Сабақтың басы
|
Жануарлар суреттері арқылы оқушыларды төрт топқа бөлемін.
Оқушылар «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. «Экожүйе», «биосфера» деген түсініктерге анықтама беріңдер.
2. Сукцессия дегеніміз не?
3. Экологиялық сукцессияның пайда болу себептерін атаңдар.
4. Өздігінен реттелуге қабілетті тұрақты экожүйе қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет екеніне болжам жасаңдар.
5. Экожүйенің бұзылу себептері мен қалпына келу үдерістері туралы пікірлеріңді айтыңдар.
Ой қозғау:
Оқушыларға Арал теңізінің әр жылдағы суреттері көрсетіледі.
Арал теңізінің адам шаруашылық әрекетінен тартылу себептерін айта отырып, оқушылар адами немесе антропогендік фактордың табиғатқа қандай әсері бар екеніне тоқталады.
Оқушылар айтқан мәліметтерді қорытындылай отырып, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу.
|
Жануарлар суреттері
Интербелсенді тақта ,термин жазылған парақтар.
Суреттер
|