Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет3/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мектеп__№11_____ Мерзiм_25.11.2014______ №11_____

Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді болу.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Міндеті:

1. кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

2. кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

3. кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу;






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Кешірім» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1.Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

2.Атай қандай жақсы қасиет танытты?

3.Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

-Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

-Кешірім сұрауды достықты сақтауға көмектескен кездерің болды ма?






5. Дәйексөз

Мұғалім сабақтың тақырыбын дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы да таныстыра алады.

Мұғалім тақтага «Кешірім - сыпайылың белгісі, татулық негізі» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, өткен сабақтарда айтылған адамдардың бір-бірімен келісімге келуі, жарасуы бір-бірінен кешірім сұрауына, бірін-бірі кешіре білуіне байланысты ренжіскен жағдайда кешірім сүрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық өткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайылықты білдіреді. «Кешірім - сыпайылық белгісі, татулык негзі» дегеннің мағынасы осында. Біз бүгін «Кешірімді бала -кішіпейіл бала» тақырыбында әңгімелесеміз. Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы

Берілген бетке осы дәйексөзді жазындар.






6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын. «Құнды қасиеттер»

Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады..

Оқушылар парта қатарларына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-топ — «Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ — «Кешірім - татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.





7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бақытты балалар әні » өлеңін бірге айтады.





8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Автобуста» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________ Мерзiм___2.12.2014ж________ №12_____

Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала.

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді болу.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы.

Сынып 2


Сабақ мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Міндеті:

1. кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

2. кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

3. кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу;






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Автобуста» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1.Әңгімеден қандай ой түюге болады?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

«Кешірімді болу деген не? »деген сұраққа толық жауап таба алады.

-кешірім жасау –татуласуға бірінші қадам жасау;

-кешірім жасау-кішіпейіл болу;

-кешірім жасау- қателікті мойындау;

-кешірім жасау- өзара түсінісу;

-кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.





  1. Дәйексөз

Кешірім-ізгіліктің белгісі Халық даналығы




6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,үйренеді.

Суреттерде берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.

-Ғазиз асығып келе жатып,дәлізде мұғалімді қағып кетті.

-Арсен мен Маулен дүкеннің қабырғасын сурет салып ойнады.Арсен болса, қашып кетті.

-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.

-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.

-Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?






7.Топпен ән айту. 3 мин.«Күн күледі» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Өсиет әңгіме» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№28 Амангелді Мерзiмі: 13.12.2014 ж. №8_____

Тақырып: Келісім түбі-жарастық

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: тату, шыдамды.

Мұғалiм Кисебаева Ақмарал Мейрханқызы

Сынып 2 «а,ә,»




Сабақ мақсаты: «Достъқ»,«сыйластъқ» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. келісім, жарастық туралы түсінік беру;

2. достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

3. өзара татулыққа, шыдамдылықка тәрбиелеу






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Өсиет әңгіме» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1.Әңгімеден қандай ой түюге болады?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

«Кешірімді болу деген не? »деген сұраққа толық жауап таба алады.

-кешірім жасау –татуласуға бірінші қадам жасау;

-кешірім жасау-кішіпейіл болу;






5. Дәйексөз




6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,үйренеді.

Суреттерде берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.

-Ғазиз асығып келе жатып,дәлізде мұғалімді қағып кетті.

-Арсен мен Маулен дүкеннің қабырғасын сурет салып ойнады.Арсен болса, қашып кетті.

-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.

-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.

-Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?






7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бала тілегі» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Піл мен маймыл» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.


Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.



Мектеп__№11_____________Мерзiм_ ___________№14_____

Тақырып: Келісім түбі-жарастық

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: тату, шыдамды.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Достъқ»,«сыйластъқ» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. келісім, жарастық туралы түсінік беру;

2. достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

3. өзара татулыққа, шыдамдылықка тәрбиелеу






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Піл мен маймыл» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1. Адам қандай келісімге шақырды?

2.Ертегіде кімдердің достығы жарасты?

3.Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

4.Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

-кешірім жасау- қателікті мойындау;

-кешірім жасау- өзара түсінісу;

-кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.






5.Дәйексөз

«Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» Адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, бірін-бірі тыңдап, түсінісіп келісімге келе алса, достары көп болады. Досы көп адам - ол жалғыз емес. Басына қиындық туған жағдайдың өзінде достары көмектеседі. Сондықтан ол адам қиындық, көңілсіздік дегенді білмейді. Барлық уақытта да көңілді, қуанышты, бақытты. «Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» деген осы.Дәйексөзде берілген ой үй тапсырмасын орындау барысында пысықталады.Тапсырмада берілген адасқан әріптерді орнына қойып, берілген сөзді табыңдар. Әріптерді орнына қойғанда «Келісім түбі - жарастық» сөзі шығады.






6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жаттығу. «Достық нұры»

Оқушылардың татулық, келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.



  • Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей калып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де, уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындары да болады. Ал біз сондай көңілсіз соттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсінісу үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз. Қанеки, өзімізді тексеріп көрейікші. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, «нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.

  • Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік. Айтылған қасиеттер бойымызда болып, аталған әрекеттерді жасай алсак бір-бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.




7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бала тілегі» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Ырыс алды-ынтымақ» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№15_____

Тақырып: Күш бірлікте

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: көпшіл, көмектесу, бірлік.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Бірлік» үғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. бірлік туралы түсінік беру;

2. көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

3. бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Ырыс алды-ынтымақ» аңыз әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Балалардың күші неден байқалды?

2.Әкесі балаларының күшті болуына қалай көмектесті?



Сабақ барысын талқылау:

4. Әңгімелесу

Балалар, сендер білесіңдер ме, мөлдіреген көк теңіздін ортасында «Достық аралы» бар. Мәңгілік желбіреп түратын «Достық туын» көруге елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға


барып қайтады. Ондағы «Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады. Біз де біздің бүгінгі «Көпшіл болайық» атты сабағымызда «Достық аралына» барып қайтайык- Саяхатымызды әнмен бастайық




5.Дәйексөз Балалардың жауаптарын туйіндеу ушін дәйексөздің магынасы тусіндіріледі.

Мұғалім тақтаға «Күш - бірлікте» қазақ халық мақалы, деп жазып қояды.

- Дұрыс айтасыңдар! Біреу болсаң күшің жоқ, бірігіп жүрсеңдер, біріңнің сөзіңді бірің қоштап, біріңді бірің қолдап бірлесе еңбек етсеңдер бәрін де жеңесіңдер. «Күш - бірлікте»
деген осы.

Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.

Мұғалім саяхатты әрі қарай жалғастыратынын айтады.

- Балалар, міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да судан өтуіне көмектестік (мұғалім тақтаға лақтың өзеннен өткендегі суретін іледі). Енді мөлдіреген көк теңіздің де


жағалауына (суреті тақтаға ілінеді) жеттік. Теңіз жағалауында
бойымызды сергітіп алайық.

Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді.)

Шырқатып он саламыз. (Екі қолды жанына созады.)

Би билейміз бүралып, (Би қимылын көрсетеді.)

Доспыз, тату боламыз. (Барлыгы қол устасып, жоғары көтереді.)

Мұғалім оқушыларды бірлестікте еңбек еткізу үшін ойын-жаттығу ұйымдастырады. Оны сұрақ беру арқылы бастайды.



  • Балалар, «Достық аралына» жету үшін бізге не қажет? Балалардың жауаптары.

  • Әрине, теңізбен жүзіп баратын қайық қажет.




6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Ойынның шарты: Мұғалімнің алдында қайық бөліктері (қағаздан жасалған) жатады. Осы бөліктердің артқы бетіне тапсырма жазылған. Тапсырмаларды орындау арқылы қайықты құрастыру тиіс.

Тапсырмалар:

- Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?

- Егер сыныптағы кыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіндер?

- Айдос пен Жандосты сыныптас қүрбылары араларына қоспайды. Сендер көпшіл болсаңдар оларды қалай қосар едіндер? (Тапсырмалар мұғалімнің қалауына қарай көбейтілуі мумкін). Тапсырма орындалып біткен соң қайық бөліктері бір~біріне жабыстырылады





7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Елімізді сүйеміз» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Өмірлік сый» сахналық көрініс жаттап келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.


Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет