Сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу 1 Мәліметтер қоры және оларды жобалау технологиясы



бет3/9
Дата28.04.2020
өлшемі224,89 Kb.
#65065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория

Даталогиялық және физикалық жобалау. Инфологиялық үлгі алдыңғы кезеңдерде құрылады да, содан кейін анағұрлым соңғы кезеңдерде нақтыланады. Инфологиялық үлгі негізінде даталогиялық үлгі құрылады. Одан кейін физикалық үлгі және концептуалдық сызба құрыла алады. Даталогиялық үлгі объектілер арасындағы байланыстарды олардың мазмұны мен сақтау ортасына қарамай-ақ бейнелейді.

Даталогиялық үлгіні сақтау ортасына байланыстыру үшін мәліметтердің физикалық үлгісі қолданылады, олар сақтаушы құрылғылардың қолданылуын, сақтау ортасында мәліметтерді физикалық ұйымдастыру тәсілін анықтайды. Физикалық деңгей үлгісі даталогиялық үлгі сияқты мәліметтер қорын басқару жүйесі мүмкіндігін ескере отырып құрылады.

Төменде пәндік облысты құрудың сызбасы келтірілген (Сурет 4).

Пәндік облысты сипаттау кезінде оның логикалық сипатын қолдану көркемдірек болады. Формальды логикалық сипаттау концептуалдық сызба деп аталады. Сонымен инфологиялық үлгіні құру келесі тапсырмалардың орындалуы арқылы жүзеге асады:



  • объектілерді таңдау;

  • әрбір объектіге қажетті қасиеттерді анықтау;

  • объектілерге қойылатын шектеулерді анықтау;

  • объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.

Мәліметтер қорын басқару жүйесің таңдау. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы ұғымы оның негізгі бөлшектерінің сипаттамасын сол бөлшектердің бір-біріне сыртқы ортаға пайдаланушыға қарым қатынасын білдіреді. ANSI (American National Standard Institute) SPARC (Standard Planning

And Reguiment Commitute).



Сол ұсыныстарына сәйкес МҚБЖ архитектурасы үш негізгі бөлшектерден немесе деңгейлерден тұрады:

  1. сыртқы деңгей; 2) концептуальды деңгей; 3) ішкі деңгей.


Сурет 4. Пәндік облысты құру сызбасы


Сурет 5. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы


Сол деңгейлердің бір-біріне қарым қатынасын орындайтын міндеттерін немесе функцияларын келесі сұлба арқылы көрсетейік (Сурет 5).

Сыртқы деңгей. Әр пайдаланушының дара деңгейі деп есептелінеді. Осы жерде пайдаланушының қандай түрлері болу екендігін атап өтейік:



  1. қолдаңбалы бағдарламашы;

  2. мәліметтерді енгізетін оператор;

  3. дайын бағдарламалардың нәтижесін көретін ақырғы пайдаланушы;

  4. МҚ-ның админстраторы;

  5. мәліметтердің админстраторы;

  6. жүйелік бағдарламашы.

Әр пайдаланушының түріне байланысты оның қолданылатын тілі болады. Ол қосымша тіл деп аталады. Мысалы: бағдарламашыға қолдаңбалы ол FoxPro тілі VisualBasic тілі болуы мүмкін. Ақырғы пайдаланушыға экрандық форма арқылы жасалған сұраныс терезелері, есеп беру формалары ол жүйелік бағдарламаға операциялық жүйелерге жұмыс жасау ережелері т.с.с. Бірақ та бәрінің қолданатын бір негізгі тілі болады. Ол стандарт арқылы ұсынылады. Қазіргі кезде МҚБЖ-де негізгі МҚ-мен жұмыс жасау тілі SQL (Structured Query Language) (құрлымдық сұраныстар тілі).

Сыртқы деңгейде неше түрлі пайдаланушылар жұмысының нәтижесі сыртқы көрініс түрінде сипатталуы міндетті. Сыртқы көрініс саны пайдаланушылар санына байланысты көп болуы мүмкін немесе бір неше болуы мүмкін. Сыртқы сызба түрінде көрсетілуі ыңғайлы түсінікті деп есептелінеді. Концептуальды көрініс деген ұғым МҚБЖ-да орындалатын жұмыстарға жалпыланған көзқарас. Бұл көзқарас барлық пайдаланушыға түсінікті болуға тиісті. Сондықтан көбінесе ол мәліметтердің мазмұнына оларды қолдану ережелеріне тиісті болып келеді. Концептуальды көзқарас – жалғыз. Соңғы кезде концептуальды көзқарасқа мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер қосылуы дұрыс. Жақсы нәтижелерге жеткізеді.



Ішкі деңгей сызбасында мәліметтер қорында сақталатын ақпарат типтері сақталу түрлері, реттеу ережелері сипатталады. Бұл деңгейде де жасалатын көрініс жалғыз түрде жобаланылады. Екінші көзқарас архитектура ұғымына МҚБЖ-ға қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сай архитектура ұғымы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі екі бөлімнен тұрады:

  1. Клиент архитектура;

  2. Серверлік архитектура.

Бұл архитектураның сызбасы келесі түрде көрсетілген (Сурет 5)




Сурет 6. Клиент сервер архитектурасы


Сервер деп – мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі бөлшегі ол арқылы мәліметтер қоры анықталады. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі мүмкіншіліктері жүзеге асырылады, және де мәліметтер қорына ұсынылған сұраныстар орындалады. Кейбір жағдайларда сервер деген ұғыммен мәліметтер қорын басқару жүйесі деген ұғымды бірдей есептеп жатады.

Клиент дегеніміз – клиент бөліміне МҚБЖ арқылы жасалған қолданбалы бағдарламалар ақырғы пайдаланушылар жұмыс жасайтын көрнекі терезелер (интелектуальды, интефейс) жатады. Көп мамандар клиенттер қатарына CASE құралдар жиынын жатқызып жатады. Күрделі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде клиенттер мен серверлер әртүрлі машиналарда орналасады. Одан әрбір сервердің өзі бірнеше машиналарда орналасыуы мүмкін. Бұл жағдайда мәліметтердің таратылып өңдеу технологиясы деп жатады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер күрделі құрлымын олардың мәліметтерінің жылдам өзгеруінің және де сол мәліметтердің көлемінің үлкендігін ыңғайлы тиімді жобалау үрдісінде клиент, сервер архитектура ұғымдарының қосатын үлгілері мол.

Мәліметтер қорының әкімшілігі (басқаруы). Мәліметтер қорын басқару дегеніміз – мәліметтер қоры жүйесінің сенімді әрі тиімді қызмет етуін қолданушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыратын мәліметтер қоры мен қамтамасыз етуге бағытталған және пәндік облыстын өзекті жағдайының мәліметтер қорында көрсетілуіне бағытталған функциялардың орындалуы.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі көп деңгейлі архитектурасына концепциясын мойындаумен байланысты мәліметтер қоры жүйесіндегі мәліметтерді басқарумен айналысатын қызметкерлер функциясының нақты түсінігімен құрлымдауына қажеттілік туды.

Басқаруға байланысты қызметкерлердің екі түрі бар.



  1. мәліметтер басқарушысы;

  2. мәліметтер қорын басқарушысы.

Бұл мекеме немесе ұйымның мәліметтерімен байланысты шешім қабылдаудың стратегиясымен саясатына жауап беретін маман ол МҚ басқарушысы осы шешімдердің орындалуы үшін қажетті техникалық демелдеумен қамтамасыз ететін маман.

Мәліметтер қорын басқарудың функцияларын қарастырайық:



  • концептуальды сызбаны анықтау мәліметтерді басқарушы мекемені немесе ұйымды қызықтыратын обьектілерді сонымен қатар бұл обьектілер туралы ақпаратты (логикалық жобалау) анықтайды. Мәліметтер қорын басқарушысы – сәйкес концептуальды сызбаны құрады;

  • мәліметтер қорын да сақталатын мәліметтерді көрсету тәсілдерін анықтау (физикалық жобалау);

  • қолданушылармен қарым қатынас. Қолдаңбаның функциясы туралы ақырлы қолданушыларға қажетті ақпаратты беру, мәселелерді анықтау және шешуде көмек көрсету;

  • қаупісіздік ережелерінен бүтіндікті анықтау;

  • резервті көшірме және қалпына келтіру процедураларын анықтау;

  • өнімділікті басқару және өзгертілген талаптарға байланысты әрекет ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет