Сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу 1 Мәліметтер қоры және оларды жобалау технологиясы



бет5/9
Дата28.04.2020
өлшемі224,89 Kb.
#65065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория

Иерархиялық модель. Аралық қолдануда және кестелік форма түрінде мәліметтерді ұсыну негізінде жүреді. Модельдің графикалық диаграммасында графикалық төбесі мәннің типтік интерпритатциясы қолданылады. Ал доға байланыс типінің интерпритатциясымен мәнінің типтік арасында қолданылады. Сай келетін типтін даналар (экземплярлар) мәні төбе кесте түрінде көрсетіледі. Реляция кезінде иерархиялық модельдің құрылымын рекурциялық ағаш түрінде қарастыруға болады. Рекурциялық ағаш арқылы Т жиын түрінде анықталады да, және бір немесе бірнеше байланыс төбелерінен тұрады, бір жеке бөлінген түйін бар ол тамыр деп аталады. Қалған түйіндері үлкен М жиынға бөлінген. Т1...,Тм және де әрбіреуі жеке ағаш болып келеді. Ағаштын анықталғаннан шығады. әрбір түйін басқа бір түйіндердің тамыры болып табылады. Толық ағаштың құрамындағы ағаштың астын түйін санының түйіннің дәрежесі дейді. Түйін соңы деп аталады егер оның дәрежесі 0-ге тең болса, кейде ақырғы түйінді жапырақ, ал қырларын тармақтар деп атайды. Тамыр және ақырғы түйін болмаса онда оны түйіннің бұтағы деп атайды. Алғашқы модель немесе мәліметтер құрылымы келесі қасиеттерге ие:

  • Иерархия үнемі тамырлы түйіннен басталады;

  • Бірінші деңгейде тамырлы түйін болады;

  • Төменгі деңгейде тума түйіндер болады;

  • Әрбір тума түйін бірінші деңгейде орналасқан және тек қана алғашқы түйінмен байланысқан иерархияның бірінші жоғарырақ алғашқы деңгейінде орналасады;

  • Әрбір алғашқы түйін бір немесе бірнеше тума түйіндерін өзіне ұқсас етеді;

  • Әрбір тума түйінге жету оның алғашқы түйіні арқылы жетеді;

  • Түйінге жетудің бір ғана иерархиялық жолы бар, тамырдан бастап теориялық жиындық деңгейде модульдің құрамдық бөлімін қарастыру.

Бағдарлама жазу процедура иерархиялық модельдер рикурсивтік алгоритмдерді құруға болады. Тағы да бір тәжірибеде қолданылатын бағытты класификаторлар жасау, мәліметтерді іздестіру кезінде және де басқару құрылымдарын жобалау кезінде қолданылады.

Сурет 8. Иерархиялық үлгі сызбасы


Желілік үлгі иерархиялық үлгі сызбасына ұқсайды. Айырмашылығы М-К-М байланыстардың болуы осы ерекшелікті ескеріп желілік үлгі сызбасын келесі түрде көрсетуге болады (Сурет 9).

Сурет 9. Желілік үлгі сызбасы



2 Delphi-де мәліметтер қорын жобалау

2.1 Delphi ортасында ақпараттық жүйелерді автоматтандыру тиімділігі

Delphi ортасы – бағдарламалаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір-бірін жаба отырып жылжи алады. Бұл Word текстік процессор немесе Excel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген қолданушының дискомфорт сезімін оятуы мүмкін.

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді. Алтыншы және жетінші нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған.

Delphi-дің негізгі ерекшелігі онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, обьектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компонеттер панелінде түрлі класстарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына болады.

Delphi-де бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу, және тағы басқа іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде:



  • Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;

  • Кез келген тілде кез-келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows-тың барлық талаптарын қанағаттандырады. Және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені, Windows-тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;

  • Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалық біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;

  • Кез-келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;

  • Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;

  • Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;

  • Windows-тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows-тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру;

Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, бірақ, мұнда бағдарламалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану, және түрлі компонеттердің жазылу түрлерін білу қажет.

Delphi ортасының мүмкіндіктерін қолдана отырып деректер қоры структурасын құру және жазулармен толтыру, мәліметтер қоры кестесімен жұмыс, кестелер арасында байланыс орнату, есептелінетін өрістер, клиенттік қосымша құру, фильтр – сүзу, сұраныс құру, есеп құру, Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері, ADO провайдерлері тақырыптары қарастырылып, әрбір тақырыпқа қысқаша теориялық мағлұматтар және оларға сәйкес мысалдар келтірілді. Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Сондықтан оқу құралында мәліметтер қоры сөзінің орнына деректер қоры сөзі қолданылады. Delphi-дегі мәліметтер қоры – бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып, ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры деп бір немесе бірнеше компьютерден қолдануға болатын ақпараттың электрондық жинақтамасын айтады.



Тәжірибе алу барысында студенттер Delphi программалау ортасымен, MathCad пен Maple секілді компьютерлік математика ортасымен және Internet, Intranet, Ezernet сияқты желі түрлерімен танысады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету «жылдам жасау» ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде «Rapid Application Development» жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі net технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тәжірибе алудың мақсаты студенттердің информатика,программалау технологиялары, компьютерлік графика пәндерінен алған білімдерін ары қарай жалғастыру, жоғары курстарда оқытылатын пәндер туралы алғашқы түсінік беру, сонымен қатар студентті таңдаған мамандығының ерекшелігімен таныстыру және ол туралы түсінігін тереңдету болып табылады.Бұл есеп беру құжаты бес бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған оқулықтар тізімі. Негізгі бөлімде студенттің тәжірибе алу барысында Delphi, MathCad, Maple орталары мен желілер туралы алған білімдері толығымен сипатталады.
Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:

  • Негізгі терезе (Project1);

  • Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);

  • Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);

  • Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.

Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.


Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.

Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.


Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.

Delphi жергілікті және клиент-серверлік мәліметтер қорын құруға және оны ары қарай демеуге арналған құралдармен қамтамасыз етеді, сонымен қатар, кез келген мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қолданбалы программаларды құруға да мүмкіндік береді. Өзінің кесте пішімі (деректерді сипаттау тілі) болмағандықтан басқа мәліметтер қорын басқару жүйелерінің кесте пішімдерін қолданады. Мысалы, DBase, Paradox немесе InterBase. Бұл кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Delphi-де бағдарлама дайындау үшін компоненттік тәсілн қарастырып көрейік: пайдаланушы бағдарламаларының кітапханасы бағдарламалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын бағдарламалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл бағдарламалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану бағдарлама жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

Мәліметтер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық. Мәліметтер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады.



Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:

  • DataSource – деректердің басы;

  • Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы;

  • Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы;

  • StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру;

  • DataBase – ДБ қосылу;

  • Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы;

  • BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау;

  • Update – деректер жиынтығын модификациялау;

  • NestedTable - қойылған кесте.

Data Controls парағында деректерді басқаратын визуалды компоненттер орналасады:

  • DBGrid – кесте;

  • DBNavigator – навигациялық интерфейс;

  • DBText – жазба;

  • DBEdit – бірқатарлы редактор;

  • DBMemo – көпқатарлы редактор;

  • DBImage – графиктік көрініс;

  • DBListBox – қарапайым тізім;

  • DBComboBox – комбинацияланған тізім;

  • DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырғыш;

  • DBRadioGroup – тәуелді ауыстырғыш топтары;

  • DBLookupListBox – басқа өріс деректерінің қарапайым тізімі;

  • DBLookupComboBox – басқа өріс деректерінің комбинацияланған тізімі;

  • DBRichEdit – толық функционалды тестілік редактор;

  • DBCtrlGrid – модификацияланған кесте;

  • DBChart – диаграммма.

Midas парағында қашық мәліметтер базасын басқаратын визуалды компоненттер орналасады :

  • ClientDataSet – клиенттік деректер жинағы;

  • DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу;

  • SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу;

  • DataSetProvider – деректер жиынының провайдері;

  • SimpleObjectBroker – қарапайым объект брокері;

  • WebConnection – Web-сервермен қосылу;

  • CorbaConnection – Corba-клиенттің қосылуы.

Decision Cube парағында шешімді қабылдайтын жүйені қалыптастыратын компоненттер орналасады:

  • DecisionCube – көпшекті деректер кубы;

  • DecisionQuery – көпшекті деректерді қамтитын жиынтық;

  • DecisionSource – көпшекті деректердің бастамасы;

  • DecisionPivot – көпшекті деректердің көпөлшемді проекциясы;

  • DecisionGrid – көпшекті деректердің кестесі;

  • DecisionGraph – көпөлшемді деректердің графиктік ұсынысы.

Rave парағында есеп берудің ретіне арналған визуалды компоненттер орналасады :

  • RvProject – проектің басты компоненті, Rave – пен байланысты қамтамасыз етеді;

  • RvSystem – уневирсалды компонент, есеп беруді қарауды және баспаға шығаруды қамтамассыз етеді;

  • RvNDRWriter – есеп беруді арнайы форматтағы файлға жазады және оны көруге мүмкіндік береді, баспаға шығарады;

  • RvCustomConnection – мәліметтері жоқ есеп берумен байланыстырады;

  • RvDataSetConnection – мәліметтермен байланыстырады;

  • RvTableConnection – Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады;

  • TrvQueryConnection – Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады;

  • RvRenderPreview – RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда көруге мүмкіндік береді;

2.2 Delphi-де ADO технологиясын қолдану


Delphi7 бағдарламалау ортасында бірнеше мәліметтер қорына қатынау механизмдері бар: InterBase, Informix, IB Server, BDE, ODBC және де ADO технологиясы.

Delphi7-де BDE мен ODBC-ден басқа кеңірек қарастырылып отырған ADO механизмі қолданылады.

Біз солардың ішінен ADO технологиясына тоқталып өтейік.

Delphi-де мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.

ADO технологиясы әмбебаптылығының арқасында өңдеушілер арасында танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер қоры мен ADO орнатылған кез келген компьютерге бағдарламаны тасымалдай аламыз.

Delphi компоненттерінің палитрасында мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын, мәліметтер қорының толық қосымшасын жасай алатын компоненттер жиынтығынан тұратын ADO парағы бар.

Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) МҚ қосымшаларынан мәліметтерге әмбебап қатынауды қамтамасыз етеді. ADO технологиясы мен OLE DB интерфейсі қосымшаға әр типті мәліметтер негізіне бірегей қатынау әдісін қамтамасыз етеді.

Мысалы, ADO-ны қолданатын қосымша корпоративті SQL серверде сақталатын мәліметтерге де, электронды кестелерге де, жергілікті МҚБЖ-ға да бірдей қиындықты операцияларды қолдана береді. ADO арқылы кез келген мәліметке жіберілген SQL сұраныс орындалады.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: бұл сұранысты деректер көзі қалай атқара алады?

МҚ серверлерін көп ойлап қажеті жоқ, SQL сұраныстарын өңдеу – олардың басты міндеті. Файлдық тізбек, электронды кесте, электронды почта және т.б. үшін ADO механизмі мен OLE DB интерфейсі шақырылады. OLE DB мәліметтерді өңдеудің стандартты функцияларын инкасулирлейтін арнайы СОМ объектілер жиынтығы мен объектілер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп отыратын арнайы деректер көзінің функциялары мен интерфейстерді ұсынады.



ADO технологиясына сәйкес кез келген дерек көзі (мәліметтер қоры, электронды кесте, файл), мәліметтер провайдерінің көмегімен қосымшаға қатынасатын мәліметтер қоймасы деп аталады. Қосымшадағы минимальді компоненттер құрамына байланыс объектісі, деректер тобының объектісі, сұраныстар процессорының объектілері кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет