Сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу 1 Мәліметтер қоры және оларды жобалау технологиясы



бет9/9
Дата28.04.2020
өлшемі224,89 Kb.
#65065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория

Формаға компонентті орналастыру


Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі-шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аумағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады .

Cурет 12. Label компонентін формаға орналастыру
Формаға орналастырылған компоненттің аты келісімше Label1-белгі 1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы компонентті белгілеп тұрып, Объектілер бақылаушы терезесіндегі Caption қасиетін таңдап, оң жақтағы Label1-дің орнына басқа жазуды қоюға болады:








Сурет 14. Font-тің сұхбаттасу терезесі
Компоненттегі мәтіннің әр түрлі параметрлерін Объектілер бақылаушысының терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы «...» белгісін басып шрифтің түрін, түсін, таңбалардың биіктігін таңдауға болады (Сурет 14).

Осы әрекеттерді Font-тің сол жағындағы «+»белгісін басу арқылы ішкі Size параметрінде таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color параметрінің ашылатын тізімінен қажетті түсін анықтауға болады. Font=>Style=>fsBold-True, fsItalic-True-ден таңдап әріптерді жуандатылған курсив түріне өзгертуге болады.

Delphi өз бетімен бағдарламаның интерфейстік бөлігіне procedure Button1Click(Sender: TObject); деп қосып, бағдарламаның орындалатын бөлігінде процедураның қабықшасын келесі түрде шығарады (Сурет 16).

Терезедегі procedure TForm1.Button1Click (Sender: TObject) –процедураның тақырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзімен басталады, сонан кейін тұрған құрамды атаудағы TForm1-кластың аты, Button1Click-процедураның аты. Кластың және процедураның атаулары нүктемен («.») ажыратылады.



Сурет 16. Button1Click процедурасының қабықшасы
Класс деп Delphi ортасындағы үлгі ретінде қолдануға болатын функционалды толық бағдарламаның үзіндісін атайды. Алдын ала класты құрып алып, сол кластың көшірмелерін әр түрлі бағдарламаларға немесе бір бағдарламаның әр түрлі үзінділеріне орналастыруға болады.

Delphi құрамына Inprise корпорациясының жүздеген стандартты кластары кіреді. Delphi ортасындағы барлық компоненттер белгілі бір кластың құрамына жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның атауы және сандық индекстен тұрады. Delphi ортасындағы барлық кластардың аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының атаулары TForm1, TForm2 және т.с.с. болып келеді

Delphi 7.0-де құрылғының қосымша жоба түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар:


  1. Жоба коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады);

  2. Форма сипаттамасы (DFM);

  3. Форма модулі (PAS);

  4. Модулдер (PAS);

  5. Объектілер параметрі (ОРТ);

  6. Ресурстар сипаттамасы.

Копилятор таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым жобаның өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген жоба құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс.

Негізгі бағдарлама төмендегідей құрылымда болады:

Program project1;

Uses Forms,

Unit1 in ‘Unit1. pas’{Form1},

Unit2 in ‘Unit2 . pas’{Form2};

{$R*.RES}

Begin


Application. Initialize;

Application. Create Form(TForm1,Form1);

Application.CreateForm(TForm2,Form2);

Application.Run;

End.

Жоба аты жоба файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу барысында да ресурстар файлымен жобалар параметрлері файлы да осы атпен аталады. Жоба файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Жобаны құру жоба файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның ехе файл жоба атымен аталады.



Жоба файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол үшін Progect/view Sourec (жоба) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау үшін view\Forms…shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті модульді ашу үшін view-Units… немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар файлының жоба аты беріледі. Жобаны сақтағанда автоматты түрде құрылады. Delphi 7.0-тен ресурстар файлымен жұмыс жасауға арналған графиктік редактор қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы арқылы алынады. Ресурстарға :

  1. Компоненттер пиктограммасы (.DCR);

  2. Растрлық бейнелер (.BMP);

  3. Қосымшалар пиктограммалары (.ICD);

  4. Курсорлар (.CUR).

Жоба параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.

Жобаны компиляциялау және орындау. Жобаны компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progect\complie <жоба аты> ctrlF9 командалары арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін жоба файлы компиляцияанады да қосымша орындалуға дайын файл құрылады. Жобані Delphi 7.0 немесе Windows жүйесінде жүктейді.

Компоненттер. Delphi 7.0-ң компоненттері палитрасындағы АDО компоненттері базалық объектілермен баптаулар жүргізеді және олардың көптеген қасиеттерін, әдістермен оқиғаларын Delphi 7.0-ге ыңғайлы түрге келтіреді. Базалық объекттер әдетте олармен байланысқан объектілер коллекциясымен сүйемелденеді. Мысалы, Connеction обьектісімен орнатылған байланыс қателерін фиксирлейтін Errоr-дің бір немесе бірнеше объектілермен байланысуы мүмкін; Record set объектісімен әрқайсысы мәліметтер жиынын нәтижелейтін тек жалғыз өрісті анықтайтын Field объектер жиынымен байланысады. Command объектісімен бір немесе бірнеше Parametеr объектісі байланысады. Execute әдісінің орындалуын және Errоr объектері коллекциясын нақтылайды. Осыған байланысты АDО-ң негізгі (Connеction, Recorder, Command) және көмекші (Errer, Field, Parametеr, Property) объектілерін атап өтуге болады.

Connеction объектісі мәліметтермен байланысуды орнату үшін арналған, бұл оның ең негізгі міндеті. Сонымен қатар, обьекті транзакция механизмін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда Connеction осы объектілер транзакциясын басқарады. Объектімен Connеction обьектісінің жұмысымен байланысты барлық қателерді фиксирлейтін Errer объектілер жиыны байланысқан.

Record set объектісі ағымдық мәліметтер жиынын ұсынады. Ол Command қандайда бір объектісінің Execute әдісі орындалғаннан кейін ғана алынуы мүмкін. Обьектімен автоматты түрде НD барлық өрістері сипатталатын Field объектілер жиыны байланысады. Record set объектісі қажетті жазбаларды сақтауға, олардың орындарын ауыстыруға, үстемелеуге, жоюға және редактірлеуге арналған. Объекті құру барысында автоматты түрде жазбаны өзгерту және редактірлеу, алдын-ала қарап шығуды қамтамасыз ететін меңзермен байланыс орнатылады.

Command объектісінің көмегімен қолданушы мәліметтермен кез келген SQL командаларды орындай алады. Олармен сұраныстың орындалуы үшін қажетті сәйкес параметрлерді сипаттайтын Parametеr обьектілер жиыны байланысуы мүмкін. Объектінің сипаты ерекшеліктері болып онымен байланысқан командалардың асинхронды орындалу мүмкіндігі табылады. Қате табылған жағдайда обьектімен Errer объектілер коллекциясы байланысады.

Parametеr обьектісі Command объектісінің Execute әдісінің орындалу барысында қолданылатын жалғыз параметрді анықтайды, яғни, оның типін, өлшемін және қолдану тәсілін (енгізу, шығару және тағы басқа). Қажет жағдайда Command объектісімен көптеген параметрлерді көрсету үшін Parametеr обьектісі коллекциясын байланыстыруға болады. Errer объектілер коллекциясы болған обьектілермен жұмыс істеумен байланысты барлық қателерді сақтайды, атап айтқанда Connеction, Command және Record set объектілері.

Field объектісі НD бір өрісіндегі барлық қажетті ақпараттарды сақтайды. Әдетте НD бірнеше өрістерден тұратындықтан, Record set объектісімен Field объектісі коллекциясы байланысады. Field кез келген өрісімен өрістің жекелеген сипаттамаларын анықтайтын Property объектісінің еркін коллекциясымен байланыстыруға болады.

Property объектісі АDО-ның Connеction және Errer объектілерінен басқа кез келген объектілерімен байланысуы мүмкін, ол статистикалық және динамикалық қасиеттерді сақтайды. Объектінің статискалық қасиеттері төртеу: Name, Type, Value, Attributes. Ал қалған қасиеттері динамикалық болады және бағдарламаның орындалу барысында құрылады. Property объектісінде АDО объектісімен байланысты кейбір жекелеген сипаттамалар беріледі.

Мәліметтер мен операциялар. Мәліметтер қоры операциялары BDEжәне ADO механизмдерін қолданып жергілікті мәліметтер қорына қатынауда навигациялық тәсілді қолдану мысалында қарастырылады. Осыған байланысты Table және Query мәліметтер жиынтығын қолдануға болады. Навигациялық қатынау тәсілінде операциялар жеке жазбалар арқылы орындалады. Әр бір жазбалар жиынтығында ағымдағы жазба көрсеткіші бар.

Навигациялық қатынау тәсілі келесі операциялардың орындалуына мүмкіндік береді:

– жазбаларды сұрыптау;

– жазбаларды енгізудің навигациясы;

– жазбаларды редактрлеу;

– жазбаларды іздеу;

– жазбаларды фильтрлеу.

Айта кетсек, реляциялық модельде аналогиялық операциялар SQL сұранысы көмегімен жүзеге асады.

Мәліметтер жиынтығын сұрыптау. Мәліметтер қорында жазбалардың жазылу реті белгілі болмауы мүмкін. Үнсіздік бойынша жазбалар сұрыпталынбайды немесе сұрыпталады, мысалға:

Procedure TFormShop.sNameClick(Sender: TObject);

Begin


RepTitle:='Аталуы бойынша сұрыпталған тауарлар';

Try


Query.Close;

Query.SQL.Clear;

Query.SQL.Add('SELECT * FROM shopProducts ORDER BY name DESC');

Query.Open;

Query.ExecSQL;

Except on e:Exception

Do

End;


SourceShopProducts.DataSet:=Query;

End;


Жазбаларды енгізудің навигациясы. Жазбаларды енгізудің навигациясы меңзермен көрсетілген орында болады. Бұл көрсеткіш қай жазбадан бастап, яғни редактрлеу немесе жою операциялары орындалатынын көрсетеді. Көрсеткіштің орнын ауыстыру алдында мәліметтер жиынтығы автоматты түрде көру режиміне ауысады. Егер көрсеткішті қозғау алдында мәліметтер редактрлеу немесе қою режимінде болса, онда көрсеткіш ауысқанда олар автоматты түрде жүзеге аса бастайды. Бұл CheckBrowseMode әдісін шақыру арқылы орындалады. Мәліметтер жиынтығында көрсеткішті ауыстыру үшін келесі әдістер қолданылады:

– First процедурасы – алғашқы жазбаға орнату;

– Next процедурасы – келесі жазбаға орнату (егер көрсеткіш жазбаның соңына қойылса, онда ол жылжымайды);

– Last процедурасы – соңғы жазбаға орнату;

– Prior процедурасы – алдындағы жазбаға өту (егер көрсеткіш жазбаның басына орнатылса, онда ол жылжымайды).

Жазбаларды фильтрлеу. Фильтр дегеніміз – мәліметтер жүйесіне енгізілетін мәндерге шектеу қою. Айта кетсек, мәліметтер жиынтығы – бір немесе бірнеше кестелерден алынған мәндер жиынтығы. Delphi 7.0 жүйесі жазбаларды фильтрлеуге келесіндей параметрлерді ұсынады:

– қойылуы бойынша;

– диапазоны бойынша.

Мысалы:

Procedure TFormShop.fMaxClick(Sender: TObject);

Begin

RepTitle:='Ен кымбат тауар';



Try

Query.Close;

Query.SQL.Clear;

Query.SQL.Add('SELECT * FROM shopProducts ORDER BY cost DESC');

Query.Open;

Query.ExecSQL;

Except on e:Exception

Do

End;



SourceShopProducts.DataSet:=Query;

End;


Жазбаларды іздеу.

//тауарды дүкеннен іздейміз

Try

Query.Close;



Query.SQL.Clear;

Query.SQL.Add('SELECT*FROM [shopProducts] WHERE [name]="'+sendProductName+'"');

Query.Active:=true;

Query.ExecSQL;

Except on e:Exception do

End;


Count1:=Query.FieldByName('count').AsString;

Price1:=Query.FieldByName('price').AsInteger;

//avg_price1:=Query.FieldByName('avg_price').AsInteger;

//id:=Query.FieldByName('id').AsInteger;

//Label1.Caption:=IntToStr(id);

Жазбаларды редактрлеу. Мәліметтерді редактрлеу-өрістердің мәндерін өзгерту дегенді білдіреді. Редактрленген ағымдық жазба ғана болып табылады, сондықтан редактрлеуге байланысты жұмыстарды жасамас бұрын, әдетте іздеу немесе ауыстыру жұмыстарын жүзеге асырып алады. Көрсеткіш керекті мәнге қойылғаннан кейін және көру режимінде тұрған кезде, редактрлеу үшін келесі шарттар орынды:

– мәліметтер жүйесін редактрлеу режиміне келтіру;

– өрістер мәндерін өзгерту.



Өзгертулерді сақтау немесе жоққа шығарудан кейін мәліметтер жүйесі қайта көру режиміне өтеді.




3.1 Оқу орынында сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу

3.2 Концептуалдық сызбасы

3.3 Қолданба интерфейсі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет