Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады



бет119/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ

Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Жүйке жүйесіне әсер ететін жағымсыз факторлар. Спиртті ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Спиртті ішімдіктерге мидың нәзік жүйке жасушалары өте сезімтал. Қанның құрамындағы спирттің тіпті аздаған мөлшерінің өзі алдымен жасушаларды наркоз күйіне келтіреді, содан кейін улайды. Ал созылмалы маскүнемдік болған жағдайда ми жасушаларының бір бөлігі өледі. Нәтижесінде мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, зейін, ойлау процестеріне зақым келеді. Спиртті ішімдік бүкіл мүшелерге кері әсер етеді. Ол қандағы ге- моглобин мөлшерін төмендетеді, эритроциттерді бұзады, организмдегі витаминдердің сіңірілуін азайтады, асқазан мен өңештің сілемейлі қабығына зиян келтіреді, жүрек бұлшық еттерінің май басып, оның дұрыс қызмет атқаруына кедергі жасайды. Жас адамның организмі спиртті ішімдікке ерекше сезімтал болып, аз мөлшердің өзі жас организмді улауға жеткілікті болады. Мас болу ішімдіктің қандағы концентрациясына тікелей байланысты. Ішімдік мөлшері қанда неғұрлым көп болса, ми қыртысы соғұрлым мидың басқа бөлімдерін басқара алмайды.
Ішімдікті үнемі пайдаланатын адамдар маскүнемдік ауруына шалдығады. Жасалған қылмыстардың 50%-ы спиртті ішімдік ішумен байланысты екені дәлелденген. Маскүнемдер отбасы қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейді. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмейді, жұмыс істеуге ынтасы болмайды.
Темекі шегу де жоғары жүйке жүйесінің әрекетіне зиян келтіреді. Никотин – қан тамырларын күрт тарылтып, қан қысымын арттыратын күшті у. Никотин миға зиянды әсер етеді, есті және зейінді нашарлата- ды, жасына жетпей қартаюға себепші болады. Темекі шегу, әсіресе жас ағза үшін өте қауіпті. Бірде-бір темекі зиян келтірмей қоймайды. Темекі шегуді бала жастан бастаған адам ағзаға соншалықты зиян келтіреді. Адам денсаулығына және бүкіл қоғамға есірткілік заттарды пай- далану өте қауіпті болып саналады. Есірткілік заттар миды улайды. Есірткі пайдаланатын адамдардың жоғары жүйке әрекетіне – ойлау, есте сақтау, зейін, сөйлесу процестеріне зиян келеді. Мұндай адам жігерсіз болып, өз әрекетіне жауап бермейді. Көптеген елдерде есірткілік заттарды ұстау және оны тарату қатаң түрде заңмен қудаланады. Жоғары жүйке әрекетінің қалыпты болуы – адам денсаулығының басты көрсеткіші. Жоғары жүйке әрекетінің зақымдануына жол бермеудің басты шарты – саламатты өмір сүру салтын ұстану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет