«Әжемнің қоржыны» әдісі арқылы топқа бөлу.
Ал, балалар, біздің әжеміз ауылдан қоржынға салып, тәттілерін сендерге беріп жіберіпті. Қазір барлығымыз осы тәттіден ауыз тиейік. Әр алған тәтті кәмпитте отбасымызға арналған әжеміздің жүректен шыққан жақсы тілегі жазылған (шаттық, қуаныш, мейірім). Оқушылар осы аталған тілектерге байланысты топқа бөлінеді.
1-топ. «Мейірім».
2-топ. «Шаттық».
3-топ. «Қуаныш».
Үйге берілген тапсырманы «Сиқырлы қол орамал» әдісі бойынша әр алған қол сүрткіштің санына қарай мұғалім үй жұмысына байланысты тапсырмалар ұсынады. Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
– үй жұмысына берілген тапсырманы қорытындылайды;
– сұрақтарға жауап береді;
– бір-бірімен пікір алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: |