Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар


Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#34563
түріСабақ
1   2

Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды.



Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.



Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.



Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.

Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.

Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.

Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, «Бәріңе сәлем» тренинг арқылы класқа жағымды қарым – қатынас орнатуға ықпал ету. Оқушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

  • Топқа бөлу ( машина, ұшақ, поезд қозғалыстарының суреттері арқылы 3 топқа жіктеледі)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға тақырыпты қайталау мақсатында 3 топқа 3 түрлі нұсқада тест сұрақтар парақшасын тарқатып, білімдерін тексеремін.

1 топ

І нұсқа

1. Табиғатта барлық физикалық денелер ... тұрады.
а) тек протоннан
ә) тек электроннан
б) тек молекулалар, атомдар және басқа бөлшектерден
2. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер -
а) физикалық ұғымдар
ә) физикалық аспап
б) физикалық шама
3.Халықаралық бірліктер жүйесінде ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі
а) километр
ә) сантиметр
б) метр
4.Дұрыс тұжырымдаманы таңдаңыз
а) әртүрлі күйдегі бір заттың молекулалары әртүрлі болады
ә) әртүрлі күйдегі бір заттың молекулалары бірдей болады
б) дұрыс жауабы жоқ
5. Ғылыми деректермен негізделген жорамал-
а) физикалық шама
ә) тәжірибе
б) гипотеза
2 топ

ІІ нұсқа
1. Жылдамдықты өлшейтін аспап қалай аталады?
а) сағат
ә) спидометр
б) секундометр
2. «Атом» ұғымын ғылымға енгізген
а) Галилей
ә) Демокрит
б) Аристотель
3. Литрмен өлшенетін физикалық шама
а) уақыт
ә) масса
б) көлем
4.Мына құбылыстардың қайсысы зат бөлшектерінің арасында тартылыс күші бар екенін дәлелдейді?
а) мұз жылы жерде ериді
ә) су қыстыгүні қатады
б) жақсы тазаланған қорғасын цилиндрлерді беттестіргенде, олар бір-біріне жабысып қалады.
5. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзерту заттың қандай күйіне тән қасиет?
а) сұйық
ә) газ тәрізді
б) газ тәрізді және қатты



3 топ

ІІІ нұсқа

1.Астрономия пайда болды:
а) қызығушылықтан
ә) физикадан
б) уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін
2.Ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесіндегі болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды?
а) физика
ә) астрономия
б) космонавтика
3.Температураны өлшейтін аспап қалай аталады?
а) термометр
ә) градус
б) сағат
4. Марстың қазақша аталуы
а) Үлкен аю
ә) Қызыл жұлдыз
б) Торпақ
5. Берілген сөздердің қайсысы зат болып табылады?
а) күміс
ә) қасық
б) доп

Сергіту сәті:

«Атомдар мен молекула» тренингі арқылы ойната жүріп, ойыннан шығып қалған оқушыларды кезек кезек топқа отырғызып, жаңа топ дайындап аламын.



Постер қорғау (тақырыптың мағынасын ашу):

1 топ - механикалық қозғалыс; 2 топ – санақ денесі; 3 топ – қозғалыс салыстырмалылығы туралы тақырыпшаларды қорғайды.


Қорытындылау:(Есеп шығару)

  1. Квадраттың қабырғасы 1,5 см. Оның ауданың анықта?

  2. Оқушы үйден шығып, метепке дейін 17 мин жүреді. Осы уақыттың сағат және секунд бірліктерін жазыңдар?

  3. Мына сандарды ықшам түрінде жазындар; 1200000; 6000; 503000000; 7000000; 0,003; 0,0000045


Сабақты бекіту:(сұрақ-жауап)


  • Механикалық қозғалыс деген не?

  • Санақ денесі деген не?

  • Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалатын көрсету не үшін қажет?

Сабаққа рефлекция:

Кері байлыныс беру, бес бармақ ережесі.



Бағалау парағы:


р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту


«Тест»


«Сергіту сәті»



«Постер қорғау»


«Есеп шығару»



«Сұрақ-жауап»

1



















2



















3



















4



















5




















Үйге тапсырма беру:

§18 тақырып. 7 –тапсырманы аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет