САБАҚ: Ағаш ек
С.Шаумаханов
|
МЕКТЕП: Петерфельд орта мектебі
|
Күні: 16.02.2016ж
|
Мұғалімнің есімі: Молдагожина Р.Д.
|
СЫНЫП: 4
|
Қатысқандар саны: 15
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
1.Ағаштардың табиғатқа, адамзатқа тигізетін пайдасын біле отырып мәтінді түсініп оқу.
2.Отан мен туған жеріміздің табиғатын әрқашан аялау, қорғау, сақтай білуге баулу, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар:
|
*Ағаштың адам өміріне пайдасын түсіне біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
*Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
|
Кейбір оқушылар:
|
*Ағаштардың емдік қасиеттерлері туралы өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады. (қайың)
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіре алады. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Бас иіп, тәжім ету – құрмет көрсету
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
1. Ағаштардың қасиеті
|
2. Ғұлама ғалымның сөзі
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
- Туған жерді бағалау деген не?
|
- Адамзат ағашсыз өмір сүре алар ма еді, қалай ойлайсың?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Ағаш сөзіне синквейн құрастыр
Мәтін мазмұнына сай мақал- мәтел жаз.
(Доссыз адам – жапырақсыз ағаш.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.)
|
Алдыңғы оқу
|
«Наурыз» тақырыбына эссе жазу
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертаелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
|
|
|
1.Психологиялық ахуал туғызу
Алақанмен айналаға
Шуақ нұрын шашайық,
Сәттілік тілеп күлімдеп
Біз сабақты бастайық.
2.Топқа бөлу (тамыр, дің, жапырақ суреті арқылы)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қадам әдісі»
|
АКТ (музыка жіберу)
Ағаш мүшелері салынған кеспе қағаздар
|
Ортасы
|
III. Мағынаны тану кезеңі
|
|
|
АКТ «Ағаштардың пайдасы» бейнекөрсетілім көрсету
Мәтінмен жұмыс.
«Араласқан оқиға» әдісі.
Оқушыларға мәтін үш бөлікке бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқи отырып, оқиға желісіне қарай ретін тауып
әңгімелейді.
«Неліктен» әдісі:
- Неліктен ағашты дүниеде теңдесі жоқ байлық деп атайды?
- Неліктен бір ғұлама ғалым ағаштарға бас иіп, тәжім ету керек деген?
- Неліктен мәтін «Ағаш ек» деп аталады?
- Неліктен жапан түздегі жалғыз ағашты киелі деп санаған?
Сергіту сәті
Көркем табиғаттың аясында тұрайық.
Биік- биік жартасқа өрмелеп шығайық,
Көк аспанның таза ауасын жұтып дем алайық.
Ағаштар боп тербелейік,
Мөлдір бұлақ боп ағайық,
Құс болып қалықтап ұшайық,
Орнымызға ақырын ғана қонайық.
|
АКТ
оқулық
|
|
«Дәптермен жұмыс»
Ой толғау
Топпен жұмыс
1 топ – Қазақстандағы ұлттық бақтарды тізіп жазыңдар.
2 топ - Қазақстандағы қорықтарды жазыңдар.
3 топ - «Ағаш» сөзіне синквейін құрастыр
|
|
Аяқталуы
|
«Мен – саған, сен - маған» стратегиясы
1 топ – Ағаштың образына еніп, ағаш кейпінде сөйлеу (ертегі құрастыру)
2 топ – Ағаш отырғызудың қажеті бар ма?
(диалог құрастыру)
3 топ – Ағашты қорғауға сен қандай үлес қосасың?
Бағалау
«Табыс баспалдағы», «Бағалау картасы» бойынша бағалау
|
|
Қосымша ақпарат
|
Мұны да біліп ал!
Дүниежүзінде ең ұзақ тіршілік ететін ағаш- секвойя (5000 ж), ең жуан ағаш- Африкалық баобаб (діңі жуандығының диаметрі 9 м), ең биік ағаш Солтүстік Калифорниядағы- гиперион.Оның биіктігі 151, 61м.
|
|
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылықтарын арттыратын деңгейлік тапсырмалар беру арқылы
|
«Табыс баспалдағы», «Бағалау картасы» бойынша бағалау
|
Дүниетану
Табиғатты қорғау
ережелерімен таныстыру
АКТ – байланыс
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сынып тағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?
|
Сабақ туралы өз пікірінізді жазыңыз.
Сіздің сабағыңызды тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап жазыңыз.
«Даналық ағаш» қызыл алма- түсіндім
жасыл алма – көмек керек
|
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
СКО. Қызылжар ауданы