ҚБ: жетондар
ТВ шоу әдісі 2 топ Қызыл күлтелер
(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)
«Өсімдікқоректілер», «жыртқыштар», «өлексежегіштер» «тұтынушылар» деген түсініктерге анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.
Қоректік тізбек дегеніміз не?
(Қоректік тізбекке мысал құрастырыңыз)
«Биоалуантүрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.
1-реттік және 2-реттік консументтер дегендер кімдер?
Қоректік тізбек. Сызбадан көріп тұрғандай жануарлардың қоректенуін қамтамасыз ету үшін бәрібір өсімдіктер қажет. Тірі ағзалардың тұрақты жоғары дамыған бірлестігі өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды. Тіршілігін қамтамасыз ету үшін тірі ағзалар қоректік тізбек түзеді.
Қоректік тізбек – қоректік затпен энергияны бір-бірінен ретпен ала- тын тірі ағзалар тобы. Ең қарапайым қоректік тізбек: шөп шегіртке
торғай кезқұйрық (коршун).
Қоректік тор. Басқа қарапайым тізбекті де құруға болады: өсімдік тұқымы тышқан түлкі балдыр өсімдікқоректі балық жыртқыш балық және т.б. Бұлардың барлығы жай үлгі. Шынында табиғатта бір қорек типімен ғана қоректенетін ағзалар болмайды. Шегірткенің өзі бірнеше шөп түрін, ал шегірткені торғай ғана емес, кірпі, құстардың басқа түрлері жейді. Сондықтан шынайы табиғатта қоректік тізбек болмайды, оның орнына күрделі қоректік тор түзіледі. Қоректік тор – әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
Білім алушы
|
Жетон
|
оқушылар берілген терминдерді анықтайды;
|
Оқушылар берілген сұрақтарға мысал келтіре отырып жауап береді
|
Егер толық берілген 4 сұраққа жауап дұрыс берілсе, 4 жетон
|
Барлығы
|
4
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |