Сабақтың мақсаты: Білімділік-оқушыларға жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығын, ішекқұртымен, үшкірқұртпен қосымша таныстыру арқылы оларға паразит құрттардың көп түрлілігі туралы түсінік беру. Дамытушылық-өз бетінше жұмыс жасауға, қосымша материалдарды пайдалана білуде, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік –оқушыларды жеке бас тазалығын сақтай білуге үйрету
Сабақтың мақсаты: Білімділік-оқушыларға жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығын, ішекқұртымен, үшкірқұртпен қосымша таныстыру арқылы оларға паразит құрттардың көп түрлілігі туралы түсінік беру. Дамытушылық-өз бетінше жұмыс жасауға, қосымша материалдарды пайдалана білуде, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік –оқушыларды жеке бас тазалығын сақтай білуге үйрету
Үшкірқұрт,трихинелла,суыртқы (ришта) , ішексорғы –адам және жануарда тіршілік ететін паразит
Қылқұрт – бунақденелілер паразиті.
Жұмыр құрттардың түрлері
Жұмыр құрттардың ерекшеліктері
Денесі буылтықсыз, созылынқы,цилиндр немесе ұршық пішінді
1. Қозғалуы –ұзын салалы бұлшықеттері арқылы жан-жаққа иіліде.
2. Қоректенуі – қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдынғы,ортанғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысының сұйықтығына жеткізеді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
3. Тыныс алуы – бүкіл денесімен
4.Қанайналымы – жоқ.
5. Зәршығару – жұтқыншақ астында зәр шығару тесігі болады
6. Тітіркенгіш- сезім мүшелері нашар дамыған
7. Көбеюі –дара жынысты, ұрықтануы іштей.
Аскаридоз – ішексорғыдан пайда болатын ауру
Аурудың белгілері:
Бас ауырады
Әлсіздік
Бас айналу
Мазасыздық ,ұйықысыздық
Оқу және есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Себептері : ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады
Үшкірқұрт
Үшкірқұрт.(Enterobius vermicularis) Өте үлкен және аталығы мен аналығы бөлек орналасқан. Аталығының ұзындығы 20 - 40см, ал аналығының ұзындығы 15 - 25см. Үшкірқұрттың ішкі жағы үшкірлеу және ақшылт болып келеді. Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аналығының құйрығы әрдайым майысып тұрады
Аналығы -10мм, аталығы -3-5 мм. Ауру – энтеробиоз.
Аналығы жұмыртқасының аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қыщытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып,қайтадан ауызға түседі.ол ас ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.
Үшкірқұрттың тіршілік циклы және адамның ішіне түсуі
Трихинелла(Trichinella spiralis) Өте ұсақ болып келеді. Ұзындығы 1 - 4 мм. Ірі гельминттар адам ағзасында тез дамиды. Ол адамның, қасқырдың, түлкінің, иттің, мысықтың, шошқаның, аюдың, борсықтың ішек қарнына еніп, зақымдайды. Трихинелла бір айда 2000 тірі дернәсіл шығарады. Ол ішектің қабырғасы арқылы қанға одан бұлшықетке өтеді. Ол адам ағзасына шикі, шала піскен жабайы жануарлар еті арқылы адам ағзасына енеді.
трихинелла дернәсілі
Трихинелланың дамуы
Суыртқы
Жұмыр құрттардың қылқұртқа ұқсас бір түрі - суыртқы. Оның аналығының ұзындығы - 150 см, жуандығы - 0, 2 мм шамасында. Бұл - адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Суыртқының аналығы әсіресе аяқ терісінің астында паразиттік жолмен өмір сүрелі. Бұл ауруды дракунлез деп атайды.Құрт орныққан аяқтың басы алғашында қышып, қызарады. Соңынан ісініп, іріңді жараға айналады. Суыртқыны денеден суырып алу өте қиын. Оны жарадан шығару үшін жіңішке шырпыға немесе өсімдіктің жіңішке бұтақшасына орап, суырып алады.
Медбике кеңесі
Ішек - құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсуі төмендейді, жыныстың жетілуін тежейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек - құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Дисбактериоз келесі белгілермен көрініс береді: іштің ауруы, кебуі. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп, емдік дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Аурудың алдын - алу үшін қолды сабынмен тазалап жуу, қайнатылмаған су ішпеу, жеміс – жидектерді мұқият жуу, ыстық сумен шаю керек.
Бекіту сұрақтары:
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері: 1. Жұмыр құрттардың денесі...қапталады 2. Ауыз қуысы денесінің...жағында, ал аналь тесігі...жағында орналасқан 3. Жұмыр құрттардың тынысалу және қан тарату жүйесі... 4. Аталығынан аналығы... 5. Денесін қысқарта да, соза да алмайды, себебі...жоқ
1. Жұмыр құрттардың денесі...қапталады (сірқабықпен) 2. Ауыз қуысы денесінің...жағында, ал аналь тесігі...жағында орналасқан(алдыңғы, артқы) 3. Жұмыр құрттардың тыныс алу және қан тарату жүйесі...(жоқ) 4. Аталығынан аналығы...(ұзын) 5. Денесін қысқарта да, соза да алмайды, себебі...жоқ (көлденең жолақты бұлшықет)