Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет4/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№16_____

Тақырып: Күш бірлікте

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: көпшіл, көмектесу, бірлік.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Бірлік» үғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. бірлік туралы түсінік беру;

2. көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

3. бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Өмірлік сый» көрінісі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

2.Апалы-сіңлілер неге үнемі кірісе береді?

3.Әпкең мен ағаң -өмірдің баға жетпес сыйы деген сөзді қалай түсінесіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгімелесу

1.Бірлік деген сөзд қалай түсінесіңдер?

2.Көпшіл болу деген сөзді қалай түсінесіңдер?






5.Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Татулық – табылмас бақыт» ,«Түсініспей - бірлік болмас, бірлік болмай, тірлік болмас» халық даналығы, деп жазып қояды.

«Түсініспей – бірлік болмас» деген сөз, жаныңда жүрген адамдардың көңілін, ойын, айтар сөзін түсінгің келмесе, оны өкпелетесің де өзің доссыз қаласың, деген сөз. Ал «бірлік болмай, тірлік болмас» дегендегі тірлік - өмір дегенді білдіреді. Адамның жалғыз өмір сүруі, яғни ойнауы, оқуы, жүруі, еңбек етуі қызық емес.

- Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жағдаяттарды талдау

Мұғалім сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кезектесіп оқиғалармен ұштастыру мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап,сұрақ бойынша талдайды.

1.Балалар татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?

2.Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?

3.Достарыңның алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал- мәтелдерді аяқтаңдар.

1.Ынтымақ түбі -.....

2.Бірлік,ынтымақ –байлық,...

3....табылмас бақыт.





7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Тату доспыз бәріміз» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Арұлан» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№17_____

Тақырып: Текті білу тегін емес

Құндылық: дұрыс іәрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: тегін қастерлеу.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»

Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

2. ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

3. ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Арұлан» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Арұлан қандай бала? Аружан ше?

2.Олардың отбасындағы сыйластығы қалай байқауға болады?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

-Өз аталарың туралы не білесіңдер?

- Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

- Жеті атаңды айта аласың ба?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





5.Дәйексөз

Сабақ дәйексөздіц мағынасын жете тусіндіру арқылы қорытылады.

Мұғалім тақтаға «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, дұрыс айтасыңдар! Ата-бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіргісі келеді. Ұрпақтары әдепті де ізетті болып жүрсе, бәрін ақылға салып шешетін болса өмірде бақыттты болады. Баланың бақыты - ата-ананын бақыты, ұрпағының бақыты.

Бәріміздің шыққан тегіміз - адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегінді қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз үрпағың солай қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашан да ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Тегімізге тартып, адами қасиеттерімізден арылмағанымыз дүрыс.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тапсырма

«Өз отбасындағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады.Тапсырма бойынша балалар ата-әжелер, нағашылары,жиендері,ағайын-туысқандары,туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріне түсіріп,айтып береді.



Дәптермен жұмыс

«Жеті ата» атты сөзжұмбақты шешіңдер.



  1. Әкеңнің шешесі ...

  2. Атаңа сен кім боласың?

  3. Әкеңніңәкесі...

  4. Отбасында сенен кейінгі ұл саған кім болады?

  5. Сенен алдыңғы үл саған кім болады?

  6. Алтыншы ата -

  7. Сені дүниеге әкелген жан -

Оқушылар тапсырманы өз дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді? Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады. Оқушылар қате жіберген жағдайда түзетіледі.




7.Топпен ән айту. 3 мин. «Келші, келші балашым» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Текті білу тегін емес» өлеңін жаттап келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№18_____

Тақырып: Текті білу тегін емес

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: тегін қастерлеу.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

2. ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

3. ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Текті білу тегін емес» өлеңі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?

2.Сендерге үлкендердің ата тектерің туралы айтып, сендерден сүраған кездері болды ма? Сендер оған қалай жауап бердіндер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1. Жеті ата дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өз ата тектеріңді айта аласыңдарма?





5.Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, дұрыс айтасыңдар! Ата-бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіргісі келеді. Ұрпақтары әдепті де ізетті болып жүрсе, бәрін ақылға салып шешетін болса өмірде бақыттты болады. Баланың бақыты - ата-ананын бақыты, ұрпағының бақыты.

Бәріміздің шыққан тегіміз - адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегінді қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың солай қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашан да ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Тегімізге тартып, адами қасиеттерімізден арылмағанымыз дұрыс.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер?» деген тапсырма беріледі.

Бірінші топқа: «Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол»

Екінші топқа: «Балаларымыз қуаныш әкелсін,немерелеріміз жұбаныш әкелсін.»

Үшінші топқа: «Қыздарымыз есті болсын,Ұлдарымыз сесті болсын».

Ойлануға 3 минут беріледі,жауаптары тыңдалады.






7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Мен әдепті баламын» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Обал деген не?» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№19_____

Тақырып: Обал мен сауап

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: мейірімді, үнемшіл.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік кұндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

1.обал мен сауап туралы түсінік беру;

2. халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

3. мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Обал деген не?» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

2.Нанды жерге тастау дұрыс па?

3.Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

Сабақта оқушылардың « обал», « сауап» деген сөздердің мағыналарын қалай түсінетіндерін білу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.-Бал дегенді қалай түсінесіңдер?- «Обал болады», «сауап болады» дегенді қалай түсінесіңдер?-Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?






5.Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Обалды біліп өссең- сауапқа кенелесің» халық даналығын түсіндіреді. - «Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мон бар. Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауапқа қаласың» дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейді. «Сауапқа қаласың» дегеннің өзі - бұл, жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауапқа қаласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді.

Балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы мақалды жазып қойыңдар.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Ойын-жаттығу. «Обал мен сауап» ойыны ойналады.Мұғалім орамалды түйіндеп, бір сөйлемді бастап орамалды бір оқушыға лақтырады,орамал кімнің қолына тисе сол оқушы берілген сөйлемді « обал болады» немесе «сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс.Мысалы:-Көк шөпті жұлма, обал болада.

-Құмырысқаның илеуін таптама, обал болады.

- Торға түскен құсты босат, сауап болады.

-Сүтті төкпе, обал болады.



Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген суреттерді бояңдар.




7.Топпен ән айту. 3 мин.«Көк алма» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Құс ұясын бұзбайық!» өлеңін жаттап келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№20_____

Тақырып: Обал мен сауап

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: мейірімді, үнемшіл.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: : «Мейірімділік» адамгершілік кұндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.обал мен сауап туралы түсінік беру;

2. халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

3. мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Құс ұясын бұзбайық» өлеңі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

2.Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

3.Адамдар құстарға қандайқамқорлық жасай алады?


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын ашу үшін мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды.

  • Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Үлкендер сендерге қандай жағдайларда обал болады, деп айтып отырады?

• Кер сұмдықтың әрекеттері не үшін обалға жатады?




5.Дәйексөз- «Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мон бар. Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауапқа қаласың» дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейді. «Сауапқа қаласың» дегеннің өзі - бұл, жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауапқа қаласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді.




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Торғай» әңгімесін өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар Бақша арасындагы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, қүстың иісін сезгендей-ақ төрт тагандап бүға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол үясынан қүлап түсіпті...

- Әңгімені жалғастырыңдар.

- Иә, балалар балапандарға көмектескендерің үлкен сауап


болды, өйткені адамның, жануардың, табиғаттың қиналғанын
көре түра, оған жақсылық жасамау обал болады.

Сендерге үлкендер «обал болады», «сауап болады», деген сөздерді қандай жағдайларда айтты?

Балалардың жауаптары оқулықта берілген анықтамалардың түсіндірілуімен түйінделеді:

- Обал мен сауап мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас үғымдар. Обал -жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді. Сауап - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.





7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Ой, обал-ай, обал-ай!» өлеңін бірге айтады.





8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Еңбексіз өмір - сүреңсіз» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет