Сабақ мақсаттары Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін атау



бет1/9
Дата06.07.2018
өлшемі2,38 Mb.
#47687
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Бегалиева Гульнар Даниярбекқызы,

№23 орта мектеп

жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі

Тараз қаласы


Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1 А. Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Сынып:7 «а»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)


7.1.1.2-химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.





Сабақ мақсаттары

-Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін атау.

-Лабораториялық жұмысты орындағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіну.

-Зертханалық құрал-жабдықтардың атаулары мен атқаратын қызметін практикада қолдану.



Бағалау критерийлері


Білу: химиялық лабораторияда және химия кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін атайды

-зертханалық құрал-жабдықтардың атаулары мен атқаратын қызметін біледі.



Түсіну: химиялық лабораторияда және химия кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсінеді.

Қолдану: зертханалық құрал-жабдықтарды практикада қолдана біледі



Тілдік мақсаттар


 Пәндік лексика және терминология: сүзу, қыздыру, буландыру, сынауық, спиртшам, колба.

Оқылым бойынша ұсыныстар: мәтінді оқи отырып пысықта.....

-мәтінді оқи отырып себебін түсіндір....

Айтылым бойынша ұсыныстар: химиялық ыдыстарға ...жатады

- Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтадыңдар?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Химия кабинетіндегі жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін толықтырыңыз........

Үштілділік: спиртшам – spirit lam, газ горелкасы – gas burner, лабораториялық тұрғы – laboratory tripod

Құндылықтарды

дарыту


Қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, өмір бойы оқуға дайын болу, денсаулық және айналасындағыларға қамқорлық көрсеу, техника қауіпсіздік ережесін сақтау


Пәнаралық байланыстар

Физика және жаратылыстану пәндерінде техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Бастапқы білім

Химия пәніне кіріспе. Химия,жаратылыстану кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі алғашқы нұсқаулықтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушыларды түгендеу. Спиртшам, газ горелкасы, зертханалық тұрғы суреттері арқылы топқа бөлемін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет