Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#34563
түріСабақ
  1   2



Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі

мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Ашық сабақ

Механикалық қозғалыс.

Санақ денесі.

Қозғалыстың

салыстырмалылығы.



Физика пәнінің мұғалімі: Құтымова Ә

2016-2017 оқу жылы.

Бекітемін:



Мектеп директоры: Абубакиров М.
сынып күні: 21.10.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары): Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалығы тақырып туралы түсіндіру және тұжырымдау. Сыни тұрғыдан ой-өрісін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Топта бағалай білуге баулу.

Сабақ мақсаттары:

  1. Барлық оқушылар: Механика ұғымын біледі.

  2. Оқушылардың басым бөлігі: Механикалық қозғалыстарға мысалдар келтіре отырып, күнделікті өмірде қолдана алады.

  3. Кейбір оқушылар: Санақ жүйесін декарттық координата жүйесінде сызып көрсетеді және қозғалыстың салыстырмалығына талдау жасайды.


Тілдік мақсат:


  • Оқушылар... (істей) алады: Механикалық қозғалыс жайлы мәліметті біледі. Санақ жүйесін түсінеді. Қозғалыстың салыстырмалылығына талдау жасайды.

  • Негізгі сөздер мен тіркестер: Механика, қозғалыс, санақ жүйесі.

  • Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): механикалық қозғалыстың түрлері және кез келген қозғалыс дененің салыстырмалылығын ажырату жолдары.

  • Талқылауға арналған тармақтар:

а) Механикалық қозғалыс жайлы білу.

ә) Санақ жүйесін декарттық координатта сызып көрсету.

б) Қозғалыстың салыстырмалылығына бірнеше мысалдар келтіру.

  • Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алуы.

  • Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау.

Алдыңғы тақырып: Заттың құрылысы тарауын қайталау.

  • Заттар қандай күйде бола алады?

  • Заттың қатты күйіне тән қасиеттері қандай?

  • Заттың сұйық күйіне тән қасиеттері қандай?

  • Заттың газ күйіне тән қасиеттері қандай?


Ресурсы: Интерактивті тақта, суреттер, Оқулық, плакаттар, маркерлер және т.б.

Негізгі идеялар:

Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)




Қозғалыс


Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.

Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.

Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?

Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет