Өткенді қайталау.
Мұғалім оқушының даму дегейіне байланысты жеке тапсырма береді.
Оқулықтан № 4 (а) тапсырманы орындау барысында оқушылар бір бағытта кестенің сандық мәліметін қолданып, есеп құрастырады. Кестедегі жетпей тұрған мәліметтерді толықтырамыз: шамалардың өзара байланысы бойынша: сызбалық үшбұрыштың көмегімен түсіндіре отырып, «баға», «сан», «құн» туралы айту.
№4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің бірін шығарады.
№5 есеп жұппен орындалады. Есепті теңдеу құру арқылы шығару дағдыларын қолданады. Мынадай теңдеулер құрады: 325 + х = 900, 118 + х = 265
Оқулықтан №9 тапсырма оқушылардың функционалды сауаттылықтарының қалыптасуын тексереді, топпен орындалады, оқушылар қойын дәптерінде белгіленгендерімен кестенің толтырылуын тексереді. Топтағы бір оқушы аптаның бір күніндегі баланың қызмет түрінің дұрыс толтырылуын тексереді.
Өздік жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, олардың мәнін есептеп және көптаңбалы сандарды салыстыру алгоритмін қолданып, екі есептің мәнін салыстырады.
|