Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Нурханова Гүлнар Кушековна 6 сынып Қызылорда облысы



Дата24.04.2017
өлшемі48,47 Kb.
#14582
түріСабақ
Бекітілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: М. Тұрғанова

Бас орамал мен алжапқыш пішу

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар




Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Нурханова Гүлнар Кушековна


6 сынып


Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

№30 орта мектебі


19 апта

19 - сабақ

Сабақтың атауы

Бас орамал мен алжапқыш пішу.

Жалпы мақсаты

Алжапқышты пішу туралы мәлімет беру;

Үлгі арқылы матаға салып пішуді үйрету;

Топта бірлесіп жұмыс жасау.


Міндеттер

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

  • Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу.

  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Киімдер әлемі, «Кім шапшаң» әдісі,

Сәйкестендіру тесті, топтық, жұптық, жеке жұмыстар, Бармақ, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», критерий арқылы, рефлексия .



Сабақтың көрнекілігі

Дайын бұйым, Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай слайдтар, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, мата түрлері.

Негізгі идеялар

Оқушыларға алжапқыш бұйымы мен бас орамалдың үлгісін қолдана отырып, матаға орналастырып, пішуді үйрету.

Күтілетін нәтиже

Алжапқышты пішу туралы мәлімет алады;

Үлгі арқылы матаға салып пішуді үйренеді;

Топта бірлесіп жұмыс жасайды.


Оқушыларды

топқа бөлу.



Мамандыққа байланысты топқа бөлінеді (тігінші, пішуші)

2мин


І. Кіріспе


Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы




Киімдер әлемі.

Түсіндірулер арқылы бағалау(өте жақсы, тамаша, сенің қабілетің

күшті ) 4 мин


  1. Киім пайдалануына қарай неше түрге бөлінеді?

  2. Алжапқыш киімнің қай түріне жатады?

  3. Алжапқышты қай жерде пайдаланамыз?

  4. Киімге қандай талаптар қойылады?

  5. Бұйымның өлшемдері қандай құрал арқылы алынады?

  6. Өлшем алу ережесі?

  7. Алжапқышқа қажетті өлшемдерді ата?

  8. Үлгіні қалай дайындаймыз?

  9. Алжапқыштың бөлшектерін ата?

  10. Киімді модельдеу дегеніміз не?

  11. Конструкциялау дегеніміз не?

  12. Алжапқыштың шығу тарихы?

ІІ. Тұсаукесер

«Кім шапшаң» әдісі.

Бағалау: Бармақ

арқылы


Алжапқыш, орамал сөздерін септейді.

3 мин


Жаңа тақырыпты ашу. Ой қозғау.

2 мин



Алжапқыштың дайындау реттілігі

  1. Өлшем алу;

  2. Сызба тұрғызу;

  3. Модельдеу;

  4. Үлгі дайындау;

  5. ... ...

  • Алжапқыш тігу үшін қандай мата таңдаймыз?

  • Алжапқышқа қажетті матаның қасиеті қандай болуы керек?

  • Мата неше жіптен тоқылады?

  • Үлгіні матаның қай бетіне орналастырамыз?

ІІІ. Негізгі бөлім. Топтық жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

5 мин


Матаны пішуге дайындау туралы мәліметтерді постер бетіне түсіру.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Жұптық жұмыс.

Сарамандық жұмыс.

Бағалау:

Критерий арқылы

20 мин


Тігін бұйымдарын пішу барысында:

  • матаға пішімді түйреуішпен түйреу;

  • пішім контурын бормен айналдыра сызу;

  • тігіс қосымшаларына орын қалдырып белгілеу;

  • бөлшектерді пішу;

  • пішім үлгілерін қиып алынған пішім бөлшектерінен алу;

  • пішім бөлшектерін түйреуішпен біріктіру.

Тест.

3 мин


  1. Бойлық жіптің бағыты не үшін ескеріледі?

а) үнемді пішу үшін;

ә) бұйымның созылуын болдырмау үшін;

б) бұйымның аздау қыртысталуы үшін.

2. Пішімді матаға көшіру ненің көмегімен асырылады?

а) көктеу инешаншымы;

ә) кескіш;

б) тігінші боры.

3. Пішу кезінде технологиялық операцияларын дұрыс

реттілігін көрсетіңіз.

а) матаны түйреуіштермен түйреу;

ә) бөлшектерді контур бойынша айналдыра сызу;

б) оң жағын анықтау.



IV. Қорытынды.

Сәйкестендіру

2 мин


Әр мамандық бойынша алжапқыштарды сәйкестендіреді.

Үйге тапсырма

2мин


Пішілген алжапқыш бұйымы мен орамалдың ақауларын жөндеу.

Тақырыпты оқу.



Рефлексия 2мин

Рефлексия жазу:

Сабақ ұнады ма ?



Бүгінгі сабақтан алған әсерін қандай?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін плакаттағы смайликтердің тұсына шығу парағын жабыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет