Мектеп__№11__________ Мерзiм____07.10.2014__ №_6____
Тақырып: Оқуға құштарлық
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: білімді, еңбекқор.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 2 «А,Ә,Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «махаббат», « адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеті:
оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;
кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Кітаптың жыры» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
2. Кітаппен қалай дос болуға болады?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4. Оқулықта берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап алыңдар:
«Оқу – білім бұлағы».
«Білім – өмір шырағы».
«Оқу инемен құдық қазғандай».
«Оқу түбі - тоқу»
|
|
5.Дәйексөз «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»
Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам – ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Біліміңнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың . сондықтанда халық «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деп айтқан.
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
3топқа бөлініп, білім туралы мақал-мәтел айтып жарысады.
Дәптермен жұмыс
Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.
|
|
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Кел, билейік!» Сөзі: М.Әлімбаев
|
|
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Өнерлі жігіт» аңыз әңгімесін оқып келу.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Мектеп__№11______ Мерзiм_____14.14.2014 №_7____
Тақырып: Менің ұстаздарым
Құндылық: ақиқат. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 2 «А,Ә,Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылыктары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. мұғалім еңбегі туралы түсінік беру;
2. оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. мұғалімді сыйлауға және оның еңбегін құрметтеуге, тәрбиелеу
|
|
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Өнерлі жігіт» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:
1.Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?
2.Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қалай көмектесті?
3.білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4. ӘңгімелесуМұғалім мен шәкірт арасындагы сыйластықты қарым- атынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
• Осы әннен мұғалімнің оқушысына деген қандай қамқорлығын сезіндіңдер?
Балалардың жауаптары.
Не үшін ұстаздарды аспандағы айға, күнге теңеуге болады?
Неліктен ұстаздың еңбегіне шәкірттері сыйластықпен қарайды
Иә, мұғалім - шәкіртіне ең жақын адам. Ол шәкірттерін үнемі биіктерден көргісі келеді.
-Ал сендер ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?
Балалардың жауаптары.
- Иә, шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш.
|
|
5.Дәйексөз «Білім ~ өмір шырағы» қазақ халық мақалы, деп жазып қояды.
Қалай ойлайсындар, не үшін адамзат күндіз тіршілік етіп, түнде үйқыға кетеді?
Не үшін білімді күнмен, шырақпен салыстырады?
• «Білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары. Жарық адамға қаншалықты қажет болатын болса, білім де адамға соншалықты қажет. Қараңғыда әрекет ету, өмір сүру қандай қиын болса, білімсіз адам боп жүру де сондай қиын. Өйткені сыртың адам болып жүргеніңмен, көп нәрсені білмегеніне, ажырата алмағаныңа, тани алмағанына іштей қиналасың. Өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білу, ажырата алу біліммен келеді. Білімді жарықпен, шырақпен салыстыратыны сондықтан. Ал мүғалім осы білімді шәкіртке жеткізуші болып саналады.Балалар доптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын. «Күн мен түн»Мұғалім сабақтың дәйексөзінің мағынасын ашуға септігін тигізетін мынадай ойынды ұйымдастыруына болады.
«Түн» дегенде балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмады. «Күн» дегенде түрлі қимылдар жасайды. «Күн» дегенде ойын жүргізуші жануарлардың, қүстардың, түрлі мамандық иелерінің қимылдарын немесе дыбыстарын салуды үсынады. Мысалы: ұшқан көбелектің, ызыңдаған масаның, аттың шабысын, жүргізушінің, күйшінің, әншінің қимылдарын салғызады. Осылайша «Күн», «Түн» сөздері, қимылдар алма-кезек қайталанып отырады.
|
|
7.Топпен ән айту. 3 мин. «Жарқын жүзді ұстазым» Сөзі: Ш.Смаханұлы, Әні:И.Нүсіпбаев
|
|
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Бақша ағаштары» әңгімесін оқып келу.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып,көзіміздіжұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші..(сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші(сәл кідіріс жасаймын)Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Мектеп__№11______ Мерзiм___21.10.2014__ №8_____
Тақырып: Менің ұстаздарым
Құндылық: ақиқат. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 2 «А,Ә,Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылыктары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. мұғалім еңбегі туралы түсінік беру;
2. оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. мұғалімді сыйлауға және оның еңбегін құрметтеуге, тәрбиелеу
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Бақша ағаштары» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
2.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
3.Әкесінің әңгімесінен кейін баласы қандай қорытынды шығаруы мүмкін?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4. ӘңгімелесуОсы сабақта айтылатын негізгі ой әңгімелесу барысындажәне дәйексөзді түсіндіру барысында ашылады.
Ұстаз дегенде кімдерді түсінесіңдер?
Сендер кімдерді өздеріңе «ұстаз» санайсындар? Балалардың жауаптары.
- Дүрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана - ұстаз, мұғалім - ұстаз, үлкендер - ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.
|
|
5. Дәйексөз тақтаға «Өмірдің өзі де ұстаз», «Ұстазы жақсының , ұстамы жақсы» халық даналығын, түсіндіреді.Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз өмірден көп нәрсе үйренеміз. Өмірден көру арқылы қателіктерді болдырмауды, адамға жат қасиеттерді бойымызға сіңірмеуді, зиянды әрекеттерді жасамауды үйренеміз. Ең бастысы жақсы өмір сүруді ажыратып білеміз. Сондықтан «Өмірдің өзі де ұстаз» деген халык даналығы бекерге айтылмаған.Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйек сөзді жазыңдар.
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақ барысында берілген тақырыпқа қатысты негізгі ойлар шығармашылық жумыста ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы бекітіледі.
1-тапсырма. Ойлан, тап! Ребусты шешіңдер.
Мұғалім тақтаға плакатқа салынган ребусты іледі.Ұлу „ сиыр ,„ тарақ ,„ „ қаз. Шешуі: ұстаз.2-тапсырма. «Ұстазды мақатау»Тақтаға сызылған «ұстаз» (ортасындағы дөңгелек ішіне «ұстаз» деген сөз жазылады, жан-жақтарынан кун шуақтары тәрізді сызықтар шығарылады) сұлбасының сызықтарын оқушылар «ұстаз кім?» сұрағына беретін жауаптарымен толтырады. Оқушылар кезектесіп айтады. Мүғалім тақтаға жазып отырады. Содан соң бәрі бірге қайталап айтады. Мысалы: үстаз - ақылшы, ұстаз - қамқоршы, үстаз - мүғалім, ұстаз -кітап.
|
|
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Ұстазым » Сөзі: Ш.Смаханұлы, Әні:И.Нүсіпбаев
|
|
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Үш дос» әңгімесін оқып келу.
|
|
9. Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Ия шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш
-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Мектеп__№11_______ Мерзiм__28.10.2014____ №9_____
Тақырып: Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу, қамқорлық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 2 «А,Ә,Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
2. сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Үш дос» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
2.Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның боыйнда қандай қасиеттер болуы керек?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Әңгімелесу
Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың қоғамда,отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым-қатынастарын қалыптастыруға,адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.
-Өзіңді,өзгені құрметтей білесің бе?
-Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
-Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
|
|
5. Дәйексөз
Шығармашылъқ жұмыс бойынша айтылган оқушылардың пікірлері' дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы түйінделеді. Мұғалім тақтаға «Адал дос - өмірлік дос» халық даналығы, деп жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
- Достар бір-біріне шынын айтса, досы үшін қай жағдайда
болмасын шыдамдылық танытса, досының мүддесін өзінікінен де жоғары койса - онда олар адал дос болады және бір-біріне әрқашан да сенеді. Бір-біріне сенген достар ұзақ достаса алады.
Сондыктан да халық «Адал дос - өмірлік дос» деп айтады.
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын – жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың суреті салынған плакаттарды іледі. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың достарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.
1-тапсырма:
«Менің айтар ақылым».Бос жолдарға қарындасыңа(сіңлі),ініңе арнап ақыл хат жаз.
2-тапсырма:
«Менің тыңдар ақылым».Үлкендердің ақылын жазыңдар.
Балалар тапсырмаларын орындап болғаннан кейін жария етеді.
|
|
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Құрметтеймін » өлеңін бірге айтады.
|
|
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Рақмет, ата!» әңгімесін оқып келу.
|
|
9. Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Өмірде адамдар бірін-бірі сыйлап,кешіре білсе, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға, ізгілікке жеткізеді. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.
Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
|
|
Мектеп__№11________ Мерзiм_18.11.2014________ №10_____
Тақырып: Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу, қамқорлық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 2 «А,Ә,Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
2. сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Рақмет, ата!» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Гүлнардың үлкенді сыйлағаны, кішіге ізет көрсеткендігі қай жерде байқадың?
2.Атай Гүлнарға қандай ізет көрсетті?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Әңгімелесу
Балалар, бас иіп сәлемдесу, бас иіп алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию - адамға деген құрметті,сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Бүгін біз осы жайында «Үлкенге кұрмет, кішіге ізет»
тақырыбында әңгімелесеміз.
|
|
5. Дәйексөз Оқушылардың пікірлері дәйексөздің мәнін тусіндіру арқылы қорытындыланады.
Мұғалім тақтага «Құрмет пен ізетті білсең, өзара сыйластыққа иесің» халық даналыгы, деп жазып қояды.
- Құрмет үлкен адамға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет - үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Үлкендер кішілерге ізет көрсетсе, кішілер
үлкендерді құрметтесе, адамдар арасында өзара сыйластық болады. Өзің сыйласаң, сені де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет
жасауды білсең, өмір бойы сыйлы болып өтесің. «Құрмет пен ізетті білсең, өзара сыйластыққа иесің» деген сөздің мағынасы осы.
- Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.
|
|
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сюжетті суреттер
Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол..
Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі..
Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді...
Сахналау
Осы өлеңді үш оқушы (автор, бір кісі, қария) рөльдерде мәнерлеп оқып шығады.
Кісілік-кішілік
Әбдікәрім Ахметов
Көп ойланып есебі,
Келсе керек білгісі.
Сөз сүрапты деседі.
Қариядан бір кісі.
Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп не үғамыз?
Дейміз нені кішілік?
-Ағайынмен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,
Сыйлас болса кісімен;
Кезек күтіп сөйлесе,
Көрсетсе ізет, білгендік.
Кеуде кере келмесе,
Сол - Кісілік-үлкендік.
- Сіз үлкендік дегенмен,
Басқаша үқтық мүны біз,
Мәмілешіл бар елмен,
Кішілік қой мұнымыз.
Жөн-ақ өзің аңдасаң,
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан
Кішілік пен кісілік.
- Кісілікке тән қасиеттер туралы айтып беріңдер.
-Кішілікке тән қасиеттер туралы айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары.
|
|
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бақытты балалар әні » өлеңін бірге айтады.
|
|
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Кешірім» әңгімесін оқып келу.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |