Сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу 1 Мәліметтер қоры және оларды жобалау технологиясы



бет7/9
Дата28.04.2020
өлшемі224,89 Kb.
#65065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория

ADO-ны Dеlphi-де жүзеге асыру.

Мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын механизмдер, көптеген объектілер, интерфейстер, Dеlphi-дің ADO беттерінде, VCL-де компоненттер жиыны ретінде орналасқан. Компоненттер жұмысын қамтамасыз етіп тұрған барлық интерфейстер \Delphi7\Source\Vcl бумасында OleDB.pas және ADODB.pas файлдарында көрсетілген.



ADO компоненттері

TADOConnection компоненті тізімдеуіштің, деректер көзінің және транзакцияны қабылдау мүмкіншіліктері бар сессияның мүмкіндіктерін жинақтады. ADO-ның мәтіндік командалары TADOConnection компонентінде жасақталған.

Қатарлар тізімін TADOTable, TADOQuery, TAOostoredProc компоненттерінің көмегімен алуға болады. Осылардың әрбіреуі деректер қоймасындағы мәліметтерге қатынас орната алады. Осыдан былай деректер көзінен қайтарылатын жолдар жиынын Inprise құжаттамасына сәйкес жазбалар жинтығы деп айтсақ та болады.

ADO компоненттерінің әдістері мен қасиеттері МҚ қосымшасына қажет барлық функцияларды қамтамасыз етеді. ADO компоненттерін қолдану VCL-дің басқа да стандартты компоненттеріне аса ерекшеленбейді. Бірақ, қажет кезінде өңдеуші сәйкес ADO объектілері арқылы ADO интерфейсінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Объектілерге бағытталған сілтемелер компоненттерде болады.



ADO деректер көзімен байланыстыратын механизмдер

ADO мәліметтеріне қатынайтын компоненттер деректер көзіне байланысатын екі нұсқаны пайдалана алады. Яғни, стандартты ADO мен Delphi әдістері.

Бірінші жағдайда, деректер көзіне тікелей қатынау үшін компоненттер connectionstring қасиетін қолданады. Ал, екінші жағдайда, байланысты кеңірек басқаратын және мәліметтерге біруақытта бірнеше компоненттермен қатынасатын арнайы TADOConnection компонентін қолданады.

Соnnectionstring қасиеті ADO объектісімен байланысатын ақпаратты сақтауға арналған. Мұнда үтірлі нүкте арқылы барлық параметрлер тізімделеді. Ең аз дегенде, байланыс провайдерлері мен қашықтатылған сервер атаулары болуы керек:

Connectionstring:='Remote Server=ServerName;Provider=ProviderName';

Қажет жағдайда қашықтатылған провайдер жолы :

Connectionstring:='Remote Provider=ProviderName';

Және провайдерге қажетті параметрлер көрсетіледі:

'User Name=User_Name;Password=Password';

ADO деректер көзіне қатынайтын әр компонент Соnnectionstring қасиетінде байланыс параметрлеріне сұраныс қоя отырып өз бетінше байланыс ашады. Қосымшада неғұрлым көбірек ADO компоненттері бар болса, бір уақытта соғұрлым көп байланыс ашылуы мүмкін. Сондықтан да ADO механизміне байланысты арнайы TADOConnection компоненті арқылы орнатқан тиімдірек болып келеді. Сонымен қатар бұл компонент Соnnectionstring қасиеті ұсынған байланысты да аша алады және де өңдеушіге байланысты басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл байланыс түрімен жұмыс істейтін компоненттер TADOConnection компонентіне property Connection: TADOConnection; қасиетінің көмегімен қосылады. Ал бұл қасиет ADO деректерін инкапсуляциалайтын әр компонентте болады.



Delphi 7.0-дің және 5.6 нұсқаларында Microsoft корпорациясымен дамып отыратын ADO (ActiveX Data Objects) ActiveX объектілері ретінде құрылған мәліметтер объектісі) технологиясы сүйемелденеді. Осы технология негізінде TTable, TQuery, ТStoredPros, компоненттерінің функционалдық қатынастарында қайталанатын, бірақ клиенттік машинада BDE, бапталуы мен жайылуын қажет етпейтін сәйкес TADOTable, TADOQuery, TADOStoredProc, компонент – жиындары құрылды. ADO технологиясын қолданудың негізгі ерекшеліктері мәліметтер қоры архитектурасына тәуелсіз болып келеді. Бұл технология тек файл-сервер мәліметтер қорына ғана емес, сонымен қатар, клиент-серверлік және үшзвеналық мәліметтер қорында да жұмыс жасай алады.

Сурет 11. Delphi 7.0-дағы ADO технологиясының жүзеге асу


Delphi ортасында жұмысты бастамай тұрып, алдымен өз файлдарымызды сақтайтын жұмыс бумасын-каталогын жасап, ортаны қажетті түрде икемдеп алу қажет. Бағдарламалардың жобасын құру барысында көптеген формалар мен модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан, осы мәліметтерді табақшадағы файлдар түрінде бөлек бумада (каталогта) сақтаған жөн. Delphi ортасының кейбір стандартты іс-әрекеттерін өзгертіп, сол ортаны өз қажеттілігімізге икемдейік.

Компиляциялау жұмыстарын қадағалап отыру тәртібін орнату Compiling and Running – компиляциялау және іске қосу тобындағы Show Compiler Progress (Компиляциялау және біріктіру әрекеттерін көрсету) ауыстырғышын екпінді күйге келтіру арқылы орындалады.

Енді бағдарламаны орындауға болады.Ол үшін негізгі меню жүйесіндегі белгіні, немесе F9 пернесін тек басса жеткілікте. Осындай түрде даярланған бағдарлама компиляциялау (Object Pascal тілінен машина кодына айналдыру), компоновка (қажетті көмекші ішкі бағдарламалармен біріктіру) және орындалу (орындалатын файл жадыға жүктеледі және осы файлға басқару беріледі) кезеңдерін бірден өтейді.

F9 пернесін басқанда, бірден Unit1.pas модульді сақтайтын файл атын және каталогты анықта деген, Save as… сұқбаттасу терезесі ашылады.

Модулдердің атын Delphi ортасы Unit1.pas, Unit2.pas т.с.с. деп қоюға негізделген. Save as… сұхбаттасу терезесі осы атауды өзгертуге мүмкіндік туғызады, мысалы модулдің атын My_1_U деп өзгертуге болады. Енді Enter пернесін басқанда, Delphi ортасы бағдарлама жобасының атын анықтауды қажет етеді. Келісімше Delphi ортасы жобалардың атауларын Project1.dpr, Project2.dpr және т.с.с. деп қояды. Жобаның анықталған атауы орындалатын .EXE файлдың аты деп саналады. Модуль кодының және жобаның атаулары бірдей болмауы тиіс.

Бос форма



Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап, бағдарламаны іске қосуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет