Сабақ 3
|
Сабақ өтілетін уақыт: 16.03.2015 ж.
Орны: 3-класс
|
Барлық оқушы саны:15
Қатысқаны:15
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
|
Сабақ тақырыбы
|
Кино және музыка.
|
Жалпы мақсаттар
|
Киноның түрлерін білу. Н.Тілендиев туралы мәлімет жинау. «Сарыжайлау» әнін әнін тыңдау, не елестегенін суретке салу.
|
Түйінді идеялар
|
«Біздің сүйікті дәрігер» фильмін режиссер Ш.Айманов ең алғаш қазақтың кинокомедиясы ретінде жарыққа шығарды.
|
Оқыту нәтижелері
|
Кино туралы және кинодағы музыкалар туралы біледі.
Кинода, мультфильмдерде ойналатын әуендердің әр түрлілігін біледі. Менің атым Қожа киносындағы Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін тыңдайды, елестету арқылы ойын суретке түсіреді. Қожаға хат жазады.
|
Дереккөздер
|
«Музыка» оқулығы Атамұра 2014ж
Суреттер
Слайдтар
Бейне фильмдер
Интернет жүйесі
|
Сабақ барысы
|
Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
(формативті, суммативті)
|
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
|
Топтастыру. (2мин) (кино түрлері бойынша)
«Дөңгелек үстел» әр топта оқушылар үй тапсырмасы бойынша әңгімелесу жүргізеді. (5 мин)
«Тілшілер» сұрақ-жауап.
Сергіту сәті «Ән айтайық». (5мин)
|
«Фантастика»
«Комедия»
«Деректі фильм» сөздері жазылған сөздер арқылы 3 топқа бөлу.
Өткен тақырыпта не түсінгендерін айқындау мақсатында «Дөңгеле үстел» ұйымдастырып, кино және кинодағы музыкалар туралы не білетіндері жайлы әңгемелесулерін ұйымдастырады.
Әр топтан бір-бір тілші сайлайды.
|
Әр топ өзара үй тапсырмасы бойынша әңгімелесіп, өткен тақырыпты естерінде қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын айтады. Топ басшысы сұраққа жауап берген оқушына бағалайды.
Сайланған тілшілер келесі топтарға ауысып отыру арқылы кино жайында, қандай киноларды көргенді ұнататыны жайында сұрақтар қояды, сұхбаттасады.
|
Өзара бағалау
Смайликтер
|
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
|
«Аялдама» әдісі. Әр топтан бір оқушы мәтінді оқиды, өз тобына
түсіндіреді. «Аялдама» әдісі бойынща келесі топтарға ауысып мәтінді түсіндіреді. (10 мин)
Бұрынғы кино
|
Қазіргі кино
|
Болашақтағы кино
|
|
|
|
Кестені толтырады. (6 мин)
|
Менің тарапымнан оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
1)Көркем фильмдерде музыка қандай рөл атқарады?
2) Ең алғашқы фильмдер қандай болған?
3) Киноның қандай түрлері болады?
Оқушыларға ақ парақтар таратылады.
|
Топ басшысы мәтінді оқып, өз тобына түсіндіреді де, келесі топтарға ауысып мәтінді тағы түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап беру арқылы кино туралы білімдерін нығайтады.
Оқушылар кестені толтырады, кір жайғышқа іледі.
|
Басбармақ
Үш шапалақ
|
3-кезең: Ой-толғаныс:
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
|
«Том мен Джерри» мультфильмінен үзінді бейнеролик көреді. (5мин)
Серіппелі доп.( Көрген бейнероликке байланысты бір-біріне сұрақ қою) (5мин)
Әңгіме құрау. (7мин)
|
Алған әсері жайлы сұрайды.
Оқушыларға ақ парақтар таратылады.
|
Көрген бейнероликке байланысты бір-біріне сұрақ қояды, оны талдайды, сезімдерін айтады.
Өздері ұнатып көретін
кино кейіпкерлері туралы әңгіме құрайды.
|
Х және О кестесі.
Жетістік критерийлері
(Мен көп білдім, мен көп білген жоқпын, мен аз білдім)
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
|
Н.Тілендиев туралы мағлұмат жинау. Киноның түрлері жайлы интернеттен іздеп келу. (1мин)
|
Рефлексия
|
(1мин)
|
Сабақ 4
|
Сабақ өтілетін уақыт: 18.03.2015 ж.
Орны: 3-класс
|
Барлық оқушы саны:15
Қатысқаны:15
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
|
Сабақ тақырыбы
|
Эстрада күнделікті бізбен бірге.
|
Жалпы мақсаттар
|
Эстрада ән өнері туралы білу. Эстрада бағытындағы әншілермен, эстрада жанрларымен танысу. Наурыз мерекесі жөніндегі білімін ортаға салу, «Құтты болсын әз-Наурыз!» әнін үйрену.
|
Түйінді идеялар
|
Эстрада жанрлары: 1) фальклорлық ән-халық әндерінің аранжировкасы;
2) Авторлық әндер-барлық орындаушының айтуына ыңғайлы әндер;
3) бард-әнін де, сөзін де өзі шығарып орындайтын әнші;
4) блюз-джаз әндері;
5) рэп-сөзбен тез орындалатын ән.
|
Оқыту нәтижелері
|
Эстрада ән өнері туралы біледі. Эстрада бағытындағы әншілермен танысады. Эстарда жанрлары туралы әр топ постер құрайды. Адасқан суреттерді құрау арқылы әншілерді тани түседі. Наурыз мерекесі туралы білімдерін ортаға салады. Б.Бейсенованың «Құтты болсын әз-Наурыз» әнін үйренеді.
|
Дереккөздер
|
«Музыка» оқулығы Атамұра 2014ж
Суреттер
Слайдтар
Фишкалар
Үнтаспа
Интербелсенді тақта
|
Сабақ барысы
|
Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
(формативті, суммативті)
|
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
|
Топтастыру. (2мин) («Дәстүр», «Наурыз», «Этрада» сөздері арқылы)
«ТВ» шоу жұлдыздар әлемі.
Әр топта оқушылар үй тапсырмасы бойынша жқлдыздардан сұхбат алады. (5 мин)
«БББ» кестесін толтыру.(3 мин)
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
(«Дәстүр», «Наурыз», «Этрада»сөздері жазылған сөздер арқылы 3 топқа бөлу.
Өткен тақырыпта не түсінгендерін айқындау мақсатында «ТВ» шоу» ұйымдастырып, жұлдыздардан өткен тақырыптар бойынша сұхбат алады.
67-69 беттегі жаңа тақырып мәтінін оқуға тапсырма береді. Оқушыларға ақпарақтар таратылады. Кестенің бірінші бағанын
|
Әр топ іштерінде жұлдыз сайлайды. Жұлдызбен үй тапсырмасы бойынша әңгімелесіп, өткен тақырыпты естерінде қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын айтады. Бір-бірін бағалайды.
Оқушылар мәтінді оқиды. Жаңа сөздермен танысады. «БББ» кестесін толтырады, қорғайды, кір жайғышқа іледі
|
Жұлдызды фишкалар
Бағдаршам
|
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
|
Адасқан суреттер (2 мин) (эстрада әншілерінің бет бейнесін дұрыс табу арқылы пазл құрастыру)
«Сүйікті әншілер» постер құрау. (5 мин)
Шашу шашу (сұрақ жазылған кәмпиттер) (5мин)
|
Оқушыларға ақ парақтар мен қоса эстрада әншілері мен әншілікке қатысы жоқ адамдардың қиынды суреттері таратылады.
Постер құрауға қажетті құрал-жабдықтарды беремін.
Оқушыларға Наурыз мерекесі қарсаңында сыныпқа қонақ келгендігі жайлы айтып, қонақты қарсы алуды өтінемін.
|
Оқушылар эстрада әншілері мен әншілікке қатысы жоқ адамдардың қиынды суреттерімен пазл құрастыру арқылы бет-бейнесін құрап шығады. Құраған суреттегі тұлға кім екенін тауып, ол жайлы қандай ақпарат білетінін сыныппен бөліседі.
Оқушылар эстрада бағытындағы әншілерді қаншалықты танитындығы, олардың әндері жайлы постер құрастырады.
Сыныпқа «Құтты қонақ» келіп, «Шашу» шашады. Шашу кәмпиттеріндегі сұрақтарға оқушылар жауап береді.
|
Смайлик
Басбармақ
Фишкалар.
1 дұрыс жауап-1 кәмпитке тең.
|
3-кезең: Ой-толғаныс:
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
|
«Сөзжұмбақ» (наурыз мерекесіне байл.) (6 мин)
«Әнші бала» (10 мин)
(Наурыз туралы ән үйренеді.)
Өрмекші торы. (2 мин) (Алған білімдерін қорытындылайды.)
|
Оқушыларға ақ парақтар таратылады.
Әннің мәтіні жазылған парақтарды таратамын.
Б.Бейсенованың орындауын үнтаспадан қосамын.
Алған әсері жайлы сұрайды
Оқушыладың қолына жіпті орау арқылы сұрақ қою.
|
Наурыз мерекесіне байланысты сөзжұмбақ құрастырады, аялдама әдісі арқылы сөзжұмбақтарын шешеді.
Оқушылар көз жүгірту арқылы мәтінді іштей жаттайды.
Оқушылар әннің орындалуын мұқият тыңдайды.
Үнтаспаға қосылып бірге орындайды.
Оқушылар жіпті басқа оқушыға лақтыру арқылы сұрақтарды өрбітеді, кері байланыс жасайды.
|
Смайликтер
Үш шапалақ
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
|
Ағылшынның «Битлз» тобы туралы мағлұмат іздеу. «Құтты болсын әз-Наурыз» әнін жаттау.
Эстарда жанрларына байланысты әндер жинақтау. (1мин)
|
Рефлексия
|
(1мин)
|