Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін: __________ оқу ісінің меңгерушісі
Мектеп: Қаракөл орта мектебі
Күні: 19.11.2015ж
Тақырыбы: Ар-намыс керек адамға
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы, жақсы азамат болу
Мұғалім: Т.Суатова
Сыныбы: 9 а ә Оқушылар саны: 18
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар
(материалдар, деректер)
Оқулық, дәптер шығармашылық портфолио, өлеңнің аудиодискісі
|
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Абайдың отыз алтыншы қара сөзін (үзінді) оқып, талдау
-Шығармадан қандай ой түйдіңіз?
-Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды-ақымақтық, жамандық дейді?
-«Шын ұят»- деген сөзді қалай түсінесіз?
|
|
Дәйексөз
«Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы».
Халық мақалы
|
|
Мұғалім сыйы
Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.
Намыстың тағы бір көрінісі – қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, туған халқымен етенелігін сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз ықыласынан және туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету және оны қорғаумен байланысты намыс тағы да көрініс береді. Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және оған сүйіспеншілік сезіммен қараса – бұл намыстың белгісі. Демек, намыс адамға тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз байланысты. Махаббат намыстың сезімдік қайнары болса, намыс махаббаттың құндылықтық мәні, әрекеттік қыры. намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен тәуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат. Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар(ғ.с.) хадисінде былай делінеді: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Ал адам қадір-қасиеті мәлім нәрселерді сыртқы жаудан қорғаумен қатар, ішкі жаудан яғни адамның өз бойындағы ішкі кеселдерінен қорғауының да маңызы зор және бұған өте көп күш-қайратын жұмсауға тура келеді. Намыс деңгейі адамның өз бойындағы нәпсіқұмарлық, қиянатшылдықпен күресінен де көрінеді. Себебі жоғарыда аталған құндылықтарға сыртқы дұшпанның жаулығынан гөрі адамның рухани азғындауымен ұштас қандай да бір қадірлі нәрсенің қасиетін жоятын нәпсіқұмарлықтың жаулығы басым.
|
|
Шығармашылық жұмыс
Жағдаяттарды талдау
сұрақтарға жауап беру
-Болатқа қандай кеңес бересіз?
-Болат Мұхтармен қалай сөйлесті?
- Достар қандай шешім қабылдауы мүмкін?
|
|
Топпен ән айту
Атамекен
Өлеңі: Қ. Мырзалиев
Әні: Е. Хасанғалиев
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы
|
|
Үй тапсырмасы.
«Абырой-ар еңбегі» эссе жазу
Балқар аңызы-оқуға
|
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |