Бекітемін:__________________ Келісемін:__________________
Мектеп директорының оқу ісі Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
Ж.Жалғасбаева Қ.Жұмағалиева
Мектеп _№183__________ Мерзімі _6.02.2015ж_______ № _21_____
Тақырып _Табиғаттан нәр алып...____________________
Құндылық_Сүйіспеншілік____Қасиеттер_ мейірімділік,ізгілік, қамқорлық._____
Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_ Сыныбы _8 «б»_Оқушылар саны __20_____
Сабақ мақсаты:
оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;
сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Оқулық, дәптер, күнделік, слайд.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Орманға саяхат
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 21 сабақ. 94- бет. Оралхан Бөкейдің «Алтай» атты мәтіннің түсінігін сұрау.
Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:
- Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма?
- Өр Алтай, асқар Алтай, асқан Алтай дегенде қандай сезімді аңғардыңдар?
- Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет?
- Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?
- Табиғат әдемелігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Дәйексөз
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
Шохан Уәлиханов
(1835 – 1865ж.ж)
(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын айтады.)
|
|
Әңгімелесу (сұхбат) «Мұғалім сыйы»
Василий Александрович Сухомлинскийдің «Бала және
інжугүл қоңыраулары» атты ертегісі.
Көктем келді. Жерден жебе тәрізді екіге бөлінген көк жапырақша көрінді. Оның жапырақтары тез өсіп, көлемі үлкейе бастады. Ал олардың арасынан кішкентай өскін өсіп шықты. Өскін бой көтеріп, басын жапырақтың біреуіне қарай бұрып, бір күні таңмен аппақ қоңырауларға толып, гүлденді. Бұл інжугүл қоңыраулары болатын.
Бұл аппақ қоңырауларды кішкентай бала көріп, оларды әдемілігіне таңырқай қарады. Ол көзін гүлдердің қоңырауларынан ала алмай, ұзақ тұрып, оны жұлып алуға қолын соза бастаған кезде гүл былай деп сыбырлады:
- Сен бізді не үшін жұлғың келеді?
- Сендер маған ұнайсындар. Сендер сондай әдемісіндер, мен өте қызығып тұрмын, - деп жауап берді бала.
- Жарайды, - деп күрсінді інжугүл қоңыраулары.
- Жұлып ал, бірақ жұлмастан бұрын біздің қандай әдемі екенімізді айтшы.
Бала інжугүл қоңырауларына қарап, олардың соншалықты кереметтілігіне таңданды. Бала оларды аппақ бұлттарға, ақ көгершіннің қанаттарына, сонымен бірге таңқаларлық кереметке ұқсатты. Осының бәрін сезінген бала ештеңе айта алмай, үнсіз тұрып қалды.
Өсіндер інжугүл қоңыраулары, - деп сыбырлап жай ғана үн қатты.
Қойылатын сұрақтар:
Бала неліктен інжугүлді жұлмады?
Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме?
Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?
Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар ма?
Аппақ ай, жарық күн, жасыл жапырақ келбеті адамға қандай ой салады? Өздерің осыны бастан кешіріп көрдіңдер ме?
Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?
Табиғаттың қызықты да құпия сырлары туралы не білесіңдер?
|
|
Шығармашылық жұмыс.
Оқулықта берілген өнер туындыларына
қарап, ондағы адам мен табиғат үндестігін
салыстырыңдар.
1. Әбілхан Қастеев. “Жайлаудағы кілемшілер”.
1950 жыл.
2. Әбілхан Қастеев. “Пейзаж” (этюдте).
1950 жыл
3. Ағымсалы Дүзелханов. “Қорқыт ата
туралы аңыз”. 2004 жыл
4. Ағымсалы Дүзелханов “Көктем”. 1998 жыл.
Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма
Өз қалауынмен асқар тауға, айдын көлге, ну тоғайға, қалың орманға, биік шыңға, жасыл өсімдікке, жүгірген аңға, ұшқан құсқа, кең далаға хат жаз.
3-тапсырма
Мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасымдылық, үйлесімділік туралы өз ойынды жаз.
|
|
Топпен ән айту
Саржайлау
сөзі: М.Мақатаев
әні: Н.Тілендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Саржайлауым
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Саржайлауым
Қ-сы
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Саржайлауым
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! Саржайлауым
Қ-сы
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным Саржайлауым
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын Саржайлауым
Қ-сы
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
|
|
Үй тапсырмасы
№22 сабақ. Құрманбай Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» атты мәтінің оқып келу.
|
|
Соңғы тыныштық сәті (Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкіл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |