Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы
«Жанкелдин атындағы орта мектебі» ММ – сі
Ашық сабақ
Өткізген: Нұрбердиева Қарлығаш Дәулеталықызы
Сыныбы:6 Сабақтың тақырыбы: Көсемше
1.Оқушылардың көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой-өрісін, білім-біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
2.Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Әдісі: хабарлау, баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылықьты ояту, мағынанны тангу, ой-толғаныс.
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Көрнекілік:оқулық, әдістемелік, сызбалар, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
-Оқу құралдарын тексеру;
ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша:
Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
Есімшенің жасалу жолдары туралы?
Есімше сөйлемде қандай қызмет атақарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
Есімше туралы сөзжұмбақ, ребус, тестік жұмыстарын көрсетіліп, талданады.
ІІІ.Жаңа сабақ: Көсемше
1.Қызығушылықты ояту: /3 минут ішінде оқушыларға тіл туралы өлең жолдарын айтқызуға болады/
Менің тілім - Өзгелерден ерек тым
Тілім барда қысылмаймын, өжетпін!
Орыстардың шолақ келер сөздерін,
Қазақ тілмен кестеледім, көп еттім!
Өзге тілдің ұзақ сонар сөйлемін
Мақалменен нұсқа айтып дөп еттім!
2.Мағынаны ашу.
Есімше. Өткен шақ есімше.
Келер шақ.Ауыспалы келер шақ.
Өткенді қайталау.
Көсемше ережесі айталыды.
Көсемшенің жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -ғалы,-гелі
3.Топтастыр:
Етістік
Есімше
Көсемше
-йтын,-йтін
-ған,-ген,
-қан,-кен,
-ар, -ер, -р
-ғалы, -гелі, -қалы,-келі, -іп, -ып,-п,-а,-е,-й
Тапсырма /Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу/
Көп нүктенің орнына көсемшенің, есімшенің тиісті жұрнақтарын қой.
-Қайда бар ... отырсың?
-Сабаққа бір... отырмын.
-Маған неге келдің?
-Қазақ тілі оқулығын сұра... келдім.
-Мен ағлышынша үйрен... біраз болды.
-Ал мен 1-сыныптан бастап оқы... келемін.
-Жақында қандай мәтін оқыдың?
-Ана туралы оқы...быз
-Өлеңді жаттадың ба?
-Жоқ енді жатта... отырмын.
/Оқушылар тақтадағы кестеге жұрнақтарды /-ғалы,-гелі,-п,-гелі,-п,-ған,-п/ кезектесіп жалғайды./
5.Суретпен жұмыс:
Суретке қарап жазғы тау көрінісі мен қысқы тау көрінісі салыстыра суреттеңдер. Сөйлем ішінде есімше мен көсемшені қолданып, жұрнақтарының астын сызыңдар.
6.Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту:
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9,8,7,6
2.Көсемше қай сөз табынан жасалады?есімдік, етістік, зат есім, үстеу
3.Көсемшенің жұрнақтары:қан,-кен, ған,-ген, -ып,-іп,-п.
4.Көсемше тұлғасындағы сөз тіркесін тап: барған жоқ, айтып кел, ауылға кел, сабақты оқы
5.Көсемшенің жұрнақтары нешеу?5,8,9,10
6.Көсемше тұлғасындағы сөйлемді тап.
Жауға аттануға рұқсат сұрады.
Ақботаны да көргім келеді.
Абай мұны біліп жүр еді.
Үйге:
Ережені түсініп оқу.
130 беттегі 254, 255 жаттығуларды берілген үлгі бойынша орындау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |