкалар.
Үстелдердің сілтемесі.
Ортақ бағалау парағы.
Үш деңгейдегі тапсырмалар жазылған карточкалар.
Жауап үлгілері жазылған карточкалар.
Ойынның жүру барысы:
Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде - үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген шеңберлер; осы қатарлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында - бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сүрақтары (2), ен үстіне үшінші деңгейдің сүрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сүрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»),екінші сұраққа дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрактардың жауабы күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші сандар жазылған төртбұрышты жаяды. Мысалға, «2» түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді.
Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Барлық топқа бірдей тапсырмалар даярланады.
Билеттер орналасатын шеңбер (4 адамнан тұратын топқа)
2
1
3
4
Ойынға қатысушылар жетоны
Ойынның тапсырмалары:
III деңгей тапсырмасы:
Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
Программа дегеніміз не?
Кодтар тілі дегеніміз не?
Транслятор дегеніміз не?
II деңгей тапсырмасы:
Алгоритнің қасиеттерін ата және түсініктеме бер.
Алгоритнің өрнектелу жолдарын ата және түсініктеме бер.
Алгоритмді өңдейтін шамаларды ата және түсініктеме бер.
Блок-схема құрудың ережесін ата жәнемысал келтір.
I деңгей тапсырмасы:
Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің жұмыс ерекшеліктерін ата.
Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер.
Күрделі шарттарды пайдалану жолдарын ата.
Компьютерде есеп шығару кезеңдерін ата. Толық түсініктеме бер.
II. Практикалық жұмыс
Шарты:оқушылар 5 топқа бөлінеді және топқа байланысты тапсырмаларды алып, орындайды. Жылдам және қатесіз орындаған топ оқушылары марапатталады. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын мұғалім қадағалайды және бағалайды.
Жұмыс тапсырмалары:
I топ тапсырмасы:
y=a2+d2 формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.
ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін қүрыңдар.
II топ тапсырмасы:
х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.
у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойьшша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.
III топ тапсырмасы:
а =80, в=12 бүтін сандарының ЕҮОБ-ын тап және Евклид алгоритмінің үш қадамы (А=В, А>В, А< В) неше реторындалатынын анықтаңдар.
2. х=4у /(2у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңцар.
ІҮ топ тапсырмасы:
1. х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тін мәнін есептеу алгоритмінің блок-схемасын қүрыңдар.
2. у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойынша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схема түрінде күрындар.
V топ тапсырмасы:
Екі үшбұрыш қабырғалары х, у, zжәнее, f, һ деп берілген. Қайсы үшбүрыштың ауданы үлкен екенін анықтау қажет.
х, у, zжәне һ төрт түзу сызығының ұзындықтары берілген. Осылар шаршының немесе тіктөрбүрыштың қабырғалары бола ала ма? Соны тексеріңдер.
Қорытынды: ойын және практикалық жұмыстары бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:өткен тақырыптарға шолу жасау.
9-cынып
Тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.
Мақсаты:
Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдарды қалыптастырады;
Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;
Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер.
Сабақтын типі: Проблемалық оқыту технологиясы.
Өтілу әдісі: сұрақ жауап,
Проблеманы айқындау кезеңі:
І. Кіріспе. (2мин)
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Журнал толтыру;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)
ІІІ. Проблеманы шешу: (20мин)
ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?
1. Шамаларды сипаттау бөлімі
Өткен сабақтағы программа құрылымын еске түсірейік.
1. тақырып
|
|
program программа аты жазылады;
|
2. сипаттау бөлімі
|
|
…
Var типтері көрсетілген айнымалылар;
|
|
|
Begin
|
3. операторлар бөлімі
|
|
Операторлар;
|
|
|
end.
|
Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.
1. Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді:
label: 10, 200, aaa, bbb, 500; Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген. Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200; 200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.
Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13.5...) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде тұрақтылар constтүйіндес сөзімен беріледі. Жазылу түрі:
Constatay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән,...
Const p=3.14, e=1.6E-19, max=10000,...
3. Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.
Жазылу түрі (пішімі):
var айнымалылар тізімі: типі;
мысалы: var i, j, k:integer;
x, y:real; name: string; т.с.с.
2. Операторлар бөлімі
Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.
Жазылу түрі: program атау (input, output); Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.
Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.
1. тақырып
|
program атау;
|
2. сипаттау бөлімі
|
var айнымалылар: тип;
|
3. операторлар бөлімі
|
begin
операторлар;
end.
|
3. Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпараттыэкранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.
Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,
write(x,n,m); Мұндағы:
х- ондық бөлшек сан,
n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,
m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.
4. Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпараттыкомпьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.
Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы болсын,
read(x); Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп -ді басамыз.
5. Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол
ретпен атқарылатын программалар.
Проблемалық тапсырмалар:
Тапсырма№1: Паскаль тілінде жазылған төмендегі операторлардың қатесін табыңдар:
А) Write (Y1; Y2);
Ә) Write (Y1 Y2);
Б) Write (Y1, Y2);
В) Write [Y1,Y2];
Г) Write 1.62;
Д) Write (A, B/F).
Тапсырма№2: Берілген бүтін х, у екі санның көбейтіндісін кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
Тапсырма№3: Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) 1 , у = a* b
Тапсырма№2: Екі санның азайтындысын табу программасын құру керек.
ІV.Проблеманың шешімін қолдану : (10мин)
Не білемін? Не білгім келеді? Мен үшін жаңа ақпарат . . .
V. Үйге
§3.2, 3.4 №5, 9, 10 есептер (74бет).
9-cынып
Тақырыбы: Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы.
Мақсаты:
Білімділік: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.
Дамытушылық: Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.
Тәрбиелілік: Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.
Өтілу әдісі: Денгейлеп саралап оқыту технологиясы.
І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.
Паскаль тілі
ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.
Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:
1. тақырып
|
2. сипаттау бөлімі
|
3. операторлар бөлімі
|
Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).
Мыс:
x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektepшамалары идентификатор болып табылады.
2. Тілдің алфавиті.
Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.
Барлық латын әріптері – A … z;
Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);
Арифметикалық амалдар: +, -, *, /
Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:
div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.
10 div 3 = 3
mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
and— және (логикалық көбейту) операциясы;
27 div 5 = 5
36 div 7 = 5
10 mod3 = 3
63mod8 = 7
45mod8 = 5
xandy> 0
x y
5 2 true 1
-3 -100 false 0
50 0 false 0
xory> 0
5 2 true 1
-3 -100 false 0
50 -5 true 1
or — немесе (логикалык косу) операциясы;
xandy> 0
not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
true– ақиқат
false- жалған
div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.
mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.
And – және (логикалық көбейту);
or - немесе (логикалық қосу);
not – емес (терістеу).
‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі
:= - меншіктеу белгісі
; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.
Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.
Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=
3. Сабақты бекіту
Суреттегі жақтағы есептерді талдау, осыған ұқсас ауызша есептер шығару.
Денгейлік тапсырмалар:
Тапсырма№1: Пернетақтадан енгізілген кез келген сандардың ішінен ең үлкенін табатын программаны құрыңыз.
Тапсырма№2: (1*3*5*. . .*n) Тақ сандардың көбейтіндісін есептейтін прграмманы компьютерде теріңіз және жұп сандардың көбейтіндісін (2*4*6*…*n) есептейтін программаны өз бетінше құрыңыз.
Program tak san;
Uses crt;
Var k,n:integer;
Begin clrscr;
Write (‘n=’); read (n);
K:=1; S:=1;
While k>=n do begin
S=S*k; k:=k+2;
End;
End;
Writeln (‘S=’,S);
End.
Тапсырма№3: Қатесін табыңыз.
Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Program e6;
Var x : integer;
Begin
Writeln (‘ adam jasin engiz’ );
Readln (x);
If then writeln (‘ ali mektepke barmagan’ ) else x<=6
If (x>6) and writeln (‘ mektep okushisi ‘) else (x<=17)
If (x>17) and (x<58) (‘ jumisshi’) else writeln (‘ zeinetker’); writeln
End.
4. Үйге тапсырма:
Үш санның кішісін табатын программа құру керек.
: Екі санның үлкенін табатын программа құрылған. Шартты дұрыс қойыңыз.
Program max;
Var a, b, max: integer;
Begin
Readln (a,b);
..............................................
Writeln (‘ max= ’ , max);
End.
Бағалау бетшесі
Р/с
|
Оқушының
аты-жөні
|
Үй тапс. бойынша
|
1-тапсырма
|
2-тапсырма
|
3-тапсырма
|
бағасы
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
|
|
|
|
|
|
9.
|
|
|
|
|
|
|
10.
|
|
|
|
|
|
|
11.
|
|
|
|
|
|
|
12.
|
|
|
|
|
|
|
13.
|
|
|
|
|
|
|
14.
|
|
|
|
|
|
|
9-сынып
Сабақтын тақырыбы: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу,таңдау операторлары.
Мақсаты: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу,таңдау операторлары менгерту.
Міндеті:
Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;
Программалау ұғымын дамыту; Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Топтық оқыту технологиясы
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер.
Проблеманы айқындау кезеңі:
І. Кіріспе.
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Журнал толтыру;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу.
ІІІ. Проблеманы шешу:
Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Паскалдағы жазылу түрі:
Толық тармақтау
|
БС
|
if<шарт>then 1-оператор else2-оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.
мыс:
gas:=15;
ifjas<8thenwrite(‘сенменен’,8-jas,’ кішісің’)
elsewrite(‘сенменен’,jas-8,’үлкенсің’);
Жоғарыдағы сұаққа назар салыңдар.
|
|
Қысқаша тармақтау
|
БС
|
if<шарт>then оператор;
шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..
мыс:
gas:=15;
ifjas<8thenwrite(‘сенменен’,8-jas,’ кішісің’);
|
|
Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.
Матемтаикалық модель:
Не белгілі?
Біздің атымыз белгілі; aty – жолдық /текст/ - string
Жасымыз белгілі; jas – бутін сан - integer
Не істеу керек?
Атымызды сұрайды,
Жасымызды сұрайды,
өзінің қанша жас кіші екенін экранға шығарады.
Қалай жасау керек?
Енгіземіз;
Атымызды, жасымызды
Компьютер өз жасымен /2005/ біздің жасымызды салыстырады. Қанша жас кіші екенін анықтайды.
Нәтижені экранға шығарады.
Паскаль - программа:
program tansu;
varaty: string;
begin
write(‘Атың кім ’);
read(aty);
writeln(aty,‘ қай жылғысың ’);
read(jas);
if jas>2005
thenwriteln(aty,‘ сен менен
’,jas-2005,’ жас үлкенсің ’)
elsewriteln(aty,‘ сен менен
’,2005-jas,’ жас кішісің ’);
end.
ІV. Топтық жұмыс.Оқушылар екі топқа бөлінеді (10мин)
ЕСЕП:
1 Клавиатурадан енгізілген бүтін сан бойынша апта күндерін анықайтын программа жазыңыз.
program apta;
var kun:integer;
begin
write('kyn retin engiz ');
read(kun);
case kun of
1:writeln('duisembi ');
2:writeln('seisembi ');
3:writeln('sarsembi ');
4:writeln('beisembi ');
5:writeln('juma ');
6:writeln('sembi ');
1:writeln('jeksembi ');
elsewriteln('byndai kyn jok ');
end;
end.
2 Екі санның үлкенін табатын программа құр.
Program max;
Var a, b, max: integer;
Begin
Readln (a,b);
If a>b then max:= a else max:=b;
Writeln (‘ max= ’ , max);
End.
3 Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.
Program e5;
Var a, b, c : integer;
P1, p, s: real;
Begin
Readln (a, b, c);
If a+b>c then p1: = a+b+c ;
P:= (a+b+c)/2;
S:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
Writeln ( ‘ p1= ‘ , p1:5:2) ;
Writeln (‘ s=’,s:5:2);
End.
ІV. Топтын шешімін қолдану :
Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім. . .
V. Үйге
Үш санның кішісін табатын программа құру керек.
9-сынып
Тақырыбы: Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.
Мақсаты: Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы туралы түсінік беру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;
Дамытушылық: Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;
Тәрбиелілік: Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: СТО технологиясы бойынша жүргізілген бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.
Сабақтың барысы
Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйретемін.
І. Қызығушылықты ояту. (2мин)
Негізгі ұғымдар: Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Төмендегі берілген өрнектерді Паскаль тіліне аударып компьютерде жаз:
(a-d)2/(a+2b);
(a3+b)/sin ab;
(x5+xy) / (2x+y);
ln (a2+c) / (a-c);
ІІ. Жаңа сабақ (25мин)
Мәліметтер типі.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.
Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:
Т И П Т Е Р
|
Қ А Р А П А Й Ы М
|
|
К Ү Р Д Е Л І
|
Бүтін сан
(integer)
|
Нақты сан
(Real)
|
Символдық шама
(Char)
|
Логикалық шама
(Logocal)
|
Мәтіндік шама
(Text)
|
|
Жиымдар
(Array)
|
Файлдар
(File)
|
Жазбалар
(Record)
|
жиындар
(set)
|
Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.
2.Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:
tеype <тип атауы> = <тип мәні>;
мысалы: oryn=(soljak, orta, onjak)
Сандардың типтері.
Бүтін сан типтері
|
Нақты сан типтері
|
Byte
|
0 – 255
|
Real
|
±1.7E38
|
Shortint
|
-127 - +127
|
Single
|
±3.4E38
|
Integer
|
-32768 - +32768
|
Double
|
±1.7E308
|
Word
|
0 – 65535
|
Extendet
|
±1.1E4932
|
longint
|
±2147483648
|
Copm
|
-2E63-1 ... 2E1063+1
|
Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Мысал: var x:bolean;
Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.
var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.
Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.
Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.
5.Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:
атау=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );
kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ..., ‘жексембі’);
ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);
6.Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:
apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …
Жиі қолданылатын стандартты функциялар.
Функция
|
chr(x)
|
round(x)
|
truns(x)
|
odd(x)
|
ord(x)
|
sqr(x)
|
Түсіндіру
|
Х-санын символға аударады
|
Санды дөңгелек-тейді
|
Нақты санның бүтін бөлігі
|
X-тың тақ екенін тексереді.
|
Х-символының рет нөмірін береді
|
x-тің кв.түбірін шығарады
|
Мысал:
|
Chr(53)=5, chr(73)=I
|
round(5,7)=6
|
truns(5,7)=5
|
X=5 (true)
X=6 (false)
|
ord(?)=63
ord(‘5’)=53
|
sqr(81)=9
|
|
Функция
|
sqrt(x)
|
frac(x)
|
int(x)
|
abc(x)
|
Pi
|
Қалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз.
|
Түсіндіру
|
Х-тің квадараты
|
Х-санының бөлшек бөлігі
|
Х-санының бүтін бөлігі
|
Х-тің абсалют шамасы
|
ПИ саны
3.14159265358979
|
Мысал:
|
sqrt()
|
frac(15.89)=0.89
|
int (15.89)=15
|
abc(9)=9
abc(-9)=9
|
write(pi);
3.14159265358979
|
ІІ. Өткен сабаққа шолу.
Өткен материалды еске түсіру.
Негізгі ұғымдар: Өрнек – арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар , атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі.
Оператор – программалау тілінің белгілі бір іс – әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөздер.
Программаның сипаттамасы – программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны.
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», « тұрақты» , « айнымалы» , «функция», және «өрнек» ұғымдары кіреді.
Негізгі ұғымдар: Идентификатор – программалау процесінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілеулер және міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратны атау (ұзындығы 8 символдан тұрады). Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Тұрақтылар (константа) деп мәндері белгілі және программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Есіңе сақта: const < айнымалының аты> = <мәні>
Айнымалылар – программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуг болатын шамалар.
Есіңе сақта: Айнымалыларды сипаттау var түйінді сөзінен басталады.
2. Мағынаны ажырату
Денгейлік тапсырмаларды топта орындайды. Тапсырмаларды бір біріне түсіндіріп, әр топтан оқушылар есепті тақтаға шығарады.
Тапсырма№1: А-ның мәндері берілген: а) А:= 1.0; Ә) А:=4; б) А:=5.
Х-тің мәндерін анықтау керек:
B:=2.4*A;
X:= (A+B)/A*B-A;
X:=A/B MOD B;
B:= A*A-2*A;
A:=(B+2)*(B-1);
X:=A+B.
Тапсырма№2: Төмендегі операторлардың жазылуындағы жіберілген қателерді табыңдар:
1. a= b(x+3)2/sin3x a:=exp(sqrt(x+3)*ln(x))/sin(3x);
2. x=arctg-5y- x:=arctan(5*y)-sqrt(9*y)
Тапсырма№3: Паскаль тілінде жазылған төмендегі операторлардың қатесін табыңдар:
А) Write (Y1; Y2);
Ә) Write (Y1 Y2);
Б) Write (Y1, Y2);
В) Write [Y1,Y2];
Г) Write 1.62;
Д) Write (A, B/F).
Тапсырма №4: Берілген бүтін х, у екі санның көбейтіндісін кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
Сандардың қандай түрлері бар? мысал.
Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?
:= ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
Айнымалылар деген не? түрлері, мысал.
Сабақты қорытындылау.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
ІV. бағалау
V. Үйге
Егер х=3 , у= 5 , болса , онда (х,х+у) мәндерін экранда шығарғанда, онда қандай мәлімет көрінеді?
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау.
Білімділік:Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Бақылау сұрақтарына жауап беру
Бақылау сұрақтарын талдау
Үйге тапсырма беру.
1.Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
2. Алгоритм дегеніміз не және оларды жазудың түрлі тәсілдері.
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Мысалдар келтіру...
Алгоритм қасиеттері
айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек
3. Өрнектерді Паскаль тілінде жазыңыз: х2-4ac; a+b/(84+45)*b;
32 div 4=?; 46 mod 9=?;
4. Паскаль программалау тілінде алгоритмді жазу ережелері.
Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.
Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:
Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).
Мыс:
x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektepшамалары идентификатор болып табылады.
5. Паскаль программалау тілінде денгейлік есептер шығару
Тапсырма№1: Екі санның үлкенін табатын программа құрылған. Шартты дұрыс қойыңыз.
Program max;
Var a, b, max: integer;
Begin
Readln (a,b);
..............................................
Writeln (‘ max= ’ , max);
End.
Тапсырма№2: Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.
Тапсырма№3: Қай операторлар дұрыс жазылмаған?
program qq;
var a, b: integer; x, y: real;
begin
a := 5;
10 := x;
y := 7,8;
b := 2.5;
x := 2*(a + b +y);
writeln (x);
end.
Тапсырма№4: Үзіндідегі бағдарлама жолдары есеп шешіміне сәйкес келуі үшін қандай ретпен орналасуы керек?
Үйге тапсырма беру: Өтілген тақырыптарды қайталау.
Қорытынды
Информатиканы оқыту әдістемесін зерттеу кезінде жаңа педагогикалық технологиялардын ерекшеліктерін байқадым. Теория мен практика сұрақтары, әр түрлі мұғалімдердін тәжірбиелері қарастырылып, жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту оқушылардың информатикалық қаблетін дамытуға маңызы зор екенің білдім. Бұл мәселенің теориялық мәнділігі жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудын әдіс тәсілдерін анықтау болды. Мектеп оқушыларының информатикалық жалпы білім қалай қалыптастырса, ары қарай оқу кезіңдегі информатикалық білімі де солай қалыптасады. Жаңа педагогикалық технология арқылы информатика сабағын оқыту процесінде оқушының оқуға деген қызығушылығы арта түседі, өз ойын толық жеткізе алады, сабаққа деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Егер информатика сабағында жаңа педагогикалық технологияларды қолдансық сабақ қызықты өтеді, және оқушылар барлығы сабаққа белсене қатысады. Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жәке тұлға. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану мұғалімнің іскерлігі мен шеберлігін, және де жан жақты, іздемпаздығын көрсетеді. Мен өз мақсатыма деттім десем де болады, информатика сабағында жаңа педагогикалық технологияларды қолдануды менгеріп, өыр сырын аштым. Информатика сабағында жаңа педагогикалық технологияларды қолдануды өте тиімді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Н.Т. Ермеков, В.А.Криворучка, С.Ж.Ноғайбаланова “Информатика”
“Информатика негіздері” ғылыми әдістемелік журнал, №5-2008 ж.
Беркінбаев “Информатика”
Байжуманов М.Қ Информатика: жоғарғы оқу орнының студ. арналған
оқу құралы / М.Қ.Байжуманов, Л.Қ.Жапсарбаева. –Астана: ТОО “ЭВЕРО” 2004. –232 бет.
Беркінбаев К.М Информатика. Оқулық. . –Алматы: Заң әдебиеті 2005. –408 бет.
http://ustaz.kz
http.//bilim.idhost.kz
Мазмұны
Алғы сөз..................................................................................................
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы...............................................................................................
Шарттарды ұйымдастыру операторлары......................................
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы тарауын қайталау..........................................................................................
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі......................................................................................................
Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы. .....................................................................................................................16
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары........................................................................................
Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы ................................................................................................
Бақылау жұмысы...........................................................................
Қорытынды.........................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................
0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |