Пәндік аймағын үлгілеу. Пәндік аймағын үлгілеу кезеңі келесі кезеңдерге бөлінеді:
Пәндік облысты анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
Даталогиялық және физикалық жобалау.
Концептуалды сызбасын құру.
Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру. Әрбір ақпараттық жүйе оның белгіленуіне байланысты шынайы өмірдің қандай да бір бөлшегіне тәуелді. Ол жүйенің пәндік облысы деп атауға келісілген. Осы пәндік облысты анықтау кезеңінде қолданушының келешек жүйесінің барлық қажет ақпараттық қажеттіліктері нақтыланады. Ол өз кезегінде мәліметтер қоры мазмұнын анықтайды. Берілген ақпараттық жүйенің пәндік облысы шынайы объектілер жиынтығы ретінде қарастырылады. Әрбір объект қасиеттер жиынтығынан тұрады (Сурет 2).
Шынайы объектілерді әрбір нақты жүйенің контекстінде қарастыру бұл жағдайда қасиеттерді абстрактілеу талап етіледі. Қандай да бір жүйеге тән қасиеттер екінші бір жүйеге ешбір қатысы болмауы мүмкін. Пәндік облысты кеңірек меңгеру үшін объектіні барлық жиынның пәндік облысының құрылымы бойынша біртекті деп аталатын объектілер тобына бөлуге болады. Біртипті объектілер даналарының атрибуттар жиынтығы бірдей болатындығы айқын. Сондықтан оларды шартты түрде берілген типтін қасиеттері деп есептеуге болады. Пәндік облыстың әрбір объектісі басқа объектілерден айрықша болуы керек.
Сурет 2. Пәндік облыс құрылымы
Осы мақсатпен берілген типті объектілерге, яғни оларға сілтеме жасауға мүмкіндік беруші, идентификатор белгіленуі мүмкін. Қарастырушы нақтылы объектілер типі мен олардың мәндер арасындағы өзара-бірмәнді сәйкестік үшін мұндай иденификаторды уникалды деп атайды.
Уникалды идентификатор ретінде, сонымен бірге алғашқы кілт деп аталушы қандай да бір атрибут немесе объектілердің бірнеше атрибуттарының комбинациясын алуға болады. Кілттер күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым кілт бір ғана өрістен, ал күрделі немесе құрама кілт бірнеше өрістерді қамтиды. Қарапайым кілт унигальды болу мүмкін, құрама кілт жеке өрістерде қамтылуы мүмкін. Бірақ бәрінде бір уақытта емес сәйкесінше кілт құрылатын өрістер кілттік өрістер деп аталады. Әр бір кесте тек бір ғана кілт болуы мүмкін. Кілт кейде бастапқы кілт немесе индекс деп аталады. Кілттің атқаратын рольі: кілт ең алдымен кесте жазбаларын бір мәнді анықтауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар кіліт мәліметтер қорынан сұраныстарды жылдам орындау үшінде қызмет етеді. Кілттік өріс бойынша мәлімметтер қоры кестесінің арасында байланыс ұйымдасады.
Пәндік облыстың объектілері арасында түрлі мазмұнды мәндері бар байланыстар болуы мүмкін. Объектілер типі мәнінің терминінде сәйкес типті объектілер даналары арасындағы байланыстар туралы айтуға болады.
Объектілер типтері және олардың арасындағы байланыстар типінің жиынтығы пәндік облыстың құрылымын сипаттайды.
Пәндік облыс объектілер типі мен түрлі типті объектілер даналар жиынтығы, объектілер, атрибуттар мәнімен олардың арасындағы байланыс уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістер пәндік облыстағы жаңа объектілердің пайда болуына немесе пәндік облыстағы кейбір бар объектілер арасындағы бар байланыстарды жоюға немесе жаңа байланыстарды орнатуға әкеледі. Сондықтан да, уақыттың әр мезгілінің өзгеруіне байланысты пәндік облыстың қандай да бір күйін салыстыруға болады.
Бұл қасиеттер объектілер типіне, байланыстар типіне және олардың кейбір даналарына спецификацияланатын бүтіндеу шектігін беріуі мүмкін. Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің дұрыстығын регламенттейтін шарттар. Шектеудің үш түрін ажыратады:
объектілер даналарының мәніне, яғни әрбір құраушы қасиеттерінің мүмкін мәндеріне шектеу. Олар мәліметтер құрылымы жеткізілімділігі ережелерімен, операцияларды орындау ережелерімен анықталады;
логикалық шектеулер, мәліметтер қоры сызбасымен, мәліметтерді сипаттау арнайы тіл конструкцияларымен байланысты. Мысалы, егер қандай да бір атрибут алғашқы кілт сияқты анықталған болса, онда бұл объектілердің көптеген даналары екі немесе одан да көп алғашқы кілттерінің мәндері бірдей даналардан тұруы мүмкін емес;
мәліметтер қорын басқару жүйесі берілген шектеулер бойынша, мәліметтер қорын бір күйден екінші бір күйге ауыстырған кезде, мәліметтердің қарама-қайшылықсыздығын туғызбауын қамтамасыз етуі тиіс.
Кейбір пәндік облыстың құрылымын және бүтіндеу шектігін бейнелеу, осы құрылымды жүзеге асыруды анықтау пәндік облыстың инфологиялық үлгісін құрайды.
Инфологиялық үлгі пәндік облыс құрылымы мен динамикасын, сипаттамасын қолданушы жүйелерінің терминдерден ақпараттық қажеттіліктер сипатын және нақтылы таңдалған мәліметтер қорымен басқару жүйесі құралдарына тәуелді емес сипаттамасын бейнелейді.
Инфологиялық үлгінің белгілеуінен шығатын негізгі талаптар:
пәндік облыстың бейнеленуі;
үлгінің интеграциясы, яғни ол жүйені қолданушылардың көзқарастары мен қажеттіліктерін бейнелеуі тиіс;
инфологиялық үлгі ақырғы қолданушылар үшін де, өндеушілер үшін де коммуникациялық құрал болып табылады. Оның құрамында автоматтандырылған ақпараттық жүйені арықарай жобалау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
Инфологиялық үлгінің құрауыштарын келесі түрде көрсетуге болады (Сурет 3).
Сурет 3. Инфологиялық үлгінің құрауыштары
Достарыңызбен бөлісу: |