Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 25-сабақk
Бөлім:
Атақты тұлғалар
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сынып: 3
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың бұлбұлы. Күләш
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақтың мақсаты
ватсаппен
Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп оқиды, жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады.
Көптеген оқушылар: мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қоя алады.
Кейбір оқушылар:тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын талдай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
12
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу: - «Аяулы Жақаң» мәтінін мазмұндау.
Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:
- Суретке зер салыңдар. Сурет туралы не айта аласыңдар?
- Опера туралы не білесіңдер? Топтастыру жұмысын жасаңдар.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда опера әншісі Күләш апамыз жайлы оқып танысатын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Оқушыларды топқа бөлу «Таңдау» әдісімен микрофон суретін алғызу арқылы жүреді.
Жаттығу жасайды.
Оқу тапсырмасы жайлы сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
Микрофон суретін таңдайды, топқа бірігеді.
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Мәтінмен жұмыс.
«Күләш» мәтінін түсініп тізбектей оқыңдар.
- Мәтіннің естелікке құрылғанын дәйектеңдер.
Б) Суретпен жұмыс.
Берілген сурет пен сөздердің байланысын анықтаңдар. Тірек
сөздерді пайдаланып, К. Байсейітова туралы әңгімелеңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.