Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет2/8
Дата19.12.2016
өлшемі1,01 Mb.
#4168
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

5-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз құрамы және мағыналарын қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама.

Жалпы мақсаттар

1. Білімділік мақсаты: Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу.
2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын молайту, өз ойларын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру, сауаты да көркем жазуға үйрету.
3. Тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Жеміс-жидектердің суреттерін пайдалана отырып, топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

«Арива» биі



Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді



Үй тапсырмасын сұрау


«Топтастыру» стратегиясы

Қаратпа сөз туралы не білесіңдер?



Қызығушылықты ояту

Сөз дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Қарама - қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сөз және оның құрамы туралы түсінік беріледі.
*Сөз тек дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
Осы ережені түсіндіріп, ұғындыру үшін 1 - жаттығу талданады.
Мәтін жазылған плакат тақтаға ілінеді.
• Мәтінде Алматы сөзі жеті рет кездеседі.
• «Алматы» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
• 7 санының киелі сан екендігі туралы айтылады.
«Тез өзгерт» ойыны
Шарты: әр топқа бір сөз жазылған парақша таратылады. Осы сөздерді өзгертіп айту керек.

2-жаттығу

Мағыналары бір-біріне жуық,бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тап.

3-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


Оқушылар мұғаліммен бірге жаттығады



Ой толғаныс


Сауалнама жүргізіледі.
1. Сөз неден құралады?
А) дыбыстан ә) буыннан б) екі сөзден в) сөйлемнен
2. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) силықтың ә) сыйлығ б) сыйлықтың в) сыйлықтің
3. Дұрыс құрылмаған сөйлемді белгіле
А) Ауылда тұрамыз біз.
Ә) Біздің үй тауға жақын.
Б) Мұғалім тапсырманы тексереді.
В) Менің атым - Есет.
4. Сөйлемді керекті сөзбен толтыр. Кәмшаттың құрбысы ------- келді.
А) Астаналар ә) Астанасы б) Астанадан в) Астананың

Үй тапсырмасы

5-ж,11-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы



6-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Зат есімді қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Плакаттар,шаблондар,ойыншықтар,суреттер. 

Жалпы мақсаттар

Зат есім бойынша түсініктері қалыптасқан,оның түрлерін ажырата алуға үйренеді. 
Табыс критериялары:зат есім болатын сөздерді мағынасы,грамматикалық белгісіне қарай талдай алуы,зат есімнің түрлерін анықтай алуы тиіс. 
Күтілетін нәтижелер:сөйлемде зат есімге сұрақ қойып таба біледі,түрлеріне қарай ажырата алады,тәуелдік жалғауынын тәуелдік ұғымды білдіретінін,үш жағы болатынын біледі. 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушыларға Раушан,Сарғаладақтар,Қызғалдақтар гүлдері үлестіріледі. Оқушылар алған гүлдеріне сәйкес 3-тоақа бөлініп отырады.

Ынтымақтастық атмосферасы

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Ережелерді қайталау. 

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Мысал ------ Зат есім ----- Сан есім ------ Сын есім -------- Етістік
алма
барды
жеті
қызыл
тарақ
оқыды
қоңыр
он

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Әр топқа үш-төрт зат есімнен жаз.

Суреттер ілінеді

• Қане, балалар бұл суреттер ненің атын білдіреді?


• Заттың атын білдіреді.
• Олай болса, сөзжұмбақтың тігінен қандай сөз тіркесі шықты?
Зат есім
• Шаңғы сөзіне - шы жұрнағын қосып жазамыз, қандай сөз шықты?
Шаңғышы
• Қандай сұрақ қоямыз? Кім?
Кім сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіреміз.
• Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Олай болса, біз бүгін тағы бір ұғыммен таныстық. Ол қандай ұғым?
Зат есім?
Зат есім дегеніміз не?

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

3-жаттығу

Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді жаз.

4-жаттығу

Тақтада орындау


Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.


Оқушылар денелерін шынықтырады



Ой толғаныс


Топтастыру «Сөз таптары»

Үй тапсырмасы

5,6 ж,13 бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау___Смайликтер_арқылы__7-сабақ'>Бағалау

 

Смайликтер арқылы



7-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Етістікті қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер, сөздер, үлестірмелі қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділігі: Етістік туралы берілген білімді талдау, бекіту. Сөйлемнен етістіктерді таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Белсенділігі мен ынтасын арттырып, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Көркем жазуға, адамгершілікке, табиғатты қорғауға, жан-жануарға деген қамқорлық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу




Ынтымақтастық атмосферасы

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.


Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Үйге қандай тапсырма берілді?
(Оқушыларға оқыту)

Қызығушылықты ояту

Балалар, тақтаға назар аударайық, мұнда өтілген материалдар бойынша сұрақтар бар. Оларды оқып, жауап бере қояйық.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Жалқы есім дегеніміз не?
3. Жалпы есім дегеніміз не?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1) Суретпен жұмыс
Атаға ағаш отырғызып көмектесу.
1. Ағашты не үшін отырғызамыз?
2. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
3. Өсімдіктің қандай мүшелерін білеміз?
1 - жаттығу
Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жазу.
Мал баққанда

2)Суретпен жұмыс


- Жарайсыңдар, балалар. Тағы да тақтаға назар аударайық.
Көктемгі мал жайылымы. Кішкене шопан балаға көмектесіп жіберейік.
1. Малдың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Олардың қандай пайдасы бар?
3. Малға байлынысты қандай тыйым сөздер білеміз?
2 – жаттығу
Күрделі етістікті дара етістікке айналдырып жаз.

3-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы


Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

 Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.



Оқушылар денелерін шынықтырады



Ой толғаныс


4-жаттығу

Сурет бойынша болымды,болымсыз етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрап жаз.



Керісінше оқып, сөз шығару.Оқушыларды 3 қатарға бөліп, әр қатарға төмендегі тапсырмаларды орындату
1 қатар ---------------------- 2 қатар ---------------------- 3 қатар
Сөйлем құрату. ----------- Буынға бөлдіру ---------- Дыбыстық талдау жасату.
Дархан ---------------------- Қыран ----------------------- Қала
Есек -------------------------- Мұз -------------------------- Бұлақ
Киім ------------------------- Қысым ---------------------- Сүт

Үй тапсырмасы

5-ж,15-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Смайликтер арқылы

8-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сын есімді қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақырыпқа арналған кесте, магнитті тақта, сызбалар, перфокарталар.

Жалпы мақсаттар

Білімділігі: Сын есімнен алған теориялық білімін тиянақтау.
Дамытушылық: Ақыл – ойларын, іскерлік белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Үш топ өздерінің аттарымен таныстырады.
І топ – «Алғырлар», ІІ топ – «Білімділер», ІІІ топ – «Зерек».

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр

(Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр

(Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)



Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың дәптерлері тексеріледі

Қызығушылықты ояту

1.Сын есім дегеніміз не?

2. Сын есімнің жасалуы туралы айт?


3. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата?
(мысалдар келтіре отырып айтады)

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топ. Мына сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларын жаз.

Күшті, биік, қысқа, үлкен.

ІІ топ. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін

бірнеше сын есім ойлап жаз.

Түрі, түсі:

Сыры, сипаты:

Аумағы, көлемі:

Дәмі, иісі:

Пішіні:

ІІІ топ. Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.



Қысқа – қысқа, көк ала, ап – аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп – тәуір, сұп – сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі – ұсақты.

Жұрнақ арқылы:

Күшейткіш буын арқылы:

Сөз тіркесі арқылы:

Қосарлану арқылы:


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді өздері байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жаз.

2-жаттығу

Сын есімдерді пайдаланып, күзгі табиғат көрінісін суреттеп жаз.

«Бүлдірген теру» ойыны арқылы.
Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз
Өнерпаз.............(сөйлем)
Әуесқой...............(ой)
Түйінді................(шопан) 
Таңдаулы............(адам)
Жасанды...........(бала) 
Сөзшең................(торқа)
Басыңқы............(суретші)
Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін түсіндір.
а) Көкірегі сезім...., тілі орам....,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә) Ерін.... адамның ертеңі бітпес.
б) Қаб.... иттің тұмсығына тор кигізген.

3-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз

4-жаттығу

Төмендегі сипаттамаларды бір сөзбен айт.

Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр.


1. Ешкімге еш нәрсесін бермейтін, беруге қимайтын адам.
2. «Тентек» сөзінің синонимі.
3. Заттың пішіні.
4. Заттың көлемі
5. Айтқанға сене алатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адам.
6. Малдың түсі.
7. «Ақ» сөзінің антонимі.
3 топқа үш тапсырма.
1. «Алғырлар» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
2. «Білімділер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
3. «Зерек» сөзіне лексика – грамматикалық талдау жаса.

Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).



Ой толғаныс


Шығармашылық саты
І топ. Сын есімді қатыстырып «Әсем табиғат аясында» тақыры – бына ойтолғау жаз.
ІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз.
ІІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз.

Үй тапсырмасы

5-ж,17-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет