1 – тапсырма. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы «Өсімдік ағзасындағы жапырақтың қызметі» тақырыпшасын оқып шығып, осы тақырыпшаны ашатын сөздерді кір жайғандай іліп шығасыңдар.
М: қоректену, минералды қоректену, ауа арқылы қоректену, басты 3 қызмет атқарады, фотосинтез, судың булануы, газ алмасу т.б.
2 -тапсырма. (Жұптық жұмыс) Оқушыларға жапырақтың көлденең қимасының «мылқау» суретін таратып беремін. Тақтаға барлық бөліктері белгіленген шағын сурет ілінеді.
Әр жұптағы оқушылар кезектесіп шығып, тақтадағы суретті зерттейді. Орнына қайтып келеді және өзінің жұбына бір немесе бірнеше белгілерді түсіндіреді.
Экранда суреттің түпнұсқасы көрсетіледі және жұптарға өздерінің сызбасымен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын бағалауды ұсынамын.
1. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы бейнеленген.
(а) Жапырақтың ішкі құрылымдарының атауын кестеге толтырыңыз.
(Жж) Оқушыларға жапырақтың компоненттерінің қызметтері жазылған карточкалар үлестіремін. Оқушылар карточкаларды белгіленген «мылқау» суреттің белгілерімен сәйкестендіреді.
(b) Төмендегі құрылымдардың қызметін сипаттаңыз.
№
|
Құрылым атауы
|
Атқаратын қызметі
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
Бағалау
Критерийлер
|
Дескриптор
|
Жапырақтың ішкі құрылысы
|
жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды;
|
Жапырақтың қызметі
|
жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды.
|
3- тапсырма. Топтық жұмыс «Қара жәшік»
Қара жәшік ішіндегі сөздердің мағынасын ашу.
Транспирация. Фотосинтез. Температура. Еріген заттар.
4- тапсырма. Өсімдік тасымалдау жүйесінің сызбасы берілген.
Жапырақ
1
2
Тамыр
|
1
|
2
|
А)
|
Тек су
|
Органикалық заттар
|
В)
|
Органикалық заттар
|
Тек су
|
С)
|
Су мен минералды тұздар
|
Қанттар
|
D)
|
Қанттар
|
Су мен минералды тұздар
|
Жауабы:
5 - тапсырма. Жүйке дегенді қалай түсінесіңдер?
Жапырақтың қағаздан қиылған үлгісіне жүйкеленуін сызып, түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |