Сабақ Мұғалім: Әдей ж сынып: 10 "А" Тақырыбы «Теңге-тәуелсіздік нышаны» Мақсаты



бет4/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,92 Mb.
#18769
түріСабақ
1   2   3   4

Теңге –шоу ойыны
Теңге –шоу бағдарламасы:

І кезең  «Кім білгір?» (1000 теңге)

ІІ кезең «Танымдық сұрақтар» (2000 теңге)

ІІІ кезең – «Әлем елдері валютасын білесің бе?» (5000 тенге)

І кезең  «Кім білгір?» (1000 теңге)

І кезең  «Кім білгір?» (1000 теңге)

  1. Өзге тауарлардың бағасын білдіретін әмбебап тауар - ақша

  2. Тауар үшін сұрайтын ақша көлемі – баға

  3. Құнды қағаз ол- акция

  4. Банк баспана алуға қарыз берген адамды – борышкер

  5. Белгілі уақытқа бекітілген кіріспен шығыстың есебі – бюжет

  6. Шетелдік тауарларды елге әкелу қалай аталады – импорт

  7. Жалпы оның міндеті ұйымның қарыжылық құжаттарымен айналысу – есепші

  8. Ақша қабылдайтын және беретін апарат банкамат


ІІ кезең «Танымдық сұрақтар» (2000 теңге)

  1. Қай қалада банкнот фабрикасы ашылған? (Алматы.)

  2. Оның нәтижесінде ақша құнсызданады –инфлияция

  3. Қазақстан монета сарайы қай қалада орналасқан – Өскемен 1992ж

  4. ҚР ақшасы қай жылы, қай күні, қай қалада шықты? 12 қараша 1993 жылы, Лондонда

  5. Еркін экономикалық кеңістікке қай елдер кіреді? – Қазақстан, Ресей, Беларусь

  6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Бишімбаев Қуандық Уалиханұлы

ІІІ кезең – «Әлем елдері валютасын білесің бе?» (5000 тенге)

Ресей ___________ рубль


2. Қытай ___________ юань
3. Қырғызстан ___________ сом
4. Өзбекстан ___________ сум
5. Үндістан ____________ рупий
6. Германия _____________ марка, евро



V.Қорытындылау

Жинаған тенгелерінің санын шығартып жеңген топқа конверттігі Елбасының суреті бар 10000 тенге беру.теңгемания бағдарламасының теңге –шоу айдарына белсене қатысқан топ.... сіздерді құтықтай отырып, Бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып отыр, дүние жүзінде біздің пікірімізді тыңдап, құлақ асады Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен барлық жетістігі Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Ә. Назарбаевтың тұлғасымен тығыз байланысты".  Сонықтан Елбасының портреті 10000 дық банкнотқа салынуы өте дұрыс. Осы он мың теңге сіздердің жеңістеріңізге.

Білу, түсіну, қолдану.

VI. Үйге тапсырмасын беру

Теңге – мемлекет келбеті...” эссе жазып келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Алғы сөз

2017 жылғықарашаның 28-де Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №3 ОДБАММИ 10 «А» сыныбында «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты,Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі іс- шара Қазақстанның басты атрибуты - ұлттық валюта теңгеге арналған жоспар шеңберінде облысқа «Теңге-тәуелсіздік нышаны »атты тәрбие сабағын өткіздім. Тәрбие сабаққа сонымен қатар қонақ ретінде «Сбербанк» АҚ бас менеджері Аслан Қазжанов қатысып, төл теңге туралы қызықты ақпараттар айтып берді.

Тәрбие сабақтың мақсаты:болашақ ұрпақ бойына төл теңгеміз тарихын сіңіре отырып......

Материалдар



Тәуелсіздіктің әр нышаны құнды

Толығырақ



 

Құрылды 03.12.2016 12:13



Категория: Жаңалық

Облыстық  №3  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары «Теңге – тәуелсіздік нышаны» ашық сабағынан өздеріне көп мағлұмат алды.

Сабақтың басты мақсаты – Ұлттық теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру. Мектеп-интернаттың 10 «а» сыныбының оқушыларымен өткен сабақта тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл оқушыларды топтық жұмысқа тартып, ойын, викториналар өткізді. Танымдық сипаты мол іс-шараға «Сбербанк» АҚ бас менеджері Аслан Қазжанов қатысып, төл теңге туралы қызықты  ақпараттар айтып берді. Сабақ барысында осы сыныптың оқушылары да өз ойларын, білімдерін ортаға салды. Солардың бірі – Арман Тайжан.


– 14 жылға дейін теңгенің өзіне тән таңбасы болмады. 2006 жылы Ұлттық валюта белгісін анықтау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі арнайы байқау жариялады. Оған 30 мыңға жуық сурет келіп түсіпті. Сол суреттердің арасында біреуі ғана таңдалып, 2007 жылдың нау-рыз айында ресми түрде бекітілді. Оның авторлары Вадим Давиденко мен Санжар Әмірханов. Ерекшелігі сол теңгедегі жазу қазақ және орыс тілдерінде кескінделген,–деді ол.     
Негізі «теңге» ұғымының дүниеге келуі кездейсоқтық емес. Осыдан алты ғасыр бұрын біздің аумақта өмір сүрген халықтар ақшаны «танга» немесе «тенга» деп атаған екен. Ұлттық ақшамыздың атауын ойлап табуда да түрлі пікірталастар болды. Сол кезде тіпті, «алтын» атауын ақшаға пайдалануды ұсынғандар да болса керек. «Данга», «ділда», «танга» тағы басқа көптеген атаудың арасынан «теңге» алға шықты. Осындай танымды әрі мәнді мағлұматқа толы тағылымы бөлек ашық сабақта оқушылар төл теңгеміз туралы өз білімдерін толықтыра түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ
Каталог: uploads -> doc -> 0e35
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e35 -> Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі Ілік септік Сабақтың мақсаты
0e35 -> Сабақтың тақырыбы: Нысандарды іздеу. Нысандарды көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс
0e35 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы:Қатынас Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы:«Бауырсақ»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет