Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Берілген мәтіндерді балалар оқып алады



бет20/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Стикердегі диалог» әдісі


(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

  1. Тірі ағзалар патшалығын сипаттаңдар.

  2. Жүйелеу маңызы туралы айтыңдар, оның мақсаты мен міндетін нақты- лаңдар.




Оқулық.
Кеспе мәтіндер.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.



Ортасы
10 минут

Қолдану
Тіршілік дүниесінің жалпы сипаттамасы. Ең ірі көпшілік мойындаған жүйелеу категорияға патшалық жатады. Сендер осы оқу жылында тіршіліктің негізгі 5 патшалығы: прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлармен танысасыңдар.
Прокариоттарға барлық бактериялар жатады. Олардың басты ерекшелігі – жасуша- ларында ядро жоқ. Сондықтан латынша pro
– алдыңғы, бұрынғы және kargon – ядро деген атаудан алынған. Сөзбе-сөз мағынасы – про- кариоттар ядроға дейінгі ағзалар. Олар біздің ғаламшарымызда ең бірінші пайда болды. Шамамен эволюция барысында олардан едәуір жетілген ядролық ағзалар – эукариоттар: саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар түзілген.
Барлық бактериялар – прокариоттар бір жасушадан тұрады. Олар колония – жасушалар топтары түрінде болуы мүмкін.
Бірақ олардың денелері көптеген жасуша- лардан тұрмайды. Яғни прокариоттар ешқашан көпжасушалы болмайды. Жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың денелері бір жасуша- дан да, көптеген жасушалардан да тұрады. Өсімдіктер патшалығына жасыл зат – хлорофилл көмегімен жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар жатады. Өсімдіктер қозғалмайды, сондықтан олар бүкіл тіршілік бойы өседі. Олардың жасушаларының құрылысының ерекшелігі туралы келесі бөлімде
қарастырамыз.
Жануарлар патшалығына жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар жатады. Олар құрамында қоректік заттар: нәруыздар, май- лар мен көмірсулар бар қоректі қажетсінеді. Жануарлар қозғалғыш, осы үдерісіне көп энергия жұмсайды. Өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылығы туралы кейін қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет