Сабаққа өзіндік талдау жасау
Білім беру саласы: «Қатынас»
Сынып: 5 «Ә»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:
«Тіл дамыту».
Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыздың тапсырмасы» .
Алдыма қойған мақсаттарым:
I.Негізгі тапсырмалар:
Мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын ертегі түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;
- Сабақ барысында «Салауатты –өмір салтын» ұстана отырып, ойын арқылы денсаулықты сақтау технологиясын қолдану.Әртүрлі жаттығу шараларын жүзеге асыру.
- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, өткен сабақтарды қайталап бекіту,еске түсіру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын,тілдік қорын дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
II.Тәрбиелік тапсырмалар:
1.Балалардың патриоттық сезімге тәрбиелей отырып,шығармашылықтарын арттыру;
2.Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру;
3.Ұжымда бір-бірін тыңдап,үлкеннің тілін алуға дағдыландыру.
Сабақта үш бірдей мақсат қолданылды:
Білімділік, шығармашылықтарын жан-жақты дамыту және тәрбиелеу.
Мынандай технологияларды қолдандым:
1.Шығармашылығын арттыру;
2.Ойын технологиясы;
3.Актерлік шеберлік;
4.Жекелей даму технологиясы ;
5.Еске түсіре дамыту технологиясы.
6.Денсаулықты қорғау технологиясы.
Мен мұнда денсаулықты қорғау технологиясы барысында төрт жаттығу қолдандым;
Біріншісі «Паравоз» ойыны арқылы балалар бір-бірінің арқасына саусақтардың көмегімен нүктелік массаждар жасады.
Екіншісі; «Ғажайып сандықша» мұнда сандықшадан шыққан аңдардың атын атап,қай ертегіде кездесетінін еске түсіреміз және жүрісін салу арқылы аяқ бұлшық еттерін шынықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |