Сабақ мақсаттары



Дата24.05.2017
өлшемі53,8 Kb.
#16813
түріСабақ

Сабақ:

Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің есімі: Ахметова А.Ә.

Сынып: 5»ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: -

Тақырыбы

С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» романнан үзінді

Сабақ негізделген оқу мақсаты: Шығарма мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні   меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, үзінді   арқылы   Ақан сері өмірімен    танысу;




Оқушылардың басым бөлігі: Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашады;



Кейбір оқушылар: «Ақырғы бәйге» оқып, мазмұнын түсіну;

Тілдік мақсат:

Оқушылар (істей алады) «Ақырғы бәйге» оқып, мазмұнын түсінеді;

кейіпкерлерімен танысады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Атбегі,сыншылық өнер,ұлттық өнер, пырақ,баран.



Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Кесте, салыстырмалы мінездеме беру, пікірталас.

Талқылауға арналған тармақтар:

«Ақырғы бәйге» шығармасының бөлімдерін оқып, мазмұнын түсіну;



Неліктен екенін айта аласыз ба?

Оқушының мәтінді меңгеруі үшін шығарманы толық оқу қажет.



Жазылым бойынша ұсыныстар. Эпитет, теңеу, метафораларды тауып жазғызу

Алдыңғы оқу (үй тапсырм.)

Қызығушылықты ояту. «Құлагер» әнін тыңдау.Ж.Елебеков.
Сұрақ-жауап:
М: Балалар, бұл әннен қандай әсер алдыңдар?
М: Құлагер аттың трагедиялық жан- күйін шығармамен танысу арқылы көз жеткіземіз.



Жоспарланған уақыт



Басталауы

Ой  шақыру стратегиясы  бойынша Ақан  сері  өмірі  туралы  мәлімет  беру.

Ақан сері өмірі  туралы не  білеміз?

Неге Ақанды  сері  деп  атған?

Сал, сері деген не?

Ақан серіден  басқа  қандай серілік  құрған  ақын -жырауларды  білесіңдер?

                               Атақты сері, әнші

 

    Ақан сері

                                саяткер                                                                                       құсбегі                

                             сазгер                                                                                          ақын

Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан  алынып  отырған  бұл  үзіндіден  атақты  әнші,  ақын,  сазгер,  саяткер,  құсбегі  Ақан сері мен Құлагер  тағдырының  ең  бір күрделі де  қайжылы  кезімен  танысасыңдар.

Оқиға Ереймен  өңіріндегі  атақты  паң  Нұрмағанбет  болыстың  тоқсанға  келіп  өлген  әкесі  Сағанайға  берген  асында  болғандықтан  әңгіменің  өзегі  нақты  тарихи оқиғаға  құралған.



Әңгімені меңгерту.Топпен жұмыс.

1-топ: 2-топ: 3-топ:4-топ:5-топ:6-топ. Үзіндіні  бөлімдерге  бөліп,әр  бөлімге  тақырып  қойып,  жоспар  құрыңдар.

Түсінгендерін постерге түсіреді.Қорғайды.


Ортасы

2-тапсырма:

Күреңбай сыншы «Мынау бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты.

Ат үстінде  неше  түрлі  өнер  көрсетіп,  сырнай  тартып  жүрген  бала  кім?

Мөңкеге Ақан неге «Байқа  бала  Құлагерді  тым  қыспа, шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  көрме,  жел  жағында  отыр» деді?



3-тапсырма:Жұптық жұмыс. Жазушы  қолданған  үздік  эпитет,  теңеу, метафораларды  дәптерге  жазу.

Үзіндідегі сыншылық  өнер,

той  жаршысының өнері, 

атбегі  баланың  өнері сияқты қазақтың  ұлттық  өнерінің  әрбірін  жекелей  сипаттап  жазыңдар.

І топ – теңеулерді табу

ІІ топ – эпитеттерді табу



ІІІ топ – метафораларды табу

Аяқталуы


«Бүгінгі сабақтан не үйрендім?»

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Біз не білдік?

- Сабақтан қандай әсер алдым?

- Маған не ұнады? Менің өзіме ұнаған әрекетім қандай?

- Қандай ұсыныс айтар едің?

- Қандай кемшілік болды? Бізге не қиындық тудырды? Мен нені істей алмадым?

- Біз неге қол жеткіздік? Әрі қарай не істеуге болады?

Үй тапсырмасы. Мертіккен Құлагердің  және Ақанның  трагедиялық  жан – күйін  жазушы  қалай  суреттеген?  Тауып  оқу  және  жаттап  алу.

Рефлексия.Көңіл-күй барометрі.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет