Сабақ Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп»



Дата22.05.2017
өлшемі51,05 Kb.
#16552
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: «Аяз би» ертегісі, 1-сабақ


Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Смаилова С.Т.

Сынып: 5«А»


Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ мақсаты

«Аяз би» ертегісінің мазмұнын меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

  • Ертегі мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Ертегі мазмұнын баяндап береді.

  • Кейіпкерлерді жағымды, жағымсыз қасиеттері бойынша жіктей алады.

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере біледі.(тапсырманың шартын талдайды, ережелерді біледі,сөздерді таба біледі, қорыта алады)

Кейбір оқушылар:

● ертегі мазмұнын толық меңгереді, шығарманы талдай алады,ой қорыта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Алған білімдерін қолданады;



Өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Аяз би, адамның жаман және жақсы қасиеттері, хан, уәзір

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:




Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу


«Ер Төстік» ертегісі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2 минут



10 минут

  1. Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу,

  1. Сынып оқушыларын топқа бөлу( «Капитан» бойынша )

  2. Үй тапсырмасын сұрау (Сұрақ-жауап әдісі бойынша, ыстық орындық әдісі)



Үлестірмелер

Ортасы
30 минут


1.Топтық жұмыс «Жигсо» әдісі арқылы ертегі мазмұнын меңгерту. Жоспар:

1.Хан тапсырмасы.

2.Жаманмен кездесу.

3.Тұлпардың сыны.

4.ГауҺар тас сыры.

5.Меңді қыздың шарты.

6.Жаманның сертке беріктігі.

7.Барсакелмес уақиғасы.

8.Аяз би.
Топқа бөлінгеннен кейін әр топ 5 рөлді анықтап алады: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы. Жұмыс төмендегідей жоспармен өтіледі. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып,талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын толтырады.

Бақылаушының бақылау парағы



Бағалау өлшемдері

Лидер

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа ат салысу













Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірін талдау.

  1. 2. Ертегі мазмұны бойынша топтарға тапсырма беру.

І топ- басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жаз «Теріп алу» стратегиясы;

ІІ топ - Диалог құрау сурет бойынша

ІІІ топ- Ертегі желісі бойынша сұрақ дайындау

V топ- Сурет салу

3.Әр топқа ойларын айтқызу, дәлелдеу.

4. Оқулық, сөздік дәптермен жұмыс.



Ғаламтор жүйесі

5 сынып оқулығы

АКТ құралдары( интербелсенді тақта, компьютер, слайд,)


Аяқталуы

Үйге тапсырма

2 минут


Бағалау 1 минут

1. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына  бағалату;

2.  Берілген бағалау парағына  топ басшысының бағалауы бойынша бағаларын қоюын қадағалайды.

3. Кері байланыс «Даналық ағашы» арқылы

Үйге тапсырма.

1. Ертегі мазмұнын толық игеру, жоспар құру.



бағалау парағы

Қосымша ақпарат электрондық оқулық. Түйін жасады. Салыстырады. Дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет