Сабақ кестесі автоматтандырылған жүйесі



Дата22.03.2017
өлшемі72,21 Kb.
#12193



Ерімбетова Ж. А.*
«ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ САБАҚ КЕСТЕСІ» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ)

Қазіргі кезде компьютерлік технологияларды қолданып жоғарғы оқу орындарындағы оқу бөлімі, деканат жұмыстарын автоматтандыру мәселелеріне көптеп көңіл бөлінуде. Аталған мақалада «жоғарғы оқу орындарындағы сабақ кестесі» автоматтандыру жүйесін құру мәселелері қарастырылған.

В настоящее время в высших учебных заведениях все больше внимание уделяется вопросу автоматизации работы учебного отдела, деканата с использованием компьютерных технологий. В данной работе рассматриваются вопросы создания автоматизированной системы расписания занятий в высших учебных заведениях.

In this article the problem of automation of drawing up schedules in higher educational institutions is considered. Now in higher educational institutions more and more the attention is given to a question of automation of work of educational department, dean's office with use of computer technologies. In this article the problem to create an automated scheduling system in institutions of higher learning.


Түйінді сөздер:сабақ кестесін автоматтандыру, мәліметтер қоры, жұмыс оқу жоспары, оқу жүктемесі, пәндік аймақ, ақпараттық объект, реквизит, кілт.

Ключевые слова: автоматизация расписания, база данных, рабочий учебный план, учебная нагрузка, предметная область, информационный объект, реквизит, ключ.

Keywords:schedule automatization, database, working curriculum, academic load.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісін ұйымдастыру жоғарыбілікті мамандар дайындаудың негізі болып табылады. Оқытудың оқу үрдісіндегі базисі – оңтайландырылған сабақ кестесін құру. Оқу орындарындағы оқу үдерісін сапалы ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі автоматтандырылған сабақ кестесін құру [2, 3]. Дұрыс және дәл құрылған сабақ кестесі студенттік топтар мен профессор-оқытушы құрамын бірқалыпты жүктеуді қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары компьютерлік технологияларды қолданып жоғарғы оқу орындарында ақпараттық жүйелерді құру және қолдануға көп көңіл бөлуде [1]. Мұндай жүйелерді жоғарғы оқу орындарына ендірудің түпкі мақсаты – білім беру сапасын арттыру. Қазіргі кезде құрылған оқу үрдісін басқару жүйелері төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:



  • студенттерді қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару («контингент»);

  • студенттердің академиялық үлгерімін бақылау («сессия»);

  • жұмыс оқу жоспарын құру;

  • факультеттер, кафедралар және оқытушылар арасындағы жүктемені бөлу;

  • штат кестесін құру;

  • сабақ және емтихан кестелерін құру және түзету.

Сабақ кестесін құру үшін төмендегідей мәселелерді шешу керек:

  • барлық курстар бойынша оқу жоспарын олардың бірнеше: базалық, жалпы білімберетін және кәсіби компоненттен тұратындығын ескере отырып, бекіту;

  • әрбір оқытушының беретін пәні мен курсына байланысты жүктемесін құру;

  • берілген оқу жоспарына сәйкес және оқытушының жүктемесі бойынша сабақ кестесін құру;

  • апта күндері және аудиториялар бойынша, оқытушылардың жүктемесін ескере отырып пәндерді бөлу.

Сабақ кестесін құруды бастамас бұрын төмендегі ақпаратты дайындау керек:

  • Жоғарғы оқу орнының толық және қысқаша атауы.

  • Құрылатын сабақ кестесінің атауы.

  • Сабақ графигі (бір күндегі парлар саны, парлардың атауы, парлардың басталу/аяқталу уақыттарының атаулары және сабақ өткізілмейтін парларды ерекшелеу, мысалы, жексенбі).

  • Факультеттер тізімі (ең болмағанда бір факультет болу керек).

  • Кафедралар тізімі (ең болмағанда бір кафедра болу керек).

  • Кафедралар бойынша оқытушылар тізімі (оқытушының аты-жөні, туған жылы, жынысы, сабақ өтілетін аудиториялар тізімі, оқытушы сабақ жүргізетін парлар тізімі және күніне өтетін максимальды сағат саны).

  • Топтардың тізімі (студенттер саны, топтың идентификаторы, бекітілген аудиториялар, аталған топта сабақ жүргізілетін парлар және күніне өтетін максимальды сағат саны).

  • Ағындар тізімі (ағын - топтардың идентификаторларынан тұратын жүйенің негізі).

  • Корпустар тізімі.

  • Корпустар бойынша бөлінген аудиториялардың тізімі (аудиторияның сыйымдылығы және аудитория сипаттамасы, көрсетілген аудиториядар жүргізілуі мүмкін болатын парлардың тізімі).

  • Сабақ туралы ақпаратты енгізуді азайту үшін арналған аудиториялар тізімі.

  • Оқытушылардың қызметтерінің атауларының тізімі (профессор, доцент, аға оқытушы).

  • Оқытушылардың ғылыми дәрежелері атауларының тізімі (т.ғ.д.ғ, ф.-м.ғ.д., ф.-м.ғ.к., п.ғ.д., п.ғ.к.).

  • Жоғарғы оқу орнында өткізілетін сабақ атаулары типтерінің тізімі (дәріс, семинар, зертханалық сабақ, практикалық сабақ, курстық жұмыс).

  • Жоғарғы оқу орнында оқылатын пәндер тізімі.

  • Сабақ кестесіне қойылатын сабақтардың тізімі (сабақ келесі объектілердің жиынтығы: пән атауы, сабақ типі, ағын, сабақ жүргізетін оқытушылар, бір күндегі сағат саны, көрсетілген сабақ жүргізілетін аудиториялар тізімі).

Сабақ кестесін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе құру кезеңінде сабақ кестесі туралы ақпаратты сақтау және өңдеуге Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануға болады. Біз өзіміздің жұмысымызда Microsoft Access-ті қолдандық.

Access МҚБЖ жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді және Microsoft Office құрамына кіреді, офистік программалармен қатар орнатылады. MS Access –кеңінен таралған, бұл ортада жасалған программалық өнімді кез келген қолданушы тез арада меңгереді. Командалар жиыны мен функциялары деректерді өңдеудің және көрсетудің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді. Access-те мәзірдің әр түрлі деңгейін, терезелермен жұмыс істеу, файлдарға әр түрлі деңгейде қатынау, түрлі түстерді басқару, баспа құрылғыларын баптау, деректерді электронды кестелер түрінде көрсету және т.с.с. мүмкіндіктердің барлығын қолдануға болады. Сонымен қатар жүйе экранды, есеп берулерді және мәзірлерді жылдам генерациялау құралдарымен қамтылған, сондай-ақ бұл жүйеде SQL сұрауларды басқару тілі және Visual Basic for Application (VBA) кірістірілген тілі де қолдау табады. Көптеген қолданушыларды қызықтыратын Access-тің ең басты артықшылығы Microsoft Office-пен тығыз байланысы. Мысалы, кестенің графикалық образын буферге көшіріп, одан кейін Microsoft Word-ті ашып және буфердегіні осында қойсақ, біз бірден мәліметтер қорының деректері бар дайын кестені ашылған құжатта ала аламыз. Сондай-ақ MS Access–те құрылған мәліметтер қорын Delphi-мен байланыстыруға да болады. Осылардың барлығын ескере отырып біз «сабақ кестесі» автоматтандырылған жүйесін құру үшін MS Access–ті таңдадық.

Пәндік аймақты көрсету негізінде ақпараттық объектілерді анықтау үшін кіріс ақпараттарды талдау жасап, кіріс ақпараттарды шартты түрде тұрақты және жедел есепке алу ақпараты деп бөлуге болады. Шартты түрде тұрақты ақпаратқа жататындар: оқу сабақ кестесінің жоспары; бөлімдер және факультеттер тізімі; оқытушылар тізімі; пәндер, аудиториялар тізімі; пардың уақыты. Ал жедел есепке алу ақпараттарына жататындар: курстар және топтар тізімдері; топтағы студенттердің саны.

Оқытушылар өздерінің сабақтарын жүргізудің мүмкін болатын нұсқаларын, яғни сабақ жүргізетін күні мен парларын көрсетеді. Сонымен қатар оқытушының бір күнде жүргізетін сағатының максималды саны көрсетіледі. Сабақ кестесін құрғанда сол уақыт мезетінде оқытушылары белгісіз болатын сабақтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда «оқытушы-вакансия» қолданылады, яғни бұл жағдайда оқытушы фамилиясы «!» белгісінен басталады.

Сабақ кестесін құрғанда біруақытта жүргізілмейтін сабақтар болады. Мысалы, кафедра меңгерушісі кафедра мұғалімдерінің сабағына кіруі мүмкін. Сондықтан кафедра меңгерушісі жүргізетін сабақтар, сабағына қатысатын мұғалімнің сабағымен тура келмеуі керек. Бұл жағдайда уөрсетілген сабақтар үшін қосымша “ноль-оқытушы” енгізіледі. Сабақ кестесі жүйесіндегі “ноль-оқытушы” деп фамилиясы “*” символынан басталатын оқытушыны түсінеміз.

Топтар үшін ауысымы (бірінші, екінші - бакалаврлар үшін, немесе кешкі – магистранттар үшін), студенттер саны және топтағы бір күндегі жүргізілетін сабақтардың максималды сағат саны көрсетіледі. Топтар идентификаторлардан тұрады, идентификаторлар топтардың топшаларға бөлінуіне байланысты анықталады. Мысалы, топ информатика сабағында екі топшаға, ал ағылшын тілінде үш топшаға бөлінетін болса, идентификаторлар саны 2*3 (алты) болу керек.

Аудиториялар үшін оның сыйымдылығы және сабақты өту мүмкіншілігі (зертханалық сабақ өтуге арналған ба, әлде дәріс өтуге арналған аудитория) көрсетіледі.

Автаматтандырылған жүйеде сабақтарды түлектер шығаратын кафедралар, пәндік кафедралар, оқытушылар және топтар бойынша топтастыруға болады. Бұл жүйеге ақпараттарды енгізуді әлдеқайда жеңілдетіп, көптеген қателерді азайтады. Программа жоғарғы оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескереді. Бұл кейбір сабақтардың біруақытта жүргізілуі. Мысалы, “Информатика” сабағында топ топшаларға бөлінеді. Әр түрлі мұғалімдер жүргізетін бұл сабақтар біруақытта өтілуі керек. Кейбір сабақтар қатарынан (мысалы, арты-артынан екі немесе бірнеше пар) жүргізілуі керек. Кейбір сабақтар толық оқу күніне қойылуы керек (мысалы, әскери дайындық сабағы). Енгізілген ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін оқытушы, кафедра және топ бойынша қорытынды оқу жүктемесін шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Қажетті ақпараттардың барлығы енгізіліп болғаннан кейін жүйе оған қойылған шектеулерді ескере отырып сабақ кестесін автоматты түрде құруға көшеді. Жүйеде сабақ кестесін оқытушылар, аудиториялар және топтар басып шығару мүмкіншілігі де қарастырылады.

Сабақ кестесін құрған кезде жоғарғы оқу орнында өтетін ұйымдастыру (мысалы, кафедра отырысы, конференцияларды жүргізу сияқты) шараларын да ескеру керек. Бұл талапты орындау үшін “бос ағын” ұғымы енгізіледі. “Бос ағын” деп студенттері (идентификаторы) жоқ ағынды түсінеміз. Сабақ кестесін құру қолмен құру немесе автоматты режимде құру қарастырылған. Автоматты режимде қолданушы сабақ кестесіне қойылатын сабақтарды және парларды анықтайды, одан кейінгіні жүйе өзі анықтайды. Сабақ кестесін қолмен құру режимінде қолданушы программа құралдарын пайдаланып сабақтарды өзі қояды. Егер де қандай да бір себептерге байланысты сабақтарды қою мүмкін болмаса, жүйе ол туралы хабарлама шығарады.




  1. П.С.Батищев. Опыт использования информационных технологий при составлении расписания учебных занятий.//Журнал "Среднее профессиональное образование" , №11, 2003.- С.38.

  2. О.Н.Воробович. Информационная система формирования расписания занятий в высшем учебном заведении. //Вестник СибГТУ, №1. / СибГТУ. Красноярск 2003. - С. 120-125.

  3. О.Н. Воробович. Алгоритм формирования расписания занятий студенческих групп в высшем учебном заведении. //Материалы межвузовской научной конференции./ Под ред. Е.А. Вейсова, Ю.А. Шитова, КГТУ. Красноярск, 2003.- С.29-35.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет