Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Психологиялық дайындық



бет2/3
Дата13.06.2018
өлшемі138,33 Kb.
#42240
түріСабақ
1   2   3

 

 

Кері байланыс диалог әдісі арқылы жүргіземін.



1.Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

2.Бұл мен үшін неге қиын болды?

3.Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?


  Сынып оқушылары таратылған парақшалардағы мысалдар бойынша топқа бөлінеді

Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады.1.бақылаушы2.баяндамашы

3.уақыт сақшысы4.хатшы

5.төраға


Әр топ бір-бірінің тапсырмасын тексеріп, дискрипторлар  арқылы бағалайды

 

 



 

Оқушылар өз ойларын айтады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. 



 

Оқушылар 2 – 3 –тен жұптасып жұмыс жасайды.

 

 

 



Оқушылар топ бойынша жұмыстар жасайды және  постер қорғайды.

 

Топтар  бір – бірін бағалау алдында мұғаліммен бірлесе отырып, бағалау критерийін айқындап алуы керек.



Топтар бір – бірін «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағалайды. 

 

 



 Дискрипторлар арқылы бағаланады.

 

 



Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. 

 

 



 

 

 



Оқушылар  сұрақтарға жауап беріп қорытындылайды.

 

 



 

 

 



     Бағалау

Үйге тапсырма

 


 

2 мин

 

 

Кейінгі оқу: лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері

Құзырлы  тапсырмалар                           Оқушының аты – жөні:_____________________________________



Сұрақтар

Ия/жоқ

Себебі

1

«Бәрекелді, балам, жарайсың!» бұл сөйлем лепті сөйлем бола ала ма?

 

 

2

Лепті сөйлемдер жауап беруді тілей ме?

 

 

3

Лепті сөйлемдер тек интонация арқылы ғана жасалады ма?

 

 

 


СӨЗ БЕН МАҒЫНА

ADMIN · ФЕВ 2ND, 2014 · 1 COMMENT

Ақтөбе облысы


Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалі
Мырзағалиева Гүлдана
Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу
Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқулықтың 15-бетіндегі сынақ тапсырмасының орындалуын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
А) Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
Ә) Мағынаны тану
Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.

Сөздерді  өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?


Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.
«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.
–              Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?
–              Мағына
–              Мағына – сөздің ішкі мазмұны
–              Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
–              Жоқ
–              Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.

Сөз


Атауыш сөз                                        Көмекші сөз                                       Одағай сөз

Ұлт                                                       туралы                                                алақай


Атамекен                                            үшін                                                      пай-пай
Кең                                                       қарай                                                   паһ
Б) Оқулықпен жұмыс
29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.
30-жаттығу. Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар. Жазған сөздеріңнің мағынасын ауызша айтыңдар. Осындағы кейбір дыбыс тіркестерін неліктен сөз деп атауға болмайды? Осы мысалдарға қарап, сөз болу үшін оның қандай белгілері болуы керек деген сұраққа жауап беріңдер.
В) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құраңдар.
Тірек сөздер: Қазақстан, болашақ ұрпақ, ел тізгіні, әлемдік көзқарас, қазақ халқы, тіл мәртебесі.
2-тапсырма: Сөйлемдегі асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні.
3-тапсырма: «Менің арманы» тақырыбына шағын әңгіме құраңдар.
ІҮ. Сабақты бекіту.
–              Сөз деген не?
–              Сөздің мағынасы деген не?
–              Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
–              Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
–              Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
Ү. Үйге тапсырма.
Абайдың 31-қарасөзін оқу.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - жаттығу
Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.
Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.

IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы
1. Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
3. Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.

Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіруоңай, түзетуқиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

2 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты -...... жүру -..........
таяз -.......... кию -............
жылы -........ кіру -...........
кең -.......... сөйлеу -.........
әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;
тасымалданбайтын сөзді табу.

IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
Досым допты домалатты.
Суық сумен сүртіндім.

V. Өзіндік жұмыс 5 - жаттығу
Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталаупысықтау;
2. ақырыншапшаң, апару - әкелу, бастауаяқтау, тоңужылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталаубілім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.

VI. Жұмбақ шешу
Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)

Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
Бес жолды өлең құрастыру
1. Пияз
2. Ащы, пайдалы.
3. Аршылады, ашытады, өседі.
4. Жуа
5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.

VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
Жақсы, жаман - синоним сөздер
Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
Бастауышсөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішігеізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

VII. Үйге тапсырма
3 - жаттығу Берілген қарама - қарсы мағыналы сөздерді топтап жазу
Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
Айту - тыңдау, ақ - қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз - қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу, ащытәтті. Бірін – бірі бағалау парақшасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет