Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы



бет2/4
Дата06.11.2016
өлшемі0,73 Mb.
#1165
1   2   3   4

Ойынды аяқтау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәлә-әй!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Тойланбаса, тойланбасын, не етейін,

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін,

Қаламымды берші маған, бәйбіше.

Болашаққа арыз жазып кетейін,- деп ақын тірісінде сый көрмесе де, оның екінші, мәңгілік өлмейтін өмірі басталды. 70 жастағы кең көлемде аталып өтті. „Ғасыр ақыны„ атағы берілді. Биыл 9-ақпанда 75жылдығы тойланды. 27 наурызда қайтқанына 30 жыл болады. „Өлмейтұғын артына сөз қалдырған„ деп М.Мұқағалидың өзі айтқандай „15 миллион қазағы тірі тұрғанда„ Мұқағали өлмейді!

Бағалау.

Үй тапсырмасы: 1)Аққудың киесі жайлы естіген аңыз әңгімелер

жазып келу.

2)Поэманың мазмұнына сурет салу.

Қорытынды: „Есіңе мені алғайсың„ әнін хормен айтып, сабақты аяқтау.



11-сынып

Тақырыбы: «ҚаҺар» романындағы Кенесары бейнесі

Мақсаты:


білімділік - Романның мазмұнын игерту,қарама-қарсы көзқараста талдау

арқылы бас кейіпкер Кенесарының іс-әрекетіне баға беру,шығарманың

тақырыбын,авторлық идеясын ашу.

тәрбиелік - Елін,жерін аялай,қорғай білуге,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

дамытушылық - Өз пікірін айту,қорғай білуін және сөйлеу мәнерін қалып-

тастыру,дамыту.

Сабақтың түрі: Дебат сабақ.

Әдісі: Зерттеу жұмыстары, пікір айту, сұрақ қою, кітаппен, картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлин, Е.Бекмахановтың суреттері,

Есенберлиннің кітаптарының көрмесі, нақыл сөздері, ойлары,

С.Оразалиновпен сұқпатынан үзінді,«Көшпенділер» туралы ұлы

адамдардың пікірі, «Эрмитаж» буклеті,Қ.Р-ның географиялық

картасы, І.Есенберлин жайлы мақалалар,т.б.

Пәнаралық байланыс:тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:класс бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру,

оқушыларды тексеру.Оқушыларды екі топқа бөлу.

ІІ. Негізгі бөлім:Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқушылар,өткен сабақта Ілияс Есенберлиннің өмірімен,шығармашылы-

ғымен танысып,оның бүкіл жазушылық еңбегінің асқар биігі болып сана-

латын «Көшпенділер»трилогиясын,соның ішінде «ҚаҺар»кітабын оқып

мазмұнымен танысып,көтерген тақырыбы,негізгі кейіпкерлері,олардың іс-

әрекеттері жайлы қысқаша мағлұмат беру үшін кейбір оқушыларға тап-

сырмалар бергенбіз.Алдымен осы «Зерттеушілер» тобына сөз берейік.

«Зерттеушілер» Хан Кене кім? Аты тарихта неге қалды?деген сұрақтарға

жауап береді.Уақыттарың шектеулі,ойларыңды жинақы айтуларың

сұралады.

1.Тарихшы – Атамұратов Жасұлан.( 3мин )Ата-тегі.Ұлт-азаттық

көтерілістің шығу себебі.Аумағы(картадан көрсету).

2.Тарихшы – Айтжанова Ақбота.( 2мин ) Көтерілістің етек алуы.

(Қатысқан ру – тайпалар жайлы).

3.Тарихшы – ДауренҚабиев(2мин).Көтерілістің зерттелуі.

4.Әдебиетші – Құлшынбаева Құралай. «ҚаҺар» романы жайлы.(Тақырыбы, идеясы,мақсаты,басты кейіпкерлері).

Мұғалім: «ҚаҺар» романы алғаш орыс баспасөзінде «Хан Кене» деген атпен басылған дедік. Романның басты кейіпкері – Кенесарыны автор қалай суреттеген?Кім айтады?(Кенесарының портретін бір оқушыға айтқызу).

Ілтипаттылық пен тәкапарлық қандай ұғымдар?(Қарама-қайшы).

Осы қарама-қайшы қасиеттердің бір адамның бойында тоғысуы нені білдіреді?(Автор басты кейіпкердің қарама-қайшылыққа толы бейнесін,іс-әрекетін қалай көрсетпек болған).

Мұғалім:Баспасөз беттерінде Кенесары жайлы шыққан әр қилы пікірлерді оқып жүрген боларсыңдар?Өз пікірлерің қандай?Ортаға салыңдар.Ал,енді, «Дебат»ойынын бастайық.

ІІІ. «Дебат» ойыны. «Хан Кене».

Жақтаушы топ.

Резолюция:Кенесары – ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.

Критерий:Не де болса дұшпаныммен алысып өлем.
Аргументтері:


  1. Абылай жолы - ауыр жол,

Батыр Кене, біліп қой.

  1. Ақмоланы алуы – қамал бұзар ер,ел бастай алатын кемеңгер екенін танытады.

  2. Қос тілектің ұштасуы.(Азаттық аңсаған халық пен Кенесарының ата жұртты аңсаған тілегі).

  3. Соңғы көш.(Шуға көшу).

Қорытынды: «Қазақта Кенесарыдай ер болмаған».

Спикер - Садықова Мейрамгүл (3мин)

Сұрақ қоюға,жауап беруге – 2мин.

Даттаушы топ.

Контррезолюция:Кенесары хандық үшін ғана күресті.

Критерий:Атаңа нәлет Хан Кене

Басыңа түссін ойран-ай.

Аргументтері:



  1. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық».

  2. «Абылайдың жолын қуу – бүкіл қазақтың басын қосып,үш жүзді билеу деген сөз».

  3. «Адамды аяу - әлсіздіктің белгісі».

  4. «Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмеген ел – ол менің жауым».

Қорытынды: «Патшаны патша ететін патша емес, жанындағылар».

Спикер -Абдыраманова ГауҺар (3мин).

Сұрақ қоюға,жауап беруге – 2мин.

Мұғалім:Мнадан бері бірің –даттаушы, бірің –жақтаушы ролінде сөйледің-

дер.Енді өздеріңнің ішкі ойларың не дейді,манадан бері айтқандарыңмен

ішкі ойларың үндесе ме?Кенесары қанішер ме,әлде батыр ма?

(Оқушылардың пікірін тыңдау).

Мұғалім: Естеріңде болар,Кенесары Таймас батыр мен Арынғазыға екі сұрақ қояды.Шын өмірде Кенесары бұл сұрақтарды қойды ма,қоймады ма? Бұл -автордың жас ұрпаққа,сендерге,қойған сұрағы.Енді сол сұрақтарды қайталап оқып,тыңдап,жауап беріп көрейік.(Кенесарының сұрақтарын екі оқушыға оқыту,оқушылардың жауабын тыңдау).

Мұғалім: Еліміз Тәуелсіз ел болғанына 15 жылдан асты.Сіз бен біз -Тәуелсіз Қазақстпнның ұрпағымыз.ХХІ ғасырдың көзі ашық,білімді жастары өткен тарихқа үңіліп,саралай отырып,не айта аласыңдар?Осыншама қырғынның не керегі бар еді?Сіз бен біз қолға қару алмасақ та,Тәуелсіздік өзінен – өзі келген жоқ па?

(Оқушылардың пікірін тыңдау. Эрмитаж буклетін көрсету).

Мұғалім:Кітапта айтылған Алтын сарай -Санкт – Петербургтегі Қысқы сарайда орналасқан әлемге әйгілі музей Эрмитаж. Кенесарының басы кейін құндылығын жойған соң,Москва музейлерінде сақталған.Кенесарының басын әкелу жөнінде де ойдай шу болды.Қураған басты әкелгеннен не түседі?

(Оқушылардың пікірін тыңдау. «Көшпенділер» фильмі туралы әңгіме).

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Махамбет пен Кенесары екі бөлек жандар .

Айырмашылығы:бірі хан тұқымын жауым десе,екіншісінің жауы- отаршылармен солардың қол шоқпарлары, өз туғандары.

Ұқсастығы:өмірлері күреспен өткен,жауларына бас имеген.Сол жолда басын берген,қазақтың рухы биік ұлдары.Қазақ халқының рухының басы. Рухынан айрылған халық-барынан айрылған халық.Кенесарының басын әкелу рухымыздың басын әкелу.Кеңес өкіметінің де жауы болып саналған Кенесары туралы бұрын айтылмағанын,сол үшін тарихшы ғалым Бекмахановтың 25жылға сотталғанын білесіңдер.Есенберлиннің де өмірі оңай болмады.Бұл кітабы үшін оны көп сынады.Бейбіт өмірде оған да жау табылып,ұзақ күресті.Бірақ жеңіп шықты.Егер Есенберлин бұл кітапты сол кезде жазбаса,Кенесары халқымен қаншама жыл кешігіп қауышар еді. Есенберлиннің еңбегі ерлікпен пара-пар.

IY.Оқушыларды бағалау.

Y.Үйге тапсырма: Ойтүрткі жазу.
8-сынып

Тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке»

Екі бөлімді драма (Ықшамдалып алынған)



Мақсаты.

Білімділік: шығарманың мазмұнын игерту; тақырыбын, авторлық идеясын ашу;

тәрбиелік: ата-ана алдындағы перзентік парызды білдіру; адамгершілікке тәрбиелеу; дамытушылық: әр нәрсеге өзіндік пікірін, «менін» қалыптастырып, оны қорғай білуге үйрету; ой өрісін кеңейту; тіл мәдениетін дамыту;

Көрнекілігі: Интерактивті тақта , слайдтар, Жазушының портреті

Сабақтың түрі: Дебат сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, интерактивтік әдіс (рөлдік ойын), сұрақ –жауап, пікірталас, оқулықты, үлестірмелерді пайдалану, топтастыру әдісі, «ой қозғау» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу, түгендеу, бөлменің сабаққа даярлыған тексеру.

Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:

- Шығарманың тақырыбы, идеясы не?



  1. Қандай кейіпкерлері бар? Жағымды кейіпкерлер кімдер, жағымсыз кейіпкерлер кімдер? (мысал келтіріп дәлелдеу)

  2. Кім сюжетін айтып шығады?

  3. Сөздік жұмыс (өздеріне түсінексіз сөздердің мағынасын ашу)

  4. Қамажайға мінездеме (топтастыру әдісімен)

  5. Бауырларының өмірден өз орындарын табуы кімнің еңбегі

  6. Қамажайдың арманы не еді?

  7. Арманы орындалды ма?

Сөздік жұмыс

1. Ателье —

2. Күнжара —

3. Финанс —

4. Эффектісі —

5. Экстра —

6. Деликатес —

7. Маркизет —

8. КамАЗ —

9. Подружка —

10. Закуска —

11. Кондуктор —

12. Субьективті пікір —

13. Обьективті пікір —

«Ой қозғау» үшін сұрақ: Қамажай бақытты ма?

Жаңа сабақ: Дебат

«Ізгілік» тобы.

Тақырыбы: Қамажай - бақытты жан

Кілт сөздері: Бақыт — сөз бен істің бірлігі;

Анасын жоқтатпаймын деп жүріп, шын ана болып кеткен сияқтымын.

Азамат деген сендей -ақ болсын

Дәлелдеме: (ІІІ мин) Жетекші: Ол өмір бойы бауырларының бақыты үшін, болашағы үшін, оларды жетімсіретпеу үшін күресті. Төртеуі де азамат болды. Омар — Қарағанды университетінде кафедра меңгерушісі; Темірбек — КамАЗ-да бригадир; Нәзила — мұғалім;Ермек — оқушы; Қамажай — бақытты жан. («Омардың өмір жолы», «Темірбектің өмір жолы», «Нәзиланың өмір жолы» кестесін даярлау).

Омардың өмір жолы


  1. Диссертациясын қорғайды.

  2. Гауһарға үйленеді.

  3. Қарағанды университетінің кафедра меңгерушісі болады.

  4. Шет елге жиі сапарға шығады.

  5. Көп ұзамай әке болады.

О м а р — б а қ ы т т ы!

Темірбектің өмір жолы

  1. Үнемі әпкесін ренжітеді.

  2. Үйленеді.

  3. Әйелі баланы алдыртқанда қарсы болмайды.

  4. КамАЗ — ға көшіп кетеді.

  5. Бригадир болады.

  6. Әке болады.

Т е м і р б е к — б а қ ы т т ы!

Нәзиланың өмір жолы.

  1. Институт бітіреді.

  2. Мұғалім болады.

  3. Ұзамай тұрмысқа шығады.

  4. Диссертация қорғауға дайындалып жүр.

Н ә з и л а — б а қ ы т т ы!

Қарсы топтың сұрағы, оған жауар беру — ІІ мин.

Шешімі: Бақыт жеңіс немесе жеңіске апарар күрес.

«Іскерлік» тобы

Тақырыбы: Қамажай - бақытсыз жан.

Кілт сөздері: Бақыт деген — өз дегенінше өмір сүру.

Шыдамның да шегі бар.

Мен қалайын жападан — жалғыз.

Дәлелдеме: (ІІІ мин) Жетекші: Рас, бауырлары азамат болды. Барлығының да өмірден өз орнын табуы — Қамажайдың арқасы. Ал өзі ше? Өмірден өз орнын тапты ма? Айналғанда жападан — жалғыз қалды. «Бақыт деген — өз дегенімізше өмір сүру» деп Кәмила айтқандай, ол өзі үшін өмір сүре алмады, өзге үшін өз бақытын құрбан етті. Қамажай — бақытсыз жан.

(«Қамажайдың өмірден жоғалтқаны»кестесін даярлау).



Қамажай не жоғалтты?

1. Cүйген адамына қосыла алмады.

2. Бала сүйіп ана атану бақытына ие бола алмады.

3. Жасы асып кетіп, оқуға түсе алмады.

4. Жалғыз қалды.

Қарсы топтың сұрағы, оған жауар беру — ІІ мин.

Шешімі: Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік.

Мұғалімнің сұрағы: Осы драманың, яғни шығарманың шырқау шегі қай оқиға деп ойлайсыңдар?

Драмадан сахналық көрініс.

Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада АНА портреті. Оның астында «60» жас деген жазу көрініп тұр. Көрші әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды.

Рөлдерде:

Әйел —Жаңбырбаева Гүлжайнар.

Қамажай —Ерсайынқызы Айзада.

Ермек — Қозыбайұлы Шерхан.



Мұғалімнің сұрағы:

Омар мен Темірбектің тойға келмеуі дұрыс па?

«Ізгілік» тобының пікірін тыңдау.

«Іскерлік» тобының пікірін тыңдау.

Сарапшылардың пікірін тыңдау.

Қамажай бақытты ма?

Мұғалімнің сұрағы: (Жалпы қойылатын сұрақтар) Оқушылар, келесі сұрақтарға өз ойларыңды айтуларыңа болады. Ішкі жан дүниелерің не дейді?

Қамажай бұл тойды не үшін ұйымдастырады деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың пікірін тыңдау.)

Үміті ақталды ма?Олар нені ұмытты? (Перзенттің ата-ана алдындағы парызы.)

Перзент парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

Қамажайдың бауырларының орнында өзің болсаң не істер едің?

Сарапшыларға сөз беру.

Сарапшылар: Ерсайынқызы А — психолог, Қозыбайұлы — социолог, Оразалыұлы Д. — тіл маманы, ОтарбековН. — педагог.

Қорытынды сөз: Ұлы педогог Сухомлинскидің «Перзент парызы» деген өсиетінен үзінділер оқып беру:

« Кәрілік бақыт бола алмайды. Кәрілік тыныштық немесе қасірет болуы ғана мүмкін. Сый-құрметке ие болғанда ғана , ол тыныштық болады. Ұмытшақтық пен жалғыздық оны қасіретті етеді. Аталарың мен әжелеріңнің, аналарыңмен мен әкелеріңнің қарттығын қасіретке айналдырмаңдар!»

«Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы татулық пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

Гауһар Әлімбекованың орындауындағы «Ана» деген әнді тыңдау. Оқушыларға өз қалаулары болса, АНА тақырыбына ән айттыру, өлең оқыту.



Бағалау: (Рейтингтік жүйемен бағалау).

Үйге тапсырма: « Перзенттің ата — ана алдындағы парызы» тақырыбына шығарма жазып келу.

Әдеби кеш. 11- сынып

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! 11-сынып оқушылары арасында өтетін бүгінгі шара көркем әдебиетке арналмақ. Сондықтан бүгінгі сіздер көріп, тамашалайтын екі топтың сайысын, тартысын – көркем шығарманың сюжеті, шығармадағы оқиғаның дамуы деп, ал 11-сынып оқушыларын, қазылар алқасын көркем шығарманың кейіпкерлері деп қабылдаңыздар.



Бұл шығарманың тақырыбы: Әдебиет – өмір айнасы.

«Әдебиет – өмір айнасы» кешінің жоспары

1.Пролог (мұғалімнің алғы сөзі)

2.Экспозиция (басталуы, яғни кіріспе)

3.Байланыс (үй тапсырмасы)

4.Дамыту (Халық ауыз әдебиетінен сұрақтар)

а) жұмбақ

ә) айтыс (қайымдасу)

5.Дәлелдеу (білім сайысы)

6.Шиеленіс (екі топтың бір-біріне сұрағы)

7.Ситуация (топ басшыларының сайысы)

8.Шырқау шегі (өнер сайысы: көрініс, би)

9.Шешімі (қазылар алқасының шешімі)

10.Эпилог (марапаттау)

Пролог: Алғысөз дегенді білдіреді. Мұнда автор шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтейді. Ендеше мен де сіздерді шығарманың идеясымен таныстырайын.

Шығарманың идеясы: Қазақ әдебиетін оқып үйрену, оның тарихына, қыр-сырына үңілу, қадір-қасиетін білу, көркем әдебиетті сүйіп оқу, тіл мәдениетімізді, ой-өрісімізді дамыту.

Көркем шығарманың композициясымен таныс болыңыз.

І Экспозиция, яғни шығарманың басталуы, көркем шығарманың кіріспесі. Кейде дәйектеме деп те аталады. Мұнда шығарманың кейіпкерлері өзара қарым-қатынас, тартысқа көшпес бұрын оқырман хал- жағдаймен таныстырылады. Екі топтың мүшелерін ортаға шақырамыз.

Топ мүшелерімен танысайық: «Жас қалам» тобы және «Жолдастар» тобы.

Бұл бөлімде оқушылар топты, оның мүшелерін және шығарған газеттерінің мазмұнымен таныстырады (топ мүшелеріне сөз беру).

Қазылар алқасының шешімін тыңдайық.



ІІ Байланыс, яғни оқиғаның басталуы.

Қазіргі жазба әдебиет ауыз әдебиетінің негізінде туды. Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың асыл да мол мұрасы, нелер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Біздің қаһармандарымыз сол асыл мұраны қалай игерді екен көрейік.



Үй тапсырмасы «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Үй тапсырмасы бойынша мақал-мәтелдерді қатыстырып екі адамның диалогын құрастыру. Топ мүшелеріне сөз береміз.

«Жас қалам» тобы:

1-оқушы: - Әй,қайдан келесің?

2-оқушы: - «Сәлем – сөздің анасы» деген әуелі амандасып алайық та! Хал-жағдайың қалай? Сабаққа келмедің, ауырып қалған жоқсың ба? «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын» деген сыртыңнан тілекшіміз гой, әйтеуір, денсаулығың қалай?

1-оқушы: - «Жарлының байлығы – денсаулығы» деген, ең бірінші байлық – денсаулық керек екен. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде болып тұр ғой. Аздап сырқаттанып қалдым.

2-оқушы: - «Ауру қадірін сау білмес» деген сенің ауырғаныңа кейбіреулер көрмеген соң сенбейді ғой. «Саулық негізі - сақтық». «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме? Өзіңді өзің күтуің керек. Күн салқын, жылы киініп жүр.

1-оқушы: - «Біреу жаныңа дос, біреу малыңа дос». Нағыз досымызды осындай қиналғанда білеміз ғой. Рахмет! Мектепте не хабар? Қандай жаңалық бар?

2-оқушы: - «Оқу инемен құдық қазғандай» екенін өзің де білесің ғой. Апайлар мен ағайлар: «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген, дайындалыңдар! «Не ексең соны орасың», нәтижесі де жақсы болады, – деп жатыр.

1-оқушы: - «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі» емес пе?! Ұстаздар бекер айтпайды. Оқуын тапса білім қонар, оқу керек. Сенің таңдау пәнің қандай?

2-оқушы: - «Білімдіге дүние -жарық, білімсіздің күні – кәріп» деген. Мектепте алған білімді одан әрі жетілдіріп, еңбек ететіндей өз таңдауымды «Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең» деп, әке-шешемнің ақылымен «физика» пәнін таңдадым. Өзің ше?

1-оқушы: - «Өнер алды – қызыл тіл» демей ме атам қазақ. Тіл маманы болу мен үшін кішкентайдан келе жатқан арманның бірі, сондықтан «қазақ әдебиеті» пәнін таңдамақпын. «Жан қиналмай, жұмыс бітпес, талап қылмай, мұратқа жетпес», «Еңбегіне қарай өнбегі» дегендей, болашақта оқыған еңбегіміздің рахатын көргенде білеміз ғой.

2-оқушы: - Иә, уақыт сыншы. Уақыт қазір-ақ зырлап өте шығады. Уақытты үнемдей білейік.

1-оқушы: - Айтпақшы сен математикаға жақсысың ғой, екеуміз бірігіп дайындалайық. «Көп түкірсе- көл» деген бар емес пе?

2-оқушы: - «Көптің еңбегі өнімді, көптің ісі көңілді» деген де бар ғой. Бірігіп дайындалсақ, бірігіп дайындалайық.

1-оқушы: - «Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер» демекші, қосымша сабаққа бара жатыр едім. Уақыт болып қалыпты ғой.

2-оқушы: - «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» көп сөйлесіп тұрып қалыппыз ғой. Мен де үйге барайын. Сау бол!

1-оқушы: - Көріскенше күн жақсы болсын!

«Жолдастар» тобы:

1-оқушы: - «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» демекші, қайдан келесің, қайда барасың?

2-оқушы: - «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені». Қазақ әуелі амандық-саулық сұраспаушы ма еді?

1-оқушы: - «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Жеңілдім. Е, жай жүрмісің, шамалы ауырып қалды деп естіп едім, жақсымысың өзің?

2-оқушы: - «Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады» дегендей, ем-дом іздеп қалаға кетіп барамын.

1-оқушы: - Мына аязда табаннан өткен ызған қойсын ба? «Денсаулық – зор байлық» қой, денсаулықты күтпесең болмайды.

2-оқушы: - Е-е, мені қойшы, өзің қалайсың? «Ел құлағы – елу» емес пе. Жұмысқа тұрғаныңды естіп, қуанып жатырмыз.

1-оқушы: - «Жылай-жылай арық қазсаң, күле-күле су ішерсің» дегендей, бүгінде бейнетімнің зейнетін көріп отырмын.

2-оқушы: - «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген. Бірлесіп пішкен тонның келте болмайтыны белгілі ғой.

1-оқушы: - «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң ,қаларсың ұятқа». Барлығы жолдастарымның арқасы ғой.

2-оқушы: - «Татулық – табылмас бақыт» деген. «Ерлік білекте емес – жүректе». Ақжүрек адамның азбайтыны рас. Жолдастарымыз аман болсын. Ал жақсы, пойыздың да жүретін уақыты болған сияқты.

1-оқушы: - «Сабыр түбі – сары алтын». Көп уайымдай берме, жазылып кетесің ғой. Шипаң дауалы болып, жазылып кетуіңе тілектеспін!

Қазылар алқасының бағалауы.

ІІІ Дамыту 1. Жұмбақтар. «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» - деген екен академик М.Әуезов. Ендеше кейіпкерлеріміздің ойлау жүйесін тексерейік.

Жұмбақтар (кезекпен қойылады)


  1. Бес жанды бір жансызға міңгеседі.

Үстінен ақ тақырдың із кеседі. (бес саусақ, қалам, қағаз)

  1. Мұрты бар – сақалы жоқ.

Тоны бар – шапаны жоқ. (мысық)

  1. Біз, біз, біз едік,

Біз арбалы қыз едік,

Таң атқанша жайылдық,

Таң атқан соң жойылдық. (жұлдыздар)


  1. Жез қораның ішінде

Темір құлын кісінеп,

Қайта келіп ісіне

Кіріседі кісі көп. (қоңырау)


  1. Үш қазық, екі желі тоғыз ноқта

Теңселіп тербеледі адам соқса,

Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен

Не пайда үндемейді адам жоқта. (домбыра)


  1. Өздігінен жүрмейді, жарыспайды.

Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.

Аяғы екеу болғанымен, ізі жалғыз

Сағатта талай жерді қарыштайды. (велосипед)


  1. Бір нәрсе жердің бетін шыр айналған,

Мақұлық, біз білмейтін қайда барған.

Арасын жер мен көктің мекен қылып,

Байлаусыз бір арада тұра алиаған. (бұлт)


  1. Бір нәрсе көрінбейді бар ғой өзі,

Адамзат ол нәрсені көрмес көзі,

Жансызды қимылдатып жанды қылар,

Ызылдап ызыңданар айтқан сөзі. (жел)


  1. Дүниеде бір дария беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан.

Қараса сол құдыққа көз жетпейтін,

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (кітап)


  1. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып,

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланан тәмам халық. (кітап)

Қазылардың шешімін тыңдау.



2. Айтыс – сөз барымтасы. Ауыз әдебиетінің бір түрі- айтыс. Қазақтардың сөз өнеріне шеберлігі жайлы шығыс зерттеушісі академик Радлов: «Сөз сайысына келгенде, қазақтардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таң қалдырады» - деген екен. Ендігі сайыс түрі – айтыс. Айтыс түр ерекшелігіне қарай екіге бөлінеді: түре айтыс және сүре айтыс. Сүре айтыс – тек суырып салма нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп, көсіле жырлайтын түрі. Түре айтыс бір-бір ауыз өлеңмен қысқа жауаптасып отыратын, ақындармен қоса жалпы көпшілік қолданатын түрі. Бұның ең оңайы – қайым өлең, екіншісі қара өлең деп бөлінеді. Сіздердің тамашалайтындарыңыз қайым өлең, яғни қайымдасу. Алғашқы екі тармағы былай басталады:

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын

Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын

Топ мүшелері келесі екі тармағын ойдан шығарып, бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруі керек. Топ мүшелеріне сөз береміз. «Жас қалам» тобы бастайды.

Айтыстың бағасын қазылар алқасынан сұраймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет