Қолданылуы және биологиялық ролі. Ересек адам ағзасында 2% кальций болады, оның 99%- ы тістер мен сүйектерде кездеседі. Са2+ ионы қанның ұюына әсер етеді. Ең бірінші, кальций ас қорыту жұмы¬сына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне және шәуһат өндіру жүйесіне қатысады. Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқалыпты жұмыс істеуіндегі басты құрам болып табылады. Адам салмағының 9 пайызын қан құрайды, ал жүрек – қанды айдайтын «насос». Кальцийдің үшінші міндеті – жүйке жүйесі арқылы белгі беру. Оны ми басқарып отырады. Кальций, төртіншіден, бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. Егер кальций жетіспесе, адамның сезу, көру, сөйлеу, тағы басқа мүмкіндіктері бұзыла бастайды. Егер кальций аз болса, ми безі ағза мүшесінің белгілі бір бөлігіне бұйрық береді де, ол басқа бір мүшенің есебінен толықтырылады. Мысалы, сүйектегі қанды алып, оны қан құрамының өзегіне қосады. Кальций жетіспеушілігі адамды іштен «кеміріп», түрлі сырқаттарға соқтырады екен.