Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет7/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мерзiм


Тақырып: Табиғатпен біргеміз

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану табиғатқа қамқор болу.

Сынып 2 «б»


Сабақ мақсаты: «Табиғат», «үйлесімділік» адамгершілік құндылыктары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсінік беру;

2. табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту;

3. табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Жел» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Аймен,Күнмен,Жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?

Балалардың жауаптары тыңдалады.






5.Дәйексөз

Алынған жауаптар дәйексөздің түсіндірілуімен түйін-деледі.

Мұғалім тақтаға «Табиғат бояулары - тіршілік көзі» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Халық үғымында ақ - үлкен той-жиынды, бақытты білдіреді. Жасыл - қуанышты көңіл күйді, жастықты білдіреді. Көк - таза судың, ашық аспанның, бейбітшіліктің, қоңыр -еңбектің, қара - түннің, сары - жарық күннің, қызыл - жеңістің нышаны. Адамның тіршілігінің көзі де осылар - күн, түн, су, аспан, бейбітшілік, еңбек, қуаныш, бақыт, жеңіс. Табиғат бояулары арқылы тіршіліктің қайнар көзі беріледі

Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менін дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазындар.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын. «Табиғатпен біргеміз»Оқушылардың сабақтан алған білімдері ойын арқылы бекітіледі.

Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлінеді: «Шіркейлер», «Бұлт», «Кемпірқосақ».

• Балалар жаңбыр жауып өткен соң, көкте не пайда болады?

«Кемпірқосақ» тобы ортаға шығады. Сол уақытта «Шіркейлер» тобы әрі-бері ұшады:

Біз шіркейміз, шіркейміз.

Қанатпенен бүркейміз, бүркейміз.

Жауынгер шіркейміз,

Көк найза сілтейміз, - дейді.

«Бұлт» тобы оларға жауап қатады.

Біз болайық бұлттай, бұлттай,

Жер үстін бүркейміз.

Болсақ та құйттай,

Жауынды сілтейміз,

Су берейік жұртка, жұртқа, - деп, «Шіркейлер» тобына жақындайды. Сол кезде «Шіркейлер» тобы қашады да, «Кемпірқосақ» тобының арасына тығылады. Ал бұлттарға ұсталған балалар сол топқа қосылады. Ортаға «Шіркейлер» тобы қайта шығады. Ойын осылайша жалғасады.






7.Топпен ән айту. 3 мин. Өлең олдарын бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Қарлығаштың ұясы» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.Оқушыларға адамның табиғатпен бірге екендігін сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз ой мен қиялға беріліп, табиғат сұлулығына тамсанып келе жатырмыз. Жайнаған гүлдерді көргенде көздеріміз жайнап, көңіліміз куанышқа бөленді. Сынған бұтақтарына мұңайып, сәні болмай түрған ағаштарды көргенде, біздің де көңіліміз жабырқау тартты. Теңіз жағасынажетіп толкынмен тербеліп тұрған теңіздерді көргенде, біз де толкып куанышымыз қойнымызға сыймай төбеміз көкке жеткендей болды. Суы тартылып қалған көлдерді, лайы шыққан өзендерді көргенде, біздің қуанышымыз сол сәтте-ақ су сепкендей басылды, көкке жеткен көңіліміз бір сәтте-ақ жерге түсті. Біздің осы қаяу көңілімізді сайраған бүлбүл даусы серпілтіп жіберді. Сонда ғана барып, біз табиғат пен біздің арамыздағы жақындықтың соншалықты тығыз екендігін түсіндік. Біз табиғатпен бірге ғана «БІЗ» екендігімізді үғындық. Бәріміз бірауыздан «өзімізді сақтау үшін, табиғатты қорғауымыз тиіс» деп іштей қайталап келеміз. Осы жақсы ниетімізбен бұрынғы қалпымызға келейік.



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№31_____

Тақырып: Атамекен табиғаты, анамдайсың!

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану туған жердің табиғатын аялау.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат», «махаббат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. атамекен табиғаты туралы түсінік беру;



2.табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

3.туған жердің табиғатын аялауға, сүюге тәрбиелеу;





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Қарлығаштың ұясы» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды,деп ойлайсыңдар?

2.Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады?

3.Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2.Сенің атамекенің несімен көрікті?

3.Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?






5.Дәйексөз

Сабақ дәйексөзбен қорытындыланады.

Мұғалім тақтаға «Атамекеннің аялы аясы -- сенің жан саяң» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, үшқан қүстары, жүгірген аңдары қашанда ата-бабаңа деген сағынышыңды басады. «Атамекеннің аялы аясы - сенің жан саяң» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау қажет.



Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Суретте берілген кітапты қызыл түске бояп, оның бірінші бетіне «Табиғатты аялайық» деп жазыңдар.

2-тапсырма. Қызыл кітаптың екінші бетіне ең жақсы көретін аңдарыңның атын жазып, суретін салыңдар.

- Жарайсыңдар балалар, үшінші, төртінші сыннан да өте алдыңдар.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жаттығу-ойлану

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Қоржыннан Алпамыс пен Махаббат беріп жіберген екі тапсырма алынады да, екі топқа беріледі. Берілген өлең жолдары табиғаттағы нелердің атынан айтылған? Шешуін айтып, өлең жолдарының мағынасың түсіндіріңдер.

1- топтың тапсырмасы:

Мен де өзіңдей баламын, Жұлсаң солып қаламын. Жұлмасаңдар күлемін, Жұпарымды беремін. (Гүл)

2- топтың тапсырмасы:

Сәуір келді, ұлы айда Әрбір күнім - той менің. Бала саған ұнай ма Мына жасыл көйлегім? (Жер)

Мұғалім жұмыс нәтижелерін қорыта отырып, оқушыларды келесі сынға ынталандырады.

- Міне, балалар, біз екінші сыннан да мүдірмей өттік. Табиғат сендердің жер-ананы ренжітпей, гүлдерін жұлмай жүргендеріңді қалайды.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту мақсатында «Қарлығаштың ұясы» әңгімесі оқылады.

-Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды,деп ойлайсыңдар?

-Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады?

-Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





7.Топпен ән айту. 3 мин. «Атамекен» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

« Отан деген...» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Бүгін тапсырманы бәрің де жақсы орындап, сыннан мүдірмей өттіңдер. Сондықтан осы сыныпқа «Табиғат қамқоршылары» деген атақ береміз (Мұғалім сыныпқа алдын ала дайындап қойған «Табиғат қамқоршылары» деген жазуы бар таспаны береді). Мен сендерге және бүгінгі күнге ризамын. Сендер де ризасыңдар ғой, деп ойлап тұрмын.





Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№32_____

Тақырып: Қазақстан-менің елім

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: отанды сүю.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Отан», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың бәрінің отаны Қазақстан екендігін түсіндіру;

2.Отанға сүйіспеншілігін арттыру;

3.- Отанын сүюге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Отан деген» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Балалар туған жерлерін қалай мақтан етті?

2.Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

2.Сенің қай ұлт өкілдерінен достарың бар?

3.Олардың бәрін біріктіретін не деп, ойлайсыңдар?






5.Дәйексөз

Қазақстан халықтарының ынтымақта өмір суруі кажеттігін ұгындыру мақсатында сабақтың дәйексөзінің мағынасы түсіндіріледі.

Мұғалім тақтага «Отанымның елдігі - бірлігінде» халық даналығы, деп жазып қояды.

• Балалар, «Отанымның елдігі - бірлігінде» дегенді қалай түсінесіндер?

Балалардың жауаптары.

- Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеді. Бірге мереке тойлап, бірге қуаныш бөліседі. Не жасаса да бірлесе жасайды, келісіп әрекет етеді. Татулықта, достықта өмір сүреді. Осындай ажырамас бірлік біздің отанымыздың үлкен ел екендігін басқа елдерге танытады. «Отанымның бірлігі - елдігінде» дегеннің мағынасы осында. Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын. «Туысыңды тап»

Қазақстанда әр түрлі ұлттар тұрғанымен олардың бәрі бір-біріне туыс екендігін оқушыларға тусіндіру мақсатында ойын ұйымдастырылады.Мұғалім әр оқушыға жеке-жеке кеспе қағаздар (карточка) береді. Кеспе қағаздардың барлығында да Қазақстан туы бейнеленген, бұдан басқа оларда төрт түрлі ұлттың (қазақ, өзбек, орыс, грузин) біреуінің ұлттық киімдері салынған. Әр бала музыка басталғанға дейін кеспе қағазын ешкімге көрсетпеуі тиіс. Үнтаспадан вальс ырғағымен музыка ойналады. Ойынның бірінші шарты бойынша оқушылар ортаға шығып бір-бірімен вальс билей жүріп өз серігін (серіктерін кеспе қагаздарында бейнеленген ұлттьқ киімдер бойынша табуы тиіс) тапқанша бір-бірімен ауысып билейді. Мүғалімнің «туысыңды тап!» деген сөзі естілгенде, «қазақ ұлттық киімдері бар» оқушылар бір топқа, «орыс ұлттық киімдері бар» оқушылар екінші топқа, «өзбек ұлттық киімдері барлары» үшінші топқа, «грузин ұлттық киімдері барлары» келесі топқа жиналады. Тобын таба алмаған оқушы басқа ұлттың сөзін немесе бір салтын (бір ерекшелігін) айтып береді. Ойынның екінші шарты: (мүғалім енді кеспе қағазда бейнеленген ту бойынша тобын табу қажеттігін айтады) оқушылар билей жүріп, кеспе қағаздарында бейнеленген тудың суретіне қарай серігін табады. Мүғалімнің «туысыңды тап!» деген сөзі естілгенде барлығының кеспе қағаздарында Қазақстанның туы бейнеленгендіктен бәрі бір топқа жиналады. Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға біздің елімізде тұратын қай ұлт болмасын оларды біріктіріп тұрган Отаны -Қазақстан екенін тағы да бір рет естеріне салады.






7.Топпен ән айту. 3 мин. « Менің елім» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

« Балалар елін бағындыру» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Оқушыларға Қазақстандағы әрбір адамның осы елдің толыққанды мүшесі екендігін сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады. Бұл әдіс мұғалімнің айтуы бойынша балалардың қиялдауы арқылы жүзеге асырылады. Үнтаспадан баяу әуенді музыка естіледі. Мұғалімнің сөзі:-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларынын қуанышына мәз болған аналар, оқушыларының «бестігін» мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдылығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп түрған басқа да туысқан халықтар.

Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсеңцер де Өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған күс, жайқалған гүл, жайнаған бак, жарқыраған күн сияқты сезіңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде

түрсандар да Өздеріңді сол жердің толыққанды мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол - біздің Отанымыз.

Осындай бақытты, бейбіт елде туылып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынға қалпымызға келейік.




Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№33_____

Тақырып: Үйренгенім көп менің

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: еркін сөйлеу, ойын еркін айту, үйренгендерін өмірде қолдану.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. 2сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдерін жинақтау;

2. жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

3. өз ойын еркін жеткізуге,үйренгендерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген « Балалар елін бағындыру» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Ойын мен еңбектің айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

«Өзін өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?

Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма? Балалардың жауаптары.






5.Дәйексөз

Шығармашылық жұмыс барысында айтылған ой-пікірлер сабақтың дәйексөзінің мағынасы түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтага «Ана тілі - туған тілім» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Ана тілі сен туылған сотте-ақ сенімен бірге сенің тілің болып туылады. Сондықтан да оны туған тіл деп атайды. Туған тілде сөйлемесе, ол тіл жойылады. Туған тілде сөйлеу өзіңе


деген сыйластықтан туындайды. Туған тіліңде сөйлегенің - өзінді сыйлағаның. Өзіңді сүйгенің, тіліңді сүйгенің. Өйткені ол -сеніңтуған тілің.

Балалар енді, дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушылардың Өзін-өзі тау сабақтарынан не үйренгендерін және өткен сабақтарды қандай дәрежеде меңгергендерін білу үші шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.



  1. Сұрак бойынша өз пікірлерін білдіреді.

  2. Сондай пікірге келуінің себебін түсіндіреді.

  3. Мысал келтіреді.

Ойын жинақтап қорытады




7.Топпен ән айту. 3 мин.«Ана тілі-аяулы үні» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

« Балалар елі» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№34_____

Тақырып: Үйренгенім көп менің

Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: еркін сөйлеу, ойын еркін айту, үйренгендерін өмірде қолдану.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. 2сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдерін жинақтпу;

2. жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

3. өз ойын еркін жеткізуге,үйренгендерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген « Балалар елі» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Балалар еліне спорт пен өнердің қандай пайдасы бар?

2.Балалар спорт пен өнердің өзіне не арқылы жетті?

Балалардың жауаптары


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

«Өзін өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?

Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

Осы оқу жылында өдеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар? Балалардың жауаптары.






5.Дәйексөз Тақтада «Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет» деген дана сөзді түсіндіреді.Балалар осындай әдепті әрекеттер жасаған болсаңдар-үлкендерден көргендеріңді өзін-өзі танудан үйренгендеріңді көрсете білгендерің. Халық арасында «Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет» деген дана сөз бар. Барлық адамдар сендер сияқты үйренген жақсы әдеттері мен әрекеттерін басқаларға үйрететін болса, айналамызда тек қана әдепті, жақсы адамдар, бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді. Мұндай жағдайда барлық адамдар бақытты болады.




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

. «Балалар елі»

Балалар елін құрастырады. «Оқу», «Кітап», «Өнер», «Спорт», «Ойын», «Еңбек» - алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп,тек жақсылыққа қарай жетелейдіде отырады.



  • Өздерің «Балалар елінде болдыңдар ма?» .Болсаңдар әңгімелеп беріңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады




7.Топпен ән айту. 3 мин.«Кел, достар, сапқа тұр» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

« Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салыңдар оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет