25.10.2018 ж.
|
5-апта 5-күн
|
Сабақ
|
1-2 сабақ
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Мұғалімдердің сабақты қадағалау құралдары.
|
Жалпы мақсаты:
|
Тыңдаушылар бейнежазбадағы сабақты қадағалап,оқушылардың әрекеттерін талдайды.Сондай-ақ оқушылардың сабақтағы өзара әрекеттестігіне ықпал ететін жағдайларға талдау жасайды.
|
Күтілетін нәтижелері:
|
Тыңдаушылар сабақты қадағалап,оқушылардың әрекеттерін талдай алады.
Оқушылардың өзара әректтестігіне ықпал ететін жағдайларды саралайды.
|
Түйінді идеялар:
|
Сыныпты қадағалау-оқыту мен оқуды зерттеудің құралы.
|
Уақыты
|
Тапсырма
|
Тренердің әрекеті
|
Мұғалімдердің әрекеті
|
Ресурстар
|
1-сабақ.
|
|
9.00 – 9.10
10 мин
|
Сергіту жаттығуы.
«Құпия қолбасшы»
|
Тренер сергіту жаттығуының мақсатымен,шартымен таныстырады.
Мақсаты: Қатысушылар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру.Байқағыштық, шапшаңдық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау.
Ұжымды жинақтауға
(топтастыруға) мүмкіндік туғызу
|
Барлық қатысушылар шеңбер болып тұрады.Қатысушылардың бірі (жүргізуші) топтың ортасына шығып көзін жұмады. Кейін топ бір қолбасшы таңдайды,ол қандай да бір қимылдар жасайды( отырып- тұру, қол соғу, қолын көтеру т.б) топтағылар осы қимылдарды қайталау керек. Жүргізушінің міндеті – қолбасшылық жасаған кім екендігін анықтау( қимылға бастама жасаған кім) Қолбасшыны ауыстырып отыруға болады, бірақ жүргізуші оны көрмейтіндей болсын.
|
Сергіту жаттығулары жиынтығы.
|
9.10 – 9.25
15 мин
|
Үйге берілген тапсырмаға шолу.
|
«Шындық, жалған» әдісі
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
|
Берілген сұрақтарға байланысты мұғалімдер бұл «шындық» немесе «жалған» деп жауап береді.
|
|
9.25-9.40
15 мин
|
1-тапсырма.
Таныстырылым.
|
Бейнежазбаны көрсетеді
|
Тренер ұсынған бейнежазбаны көріп,қадағалау жүргізеді.
|
Бейнежазба НЗМ
орыс тілі сабағы
|
9.40 – 9.55
15 мин
|
2-тапсырма.
Қадағалау парақтарын салыстырып,талқылау..
|
Тренер қадағалайды.
|
Шағын топ болып қадағалау парақтарын салыстырып, талқылайды.
|
А 4 қағазы,маркерлер
|
9.55 – 10.10
15 мин
|
Тренердің түйіндемесі
|
Мұғалімдердің ойларын саралап, бағыт-бағдар береді
|
«Түртіп алу» әдісі арқылы керекті ақпараттарды дәптерлеріне жазып отырады.
|
|
10.10-10.25
15 мин
|
«Ең ұзақ сөйлем» әдісімен сабақты қорытындылау.
|
Мақсаты: Тақырып бойынша тыңдаушылардың ойын жинақтап қорытындылау.
Шарты: Флипчартқа тақырып бойынша алған мәліметтерді құрмалас сөйлем арқылы
жазу ұсынылады.
|
Сабақ барысында алған мәліметтерін жинақтайды,топтар бір-бірімен бөліседі.
|
Ватман,маркерлер
|
2-сабақ.
|
|
10.45 –10.55
5+5 мин
|
Сергіту сәті.
«Оркестр» әдісі
|
Мақсаты: Алғашқы сабақтан кейін тыңдаушылардың көңіл-күйін көтеру.
Шарты: Алдын –ала әзірленген музыкалық аспаптардың суреті бар қима қағаздарды алу ұсынылады.
|
Музыкалық аспаптардың суреттері бойынша топтасады.Музыканың әуенімен қимылдар жасайды.(Домбыра,баян,қобыз, жетіген, сырнай )
|
Аспаптардың суреттері
|
10.55 – 11.05
10 мин
|
1-тапсырма.
Кестемен жұмыс.
«Өзара әрекеттестікті талдау санаттары»
|
Тыңдаушылардың тірек сөздерді әрбір санатқа бөліп қана қоймай,ол сөздің мағынасын ажыратып,тарқатып жазуын қадағалайды.
|
Мұғалімдер Фландерс кестесі бойынша жұмыс жасайды.
|
1-үлестірме 55-бет
|
11.05 – 11.25
20 минут
|
2-тапсырма.
«Көршіңмен бөліс» әдісі «Сыныпты қадағалау оқыту мен оқуды зерттеудің құралы ретінде» атты материалының 4-5 беттеріне назар аудару.
|
Үлестірме материалының 4-5 беттеріне назар аударту.
«Көршіңмен бөліс» әдісінің мақсаты: Мәтінмен жеке танысады,көршісімен бөліседі.
Тренер қадағалайды
|
Мұғалімдер үлестірмемен танысады.Қасында отырған көршісіне алған мәліметтерімен жұптық жұмыс жүргізеді.
|
3-үлестірме 61-66 беттер
|
11.25 – 11.35
10 мин
|
3-тапсырма.
Топтық жұмыс.
|
Тренер қадағалайды.
|
Мұғалімдер үлестірмедегі мәліметтер бойынша таныстырылым жасайды.
|
Ватман,маркерлер.
|
11.35 – 11.40
5 мин
|
Тренердің түйіндемесі
|
Мұғалімдердің ойларын саралап, бағыт-бағдар береді.
|
|
|
11.40 – 12.10
15+15 мин
|
Рефлексия.
Мен бүгін өзімнің қорыма..... алып кетемін,себебі .....Мен......туралы ойлануым керек,себебі....
Мен .....қоқысқа тастаймын,себебі ........»
|
Шарттарымен таныстырады,нұсқау береді.
|
Сөйлемдерді толықтырады,оқиды.
|
А 4 парақтар,стикерлер.
|
12.10 – 12.15
5 мин
|
Үй тапсырмасы
|
|
Зерттеу сабағын қадағалау барысында қай жаттығуға оқушылар қалай қарап,ол жаттығулардың оқушылардың оқуға деген уәжіне,жалпы мінез
Құлқына қалай әсер етуі мүмкін екені туралы ойларын жазу.
|
|