Сабақ өткізетін орын 11 қабаттың аудиториялары Пәннің аталуы



Дата18.02.2017
өлшемі373,51 Kb.
#10328
түріСабақ

ПОӘК 042-18-38-21/02-2013


№1 басылым 05.09.2013ж.


22-ші беттің 2-сі




Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы - Желдыбаева Балғын Сембаевна «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№1 хаттама, 11.09. 2013.

Кафедра меңгерушісі _______ п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.


2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

№1хаттама, 12.09. 2013.

Төраға ________ Батырова К.А.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды

№ хаттама, 2013 ж.

ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К.


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ


  1. Қолданылу аумағы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы мағлұматтар

  4. Оқу пәнінің мазмұны (модуль бойынша)

  5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы

  8. Әдебиеттер



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы деректер



  • Аға оқытушы, п.ғ.к. Желдыбаева Балғын Сембайқызы

«Физика» кафедрасы

  • Байланыс қатынасы - №1 оқу ғимараты, №1110 кабинет, тел: 77-33-58

  • Сабақ өткізетін орын – 11 қабаттың аудиториялары

  • Пәннің аталуы – «Физика»

  • Кредит саны – 3




    1. Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі (1- кесте)

Кесте 1 - Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі

1 кесте –


Курс


Семестр

Кредит

Дәріс

Зерт. (сағ)

Машық

сабағы


СӨЖО (сағ)

ӨЖ

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау түрі

1

2

3

30

15

15

30

45

135

Емтихан


2. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

2.1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы.



Физика

Механика. Кинематика. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер.

Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттық теориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталандырушы (стимулированное) сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсацияланған күй. Төменөлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.

3.2. Осы курстың мақсаты физика туралы мағлұматтар алулары керек;

3.3.Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.

3.4. Оқытудың нәтижелері:

Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі физикалық заңдылықтарлы, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде

термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,

- статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің

- техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.

3.5. Курс пререквизиттері: математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, аналитикалық геометрия және жоғарғы математика, векторлық және тензорлық анализ негіздері

3.6. Курс постреквизиттері: Электротехника, жылу техникасы.



  1. ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады.

Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде ғана пайдаланылады.

Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.


3. КУРС ФОРМАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ

Пәнді Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 3 рет жүргізіледі, ОСӨЖ уақытын қоса есептегенде. Курс форматы - аралас. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (1015 минут), дәріс (3540 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.

Практикалық сабақтар есептер шығару, схемалар сызу, өздігінен жұмыс жасау негізінде теориялық материалды тереңірек түсінуге және дағдырларды қалыптастыруға арналған.

Аудиториялық СОӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.

Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, біз жекелей немесе топпен қосымша түрінде СОӨЖ сабағын өткіземіз.

Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер біздің көмегінсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, СОӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.

Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймыз.

1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу және сабақ үстінде бір–бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймыз. Әр дәріске немесе зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +1 баллмен бағаланады, ал дәрісті немесе зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда -1 баллмен бағаланады.

Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға ала алмайсыз.

Әр өтелмеген сабақ тағыда қосымша -2 баллмен бағаланады.

2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғаннан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.

4. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

6. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

7. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

6. Қорытынды аттестация (емтихан) компьютерлік тестілеу арқылы өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі дұрыс. Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына қатал сәйкес келеді және барлық тақырыптарды қамтиды. Емтиханға дайындалу үшін ПОӘК-де тесттік тапсырмалардың мысалдары келтірілген.

4. БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзеге асырылады:

- ағымдағы бақылау (пәннің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)

- межелік бақылау (7 және 15 апталар)

- қорытынды бақылау (бір рет академиялық мерзімнің соңында өткізіледі – компьютерлік тестілеу түрінде емтихан)

Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және зертханалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с.

Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау.

Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. Қорытынды рейтінгті есептеуде баллдарды жинақтау принципі қолданады, яғни бірінші межелік бақылау алдында жиналған баллдар екінші межелік бақылаудың баллдарына қосылады. Сонымен, екінші межелік бақылау (МБ2) қорытынды болып есептеледі.

Студенттердің рейтингтерін есептеу кезінде жұмыстардың барлық түрлері есепке алынады:


  • сабаққа қатысу (СҚ);

  • ОСӨЖ орындау графигі бойынша (3-кесте);

  • аудиториялық бақылау жұмысын (АБЖ) орындау;

  • ауызша жауап беру (АЖ)

  • СӨЖ орындау жоспары бойынша (3-кесте) үй тапсырмасын (ҮТ) орындау

  • әр студентке өзіндік жұмысы (ӨЖ) графигі (3-кесте) бойынша реферат орындау;

  • курстық жоба графигін орындау;

  • басқа жұмыстары бойынша, мысалы жұмыспен өтеу (ЖӨ - отработка)

Әр студенттің рейтингі «идеалды студенттің» жетістіктерімен салыстырылып қойылады. Ол үшін топ тізіміне қосымша «идеалды студент» еңгізіледі. Берілген тапсырмалардың бәрін тиянақты орындаған студент жоғары рейтингке ие болады.

Емтиханға екінші межелік бақылаудың рейтингісі 50 % жоғары студенттер жіберіледі.

Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) келесі ереже бойынша анықталады: екінші межелік бақылау нәтижесі МБ2, % 0,6-ға (60 %)

көбейтіндісіне емтиханның нәтижесінің (Е, %) 0,4-ке (40 %) көбейтіндісі қосылу арқылы табылады, яғни.


Кесте 1 - Әріп эквивалентте, баллмен және процентпен



Пайыздық мөлшері

Әріптер жүйесі бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

95-100

А

4,0

Өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67




55-59

D+

1,33




50-54

D

1,0




0-49

F

0

Қанағаттанарлықсыз

-

I

NA

Бітірген жоқ

өтті

Р

-

Пәнді өтті



4. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (модуль бойынша)

2-кесте

Тақырыптын аты және мазмұны


Сағаттар

саны


1

2

Дәрістер

Дәріс № 1. Кинематика. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым үлгісі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының сипат-тамасы. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу.

Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың меха- никалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.



1


Дәріс № 2 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы. Релятивистік динамика.



1


Дәріс № 3 Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энер гиясы.

Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.



1


Доріс № 4 Статистикалық физика және термодина мика. Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Темпера-тураның молекула -кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Термодинамика негіздері. Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер.



1


Дәріс № 5 Тасымалдау құбылысы. Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасымалдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері. Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.

Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.



1


Дәріс № 6 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектикердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлектриктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаторлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.



1


Дәріс № 7 Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда іс-телетін жұмыс. Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.

1


Дәріс № 8 Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос.

Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Электромагниттік толқынның қасиеттері. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы.

Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу құбылысы. Оптикалық аспаптар. Фотометрия.



1

Дәріс № 9 Жарық толқындарының қасиеттері. Толқындық түйдек. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық толқындарының интерференциясы. Уақыттық және кеңістік когеренттік. Интерферометрлер.

Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография.



1


Дәріс № 10 Заттағы электромагниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Поляризацияланған жарықты алу әдістері.

Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Атомның сызықты спектрлері. Сәйкестік принципі



1


Дәріс № 11 Де Бройль гипотезасы. Микробөлшектердің дифракциясы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және анықталмағандық қатынасы. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Шредингердің уақытша және стационарлық теңдеуі. Бір өлшемді тік бұрышты шұңқырдағы бөлшек. Бөлшектің потенциалдық бөгеттен өтуі.Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі. Сутегі тектес атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлер ені. Кеңістіктік квантталу. Күрделі атомдардағы электрондық деңгейлердің құрылысы. Паули принципі. Сутегі молекуласы. Иондық және коваленттік байланыстар. Екі атомды молекуланың электрондық термдері. Спонтанды және еріксіз сәулеленулер. Лазерлер.

1


Дәріс №12 Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Нернст теоремасы және оның салдарлары. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектрер. Олардың анықтамалары мен түрлері.

Конденсацияланған күй. Құрылымдық кристаллографияның элементтері. Кристалдық құрылымдарды зерттеу әдістері Кристалдық торлардың жылу сиымдылығы. Фонондық газ. Кристалдардың жылу өткізгіштігіндегі өлшемдік эффект.



1


Дәріс №13 Металдардың электр өткізгіштігі. Токты тасымалдаушы квазибөлшектер. Кристалдардағы энергетикалық зоналар. Төмен өлшемді жүйелер. Ферми деңгейі. Ферми беті. Зоналық теориядағы металдар, диэлектритер және жартылай өткізгіштер.

Кемтік өткізгіштер түсінігі. Меншікті және қоспалы өткізгіштер. Асқын өткізгіштік құбылысы. Ферромагнетиктердің қасиеттері туралы кванттық көзқарастар. Алмаса әсерлесу. Кюри температурасы. Ферромагнетиктердің магниттелінуі.



1


Дәріс № 14 Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.

Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядролық реактор. Синтез реакциясы. Энергия көздерінің проблемасы.



1


Дәріс № 29 Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктер. Күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық өзара әсерлесулер. Өзара әсер лесуді тасымалдаушылар. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.

1

Машықтану сабақтары

Машықтану сабағы № 1 Материалық нүктенің кинематикасы, динамикасы.

1


Машықтану сабағы № 2 Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері.

1


Машықтану сабағы № 3 Тұтас орталар механикасының элементтері. Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер.

1


Машықтану сабағы № 4 Газ заңдары. Статистикалық таралу. Тасымалдау құбылыстары. Термодинамика негіздері. Реал газдар.

1


Машықтану сабағы № 5 Вакуумдағы тұрақты электр өрісі. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Электрсиымдылық. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тоғы.

1


Машықтану сабағы № 6 Тұрақты электр тоғы. Магнит өрісі.

1

Машықтану сабағы № 7 Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулер. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Айнымалы электр өрісі. Электромагниттік толқындар.

1


Машықтану сабағы № 8 Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Фотометрия. Жарық толқындарының интерференциясы.

1

Машықтану сабағы № 9 Толқындардың дифракциясы. Заттағы электромаг ниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы.

1

Машықтану сабағы № 10 Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Фотоэффект. Комптон эффектісі.

1

Машықтану сабағы №11 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі. Паули принципі. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Нернст теоремасы және оның салдарлары. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектер.

1

Машықтану сабағы № 12 Металдардың электр өткізгіштігі. Токты тасымалдаушы квазибөлшектер. Кристалдардағы энергетикалық зоналар. Төмен өлшемді жүйелер. Ферми деңгейі. Ферми беті. Зоналық теориядағы металдар, диэлектритер және жартылай өткізгіштер.

1

Машықтану сабағы №13 Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.

1

Машықтану сабағы № 14 Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядролық реактор. Синтез реакциясы. Энергия көздерінің проблемасы.

1

Машықтану сабағы № 15 Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктер. Күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық өзара әсерлесулер. Өзара әсерлесуді тасымалдаушылар. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.

1

Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақ № 1 «Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 2 «Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын зерттеу».

1

Зертханалық сабақ № 3 «Тұтас дөңгелектің инерция моментін және үйкеліс күшін анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 4 «Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

1

Зертханалық жұмыс № 5 «Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициеннтін анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 6 «Электростатикалық өрісті зерттеу»

1

Зертханалық сабақ № 7 «Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 8 «Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу»

1

Зертханалық сабақ № 9 «Френель бипризмасының көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 10 Малюс заңын тексеру.

1

Зертханалық сабақ № 11 «Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау»

1

Зертханалық сабақ № 12 «Сутегі атомын зерттеу. Ридберг тұрақтысын анықтау

1

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5. 1 Инерциалды санақ жүйесі.

5. 2 Консервативті және консервативтік емес кұштер.

5. 3 Резонанс. Автотербелістер.

5.4 Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары. 5.5 Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.

5. 6 Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

5.7 Өзара индукиця коэффициенті.

5.8. Динамиалық хаос..

5.9 Голография.

5.10 Поляризацияланған жарықты алу әдістері. .

5.11 Лазерлер.

5.12 Кристалдардың жылу өткізгіштігіндегі өлшемдік эффект.

5.13 Ферромагнетиктердің магниттелінуі.

5.14 Ядролық күштердің ауыспалы сипаты.

5.15 Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.



6. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3 кесте




Тақырыптар

Көрнектілік құралдар, ОТҚ, плакаттар, зертха-налық стендтер

Өздік оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

Дәріс сабақтары

Зертханалық сабақтар

1

2

3

4

5

Дәріс № 1. Кинематика.Айнал -малы қозғалыстың кинематикасының элементтері

Материалық нүкте-нің және қатты дененің динамикасы.. Салыстырмалылық-тың механикалық принципі.. Абсолют қатты дене түсінігі.



Қателіктер тео-риясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыз-дықтарын анық-тау.

Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозға-лыс заңдылықта-рын зертте».



Геометриялық дұрыс формалы денелер, микрометр, таразы.

Обербек маятнигі, жүктер, секундомер, сызғыш



Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы.




Дәріс № 2

Сақталу заңдары. Консервативті және консервативті емес күштер. Механика-дағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гиро-скопиялық эффект.

Арнайы салыстыр-малылық теория-сының элементтері.


Тұтас дискінің инерция мометін танықтау.

Зертханалық қондырғы

Консерватив-тік және консерватив-тік емес күштер.




Дәріс № 3 Тұтас орталар механика-сының элементтері.

Тербелістер мен толқындар



«Стокс әдісі көме-гімен сұйықтың тұтқырлық коэф-фициентін анық-тау»

«Тербелмелі қоз-ғалыс заңдылықта-рын зерттеу»



Зертханалық қондырғы

маятниктер, секундомер, өлшеуіш сызғыш



Статистика-лық физика және термо-динамика.

Тербелістер мен толқындар.






Дәріс № 4 Статистикалық фи-зика және термоди-намика. Термодина-мика негіздері.

«Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

Цилиндрлі және нүктелік өткізгіш-тер, гальванометр







Дәріс № 5 Тасымалдау құбы-лысы. Ван-дер-Ваальс изотерма-лары.

Электростатика. Электростатикалық өрістің жұмысы. Потенциал. Элек-тростатикалық өріс-тегі өткізгіштер. Электр сиымдылық. Конденсаторлар.



«Электростатика-лық өрісті зерттеу

Тангенцгальапано-метр, компос, реос-тат, кілт, ампер-метр, вольтметр

Магнит өрісі.

Заттағы магнит өрісі.








Дәріс № 6 Электростатикалық өрістегі диэлектрик тер. Тұрақты электр тоғы. Ом және Джоуль-Ленц заң-дарының дифферен-циалды түрі.

Уитстон көпірі арқылы кедергілерді анықтау

Зертханалық қондырғы







Дәріс № 7 Магнит өрісі. Магнит ин-дукциясы векторы.

Электромагниттік индукция құбы-лысы.



«Жердің магнит өрісінің кернеу-лігінің горизон-таль құраушысын анықтау»




Сәулелік оптиканың негізгі заңдары.

Жарықтың интерферен-циясы






Дәріс № 8 Максвелл теңдеулері. Электро-магниттік тербе-лістер. Тербелмелі контур. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік өріс үшін толқын-дық теңдеу. Сәуле

лік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Фотометрия.









Жарықтың дифракциясы

Жарықтың жұтылуы. Дисперсиясы.






Дәріс № 9 Жарық толқындарының қасиеттері. Жарық толқындарының интерференциясы.

Толқындардың дифракциясы.



«Френель биприз-масының көмегі-мен толқын ұзын-дығын анықтау»

«Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзынды-ғын анықтау»



Зертханалық қондырғы


Жарықтың поляризация-сы.

Жылулық сәулелену.






Дәріс № 10 Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық дисперсиясы. Жарық поляризациясы.

Жылулық сәуле-лену. Абсолют қара дененің сәулеле-нуінің проблема-лары. Фотоэффект. Комптон эффектісі.



Малюс заңын анықтау.

«Сыртқы фото-эффект құбылы-сын зерттеу. Планк тұрақтысын анықтау»



Зертханалық қондырғы.

Зертханалық қондырғы



Фотоэффект. Комптон эффектісі.




Дәріс № 11 Де Бройль гипотезасы. Толқындық функ-цияның статис-тикалық мағынасы.

Кванттық теория-дағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі.








Толқындық функцияның статистикалық мағынасы.

Сутегі атомы-на арналған Шредингер теңдеуі.






Дәріс № 12 Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыз-дығы. Квазибөл-шектер.

Конденсацияланған күй. Құрылымдық кристаллография-ның элементтері.









Квазибөлшек-тер.

Құрылымдық кристаллогра-фияның элементтері.






Дәріс №13 Металдардың электр өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Зоналық теориядағы метал-дар, диэлектритер және жартылай өткіз-гіштер. Кемтік өткізгіштер түсінігі. Меншікті және қоспалы өткізгіштер. Асқын өткізгіштік құбылысы.







Зоналық теориядағы металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер.

Асқын өткізгіштік құбылысы.






Дәріс №14 Атом ядросы. Атом ядро-сының құрылысы. Ядролық күштер. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі. Ядролық реак-циялар. Атом ядро-ларының радиоак-тивті ыдырауы.

«Сутегі спектрін зерттеу. Ридберг тұрақтысын және электрон массасын анықтау»

Зертханалық қондырғы

Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі.

Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы.






Дәріс №15 Элементар бөл-шектер.







Қазіргі физи-каның және астрофизика-ның негізгі проблемалары туралы түсінік.





7. ОҚУ-ӘДІСТЕМІЛІК ОҚУЛЫҚПЕН ҚАМТАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4- кесте




Оқулықтар,

оқу-әдістемелік құралдар

аттары


саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы

1

2

3

4

1.Абдуллаев Ж. Физика курсы.-А.1994

30







2.Т.И.Трофимова «Курс физики», М., 1999

190







3. Асқарова Ә.С. Молекулалық физика. Оқулық-А., 2006

20







4. Қойшыбаев Н., Шарықбаев А. Физика: Механика. Молекулалық физика және жылу. Т.1-А.., 2001

25







5.Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том: Механика. Молекулалық физика. Термодинамика.-А., 2001

30







6. Яворский Б.М. Основы физики. Учеб. В 2-х т. Т.1: Механика. Молекулярная физика. Электродинамика-М., 2000

7. т.2 Колебания и волны. Квантовая физика. Физика ядра и элементарных частиц. М., 2000



5

5








8. Савельев И.В. Курс общей физики. Т.1 .-М.,1987

263







9. Савельев И.В. Курс общей физики. Т.2 Электричество и магнетизм. Волны. Оптика.- М. 1988

150







10. Полатбеков П. Оптика - А., 1981

2







11. Жұманов К.Б. Оптика негіздері: Оқу құралы.- А.- 2004

5







12. Бейімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм: Оқу құралы.-А., 2004

5







13.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.

50







14. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.

50








8. ОҚУЛЫҚТАР

8.1 Негізгі оқулықтар

8.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

8.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

8.1.3. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М., Высшая школа, 1989 г.

8.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

8.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..

8.1.6 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.

8.1.7 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.

8.1.8. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық нұсқау, Семей 1990 ж.

8.1.9. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Методическое разработка по молекулярной физике, Семей 1991

8.1.10. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж.

8.1.11 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991



8.1.12.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.

8.1.13. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.


8.2. Қосымша

8.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах. Москва, Мир, 1981 г.

8.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.

8.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.



      1. Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения

задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

      1. Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.

8.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.

9. «ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Кесте 4 - «Физика» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрі

т

т

т

т

т

БЖ

МБ

т

т

т

т

т

т

БЖ

МБ

балл

5

5

5

5

5

5

70

5

5

5

5

5

5

5

70


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет