Сабақ Пән: Дүниетану Орта мерзімді жоспар бөлімі



бет57/80
Дата20.05.2020
өлшемі1,16 Mb.
#69905
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
2 5240030576961914074

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6- тарау. «Атақты тұлғалар»

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Қазақ жерінің даңқты хандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: – хандардың қандай міндеттер атқарғанын біледі;

– атақты қазақ хандарының есімдерін атайды;

– олардың қалай танымалдылыққа ие болғандықтарын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар: Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.


Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады.

-қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

- Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.



Пәнге қатысты негізгі сөздер мен терминдер

• Көне түркі халқы

• Бумын қағанаты

• Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштері

• Қазақ хандығы

Бөгенбай батыр

• Әлия Молдағұлова

Қайрат Рысқұлбеков

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Көне түркілер қалай өмір сүрген?

-Алғашқы қазақ хандығы қалай аталған?

-Неліктен Жәнібек пен Керей ханға ескерткіш қойылған?

Жазуға берілетін тапсырмалар:

- «Көне түркі халықтарының шығу тегі» туралы әр оқушы аңыз құрайды

-«Менің сүйікті тарихи тұлғам» тақырыбына ой – толғау жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет