Сабақ мақсаты : : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



бет3/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,08 Mb.
#5572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 12сабақ_____

Тақырып: Қуаныш-жан шуағы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері: Білімділік- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру мәнін түсіндіру;

Дамытушылық- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- мейірімділікке тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін үнтаспадан тыңдатуға болады.

Кішкентай балалар табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?




Сабақ барысын талқылау:

4Сергіту сәті Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Балалар өлең жолдарының мазмұнына сәйкес дауыс ырғағына келтіріп,қимылдар жасайды.

Шаршадым «Уһ!»дедім, Шарасыз «Еһ!»,

Ренжідім «Туһ!»дедім, Таңырқап «О!»

Қорықтым «Ой!» дедім, Кейідім «И!»дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім, Біліп ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушылардың адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту мақсатында төменде ұсынылған өлең мәтіні арқылы әңгімелеу жүргізіледі. Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін балалар мәнерлеп оқиды.Балалардың пікірлері сұрақтардың жауабы арқылы талқыланады:



  • Адамды,айналаңды,қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

  • Сендер өз ойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?

  • Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен толықтырылады.

-Күлімдеп,ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді.Жаның сау болса денің сау болады.Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың.Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты молшылықта өмір сүреді.Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-Өмір шаттығы»-деп айтқан болатын.








6. Дәптермен жұмыс:
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерін жазу.





7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.








8.Үй тапсырмасы.

«Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқу.






9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де ,олардың да өмір жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.

Балалар жұптасып дөңгелене тұрады.Жұптасқан балалар бір-бірінің алақанын алақына тосады,содан соң оң жақта тұрған бала көршісіне ,сол жақтағы бала сол жақтағы көршісіне алақанын тосады.Бәрі қол ұстасады,қолдарын жоғары көтереді де, күннің шуағын құрайды.Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады:

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Балалар Ф.Оңғарсынованың «Достық» өлең оқиды.

Достық әні

Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 13сабақ_____

Тақырып: Кешірім мен келісім.

Құндылық:. Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.,қамқорлық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік- кешірімділік,татулық,бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық- шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- мейірімділікке,қарапайымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбымен танысып,оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін айтып беру.

Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Сендерде осындай жағдайлар болды ма?


Сабақ барысын талқылау:

Жағдаяттарды талдау

-Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп,кешірім сұрап,өзара тіл табысып,жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.



  1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды.Досан Қалиға ренжіп , кетіп қалды.

  • Сендер Қалидың орнында болсандар не істер едіңдер?




  1. Мадина Жанардан айнасын сұрады.Досының көңілің қимай Жанар айнасын берген еді, айнаны сындырып алды.

  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».



Дәйексөз

-Адамлар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап,татуласады.Ал татулық-адамдар,сыныптастар,достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет.Өйткені таулық бар жерде сыйластық,махаббат,бақыт,жақсы өмір бар.Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.





6.Шығармашылық жұмыс.
Ойын-жаттығу Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді.Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі.Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі

7. Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суретті бояу.








8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады, бәрі қосылып «Көмектесем бәріне!» өлеңін мұғаліммен бірге айтады.

Отын жарып беремін, Ең елгезек баламын,

Суды да алып келемін. Үлкен тілін аламын,

Аялаймын мамамды, Өссем деген ойым ба,

Тиеді ылғи көмегім. Таудай биік талабым.








9.Үй тапсырмасы.

М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып келу.






10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш,өкініш,ренжіту,өрескелдік байқалып тұрады.Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дас кешіре біледі,достықты,досты қадірлейді.

Балалармен бірге шаттық шеңберін дөңгелене тұрады. А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін бәрі бірге қосылып оқиды.

Татуласу

Әкел,досым,ққолыңды, Баққа бірге кірейік,

Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.

Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,

Көрсет,қане,соңында. Кел қосылып күлейік.





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 14сабақ_____

Тақырып: Ортақ іс табысы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» , «сыйластық» «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік-ынтымақ,бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Дамытушылық- бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- өзара көмекке,достыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға бірлік ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып беру.

1. Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсындар?
2. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады




Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп,өсірген ну орман-олародың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі.Көп біріксе береке,мереке болавды дегені-жұмыс әрі тез,әрі сапалы орындалады да береке болады,көпшілік болған соң бір-біріне қызық әңгіме айтып,әзіл-күлкіге орта толып мереке болады.Сондықтан-да Құтып аталарың «Келісіп істесе,көп іс бітеді» деп тегін айтпаған.Өйткенгі күш-бірлікте.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Адам өз ортасына сыйлы,ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген жаңа ақпаратпен таныстыру.








6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын -жаттығу

Айтылған ойды бекіту үшін «Күш -бірлікте» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

Достықтың мәнін түсіндіру және балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Мына өлең жолдары,қимылдарымен екі рет қайталанады:

Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)

Бір,екі,үш..... (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)

Желбіре жалауша!(Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)

Достықта біздің күш!(Қолдарын ішке қарай бүгеді.)


7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ребусты шешу.







7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.








8.Үй тапсырмасы.

Төле би туралы аңызды оқу.






9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Бірлік түбі - береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?

Шаттық шеңберін құру. «Білуге құштармыз» деген өлең жолдарын кезекпен оқу.

Білуге құштармыз,

Қаламды ұстармыз.

Ұшатын ұядан,

Балапан құстармыз.


Тезірек өсеміз,

Сөйлеуге шешенбіз.

Жұмбақты жасырып,

Жұмбақты шешеміз.







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 15сабақ_____

Тақырып: Құрметтей білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары түсініктерін кеңейту

Міндеттері :

Білімділік-құрмет,сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Дамытышылық- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік-үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Құрмет ұғымының мәні түсіндірілуінің мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. «Үш пайғамбар»кітабынан Төле би туралы аңызды оқу.




  1. Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?

  2. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасындар?




Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Жасы кіші адам өзінен үлкендерге,ал бала ата-анасына құрметпен қарап,әрқашан сыйлаулы-қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады.Сен үлкейгенде сені кіші сыйлайды,саған ізет көрсетеді,ата-ана болғаныңда балаңның сені күтіп-баптауы,оның алдындағы парызы саналады.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Осы шеңбер аясында А.Ақыпбековтың «Өзіңді тану»өлеңін бірлесе қайталайық.

Өзіңді тану.

Жақсы болу- өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла.

Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің-ақыл айнасы.

Өзің үйрен,өзіңнен. Тиеді саған мәні бар

Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану»пайдасы.







6.Шығармашылық жұмыс.

Сахналау

Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамммыту мақсатында сахналау ұйымдастыру.

Балалар 5 топқа бөлінеді.Берілген тапсырма бойынша өздері жағдаяттар ойлап,сахналап көрсетеді.Жұмыстарын қорғайды.Өз пікірлерін дәлелдейді.


  1. Туыстар арасындағы сыйластық.

  2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.

  3. Өзіңнен үлкендкрге деген құрмет.

  4. Келген қонаққа деген құрмет.

  5. Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.

«Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?Шағын әңгіме құрастырыңдар»деген тапсырма оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша алған білім біліктерін толықтыра түсу.



7. Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма:Оқушылардың құрмет туралы ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі.

2-тапсырма:Ф.Оңғарсынованың «Танымасын сыйламас» мәтінін оқып,құрметтеу туралы түсініктерін айтып беру.





8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.








9.Үй тапсырмасы.

. «Жақсылық пен жамандық»ертегісін оқу.






10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Сонымен бүгінгі сабақта айналадағы адамдарды құрметтеу ұғымы туралы түсініктерімізді кеңейттік.Ата салтын ардақтап,үлкенді құрметтеп,халықты сыйлай білу-инабаттылықтың,адамгершіліктің белгісі. «Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауы» дегенді ұмытпай жасы үлкендерді құрметтеп,салтымызды ардақтай білейік!







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 16сабақ_____

Тақырып: Жақсылық жасай білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық» , «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

Дамытушылық - жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік - қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. «Жақсылық пен жамандық»ертегісі үнтаспа арқылы тыңдатылады.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады.Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар,айналасы жақсы көреді,сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері,жақсылықтары арқылы жетті.Сондықтан халық: «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»,-дейді.Мен де сендердің жақсылықтарың,жақсы істерің туралы айтқым келеді.Сендерде өз сыныптастарыңның,достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар.Сол себепті шамамыз жеткенше,қолымыздан келгенінше адамдарға,айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін,оның шарапаты өзіңе,жақын туыстарыңа,тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.Алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру: «Адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».







6.Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма бойынша оқушылар берілген сұраққа жағдаят құрастырады.

1.Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ертегіні өз ойларымен жалғастырып жазу.







8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып ,А.Меңжанованың «Болайықшы осындай!» әнін айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге болады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы,досым-ай!







9.Үй тапсырмасы.

Б.Әділовтың«Қанат пен Жанат» әңгімесін оқу.






10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады.Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушылар қосылып Б.Бағайдың«Жақсылық жерде қалмайды» атты өлеңін оқиды.


Жақсылық жерде қалмайды
Жақынды ,досты аяла, Жайдары жүзбен жарқыра,

Қанатың сонда талмайды Қатыгез болсаң- сол қайғы.

Барынды жұрттан аяма, Қайырымды бол халқына,

Жақсылық жерде қалмайды. Жақсылық жерде қалмайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет