Сабақ МҰҒалімге ақпарат  Тақырыбы: Кіріспе



бет16/18
Дата07.07.2017
өлшемі2,29 Mb.
#20732
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Жауабы:

2 сабақ




МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




• «Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік»

Мақсат:

Білімдік

Білім

• Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.

Түсінік

• Натурал сандардың бөлінгіштігіне мысалдар келтіре отырып, түсіндірмесін беріп, қорытынды шығарады.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік ережелерін қолданып, есептер құрастырып, оларды шығарады.

Талдау әрекеті

• ЕҮОБ және ЕКОЕ мысал келтіріп, олардың мағынасын ажыратады.

Шығармашылық әрекет

• «Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу» тақырыптарын пайдалана отырып, ЕҮОБ және ЕКОЕ табудың алгоритмін ойлап табады.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• «Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» тақырыбын қайталау сабағының 6-сыныпта жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Оқыту әдісі:




• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Натурал сан, жай және құрама сандар, ЕҮОБ және ЕКОЕ.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.


Ақпарат көздері:




1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010ж. 400 б.

2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер,

З. Жұмағұлова. Алматы: Мектеп, 2010. 3-9-б.

3. Алдамұратова Т.А, Байшоланова Т.С. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. -400-б.

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 144-б.

5. М-29 Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.



Оқушы жетістігін бағалау:

• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша (бонус) баға ШӘ блогы үшін беріледі.







САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың бөлінгіштігі.

  2. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

  3. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселіктерді табудың алгоритмі.

Слайдтар:

1- слайд

1 тақырыпша


Жай сандар

Құрама сандар

1 саны


Натурал сан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет